Accessibility links

Дінтанушының онлайн-конференциясы


Дінтанушы Бейбіт Сапаралы. Алматы, 31 қазан 2012 жыл.

Дінтанушы Бейбіт Сапаралы. Алматы, 31 қазан 2012 жыл.

Азаттық сайтында дінтанушы Бейбіт Сапаралымен Google+ Hangout желісі арқылы онлайн-конференция өтті.

Бейбіт Сапаралы 1962 жылы дүниеге келген. Жазушы, дінтанушы, публицист, мәдениет қайраткері. «Адалбақан», «Құнанбай қажы», «Байшөгел», «Президенттiң балалық шағы» атты кітаптардың авторы.

Оқырманнан 40 шақты сұрақ түсті. Дені Қазақстандағы ислам ағымдары, мүфтият қызметі, "сопылар ісі", "антитеррорлық операциялар" туралы.

Қазақстандағы ислам ағымдарын оқырмандар "Таблиғи Жамағат", "Хизб-ут-Тахрир", "уаххаби", "салафи", "нурси" деп атаған. Дінтанушы аталған кей ағымдарды қауіпті деп сипаттап, Нұршылар ағымын Ханафи мазхабына жатпайды деп санайтынын айтты.

- Ал Мәскеу Ресейдегі түркі халықтары Орталық Азия, Түркиямен жақындасып, тәуелсіздік сұрай ма деген қауіппен нұршыларға тыйым салды, - деді Сапаралы.

Дінтанушы Қазақстанда исламтану бөлімі "Нұр-Мүбәрәк" университетінде бар екенін, бірақ оның заңдылығына күмән келтіретінін айтты.

- Университет құрылтайшысы - мемлекет. Дін мен мемлекет бөлек деген заң сақталмай отыр, - деді ол.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) жұмысы туралы:

- Имамдар жұмысы, зекет-садақа, кітап шығару мәселесінде түйткіл көп. ҚМДБ құрылтайы ашық өтпейді. Мүфти сайлауы баламалы түрде өтпейді. Қаржы есептері жария емес. Сайтында 2009 жылғы пәтуалар тұр. Одан бері Қазақстанда мұсылмандар өмір сүріп жатқан жоқ па? ҚМБД-ны дамыту керек, - деді.

Исматулла Әбдіғаппар - 14 жылға, Саят Ыбыраев - 12 жылға, қалған айыпталушылар 2-9 жылға сотталған "Сопылар ісі" туралы сұраққа:

- Сот әділдігі туралы ештеңе айта алмаймын. Ал жеке пікірімді айтсам, Йассауи, Нақышбанди жолын құрметтейтін елміз. Сол тұрғыдан Ыбыраевты соттау дұрыс болмады. Исматулла Мақсұм мен Саят Ыбыраевтарға тағылған айып діни мәселеден гөрі саяси мәселеге жақын болды, - деп жауап берді.

Қазақстанда соңғы екі жыл ішінде жиі болып кеткен "антитеррорлық операциялар" туралы сұрақтарға:

- Қазақстанда терроршылар бар. Оны қоғам да сезініп отыр. Жастарды зомби қылады. Мысалы такфирилер, уаххабилер, салафилер, - деді Сапаралы.

Қадірлі оқырман, бұл мақалада онлайн-конференция жауаптары қысқартылып берілді. Өйткені Google+ Hangouts желісіндегі онлайн-конференция бір жарым сағатқа созылды.

Толық нұсқасын мына жерден көре аласыз:
XS
SM
MD
LG