Accessibility links

Әнші Ғалымжан Молданазармен онлайн-конференция кейінге қалды


Эстрада әншісі Ғалымжан Молданазар. Сурет әншінің Facebook парақшасынан алынды.

Эстрада әншісі Ғалымжан Молданазар. Сурет әншінің Facebook парақшасынан алынды.

Тасқыннан зардап шеккендерге көмек концертіне қатысатын әнші Ғалымжан Молданазардың онлайн-конференциясы кейінге қалды. Уақыт тығыздығын айтқан ол оқырмандардан кешірім сұрады.

25 жастағы алматылық эстрада әншісі Ғалымжан Молданазар - Қазақстанның кейбір өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмектесу мақсатында қайырымдылық концертін өткізуді ұсынған өнерпаздардың бірі.

Ол қазіргі эстраданың Synthpop, chillwave, pop, britpop жанрында ән шырқайды. Оның «Ақпен бiрге», «Алыстама», «Қош бол» тректері қазір жастар арасында танымал.

Ғалымжан Молданазар қатысатын қайырымдылық концерті сәуірдің 19-ы, сағат 17:00-де Алматыдағы «Чукотка-барда» (28 панфиловшылар саябағында) өтеді. Кіру тегін.

Күннің күрт жылынуынан Қазақстанның орталығы мен шығысы және солтүстігіндегі кей облыстарда 50 елдімекенді су басып, әлденеше көпір мен жолды су шайып кетті. Су басқан аймақтардан мыңдаған тұрғын эвакуацияланған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG