Accessibility links

Вадим Курамшиннің онлайн-конференциясы


Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.
Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.
Azattyq.org сайты тамыздың 31-і күні құқық қорғаушы Вадим Курамшинмен тамыздың 31-і күні Алматы уақытымен сағат 12:00 мен 14:00 аралығында онлайн-конференция өткізді.

Құқық қорғаушы Вадим Курамшин Солтүстік Қазақстан облысының Петропавловск қаласында 1974 жылы дүниеге келген.

Курамшин 1999 жылы «алаяқтық жасады» деген айыппен жеті жарым жылға сотталып, 2003 жылы мерзімінен бұрын босап шықты. 2006 жылы ол «оппозициялық газеттегі мақаласында кәсіпкерге жала жапты» деген айып тағылып, 3 жыл 10 айға сотталды.

Вадим Курамшин 2003 жылы «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының Солтүстік Қазақстан облысы филиалының жетекшісі болды.

Ол соңғы үш-төрт жылда түрмедегі тұтқындардың құқығын қорғаумен айналысты.

2012 жылы қаңтар айында Қордай аудандық соты Курамшинге «ірі көлемде пара алды» деген айып тағып, Тараз қаласының тергеу абақтысына қамады.

2012 жылы тамыздың 28-і күні Тараздағы облыстық сотта Курамшиннің пара алғаны дәлелденбей, «өктемдік көрсетті» деген бап бойынша сот залынан босады. Сот оның бас бостандығын бір жылға шартты түрде шектеу туралы үкім шығарды.

Құқық қорғаушының оқырман сұрақтарына берген жауаптарын Азаттық сайтының орысша бетінен оқи аласыздар.

Вадим Курамшинмен өткен онлайн-конференциядан үзінді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:03 0:00
XS
SM
MD
LG