Accessibility links

"Болашақ" бағдарламасы жайлы онлайн-конференция


Қазақстан білім және ғылым министрлігі жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Ақерке Абылайхан Азаттықта онлайн-конференция өткізіп отыр. Алматы, 22 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан білім және ғылым министрлігі жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Ақерке Абылайхан Азаттықта онлайн-конференция өткізіп отыр. Алматы, 22 сәуір 2015 жыл.

Азаттық сайтында өткен онлайн-конференцияда сұрақтарға білім және ғылым министрлігінің өкілі Ақерке Абылайхан жауап берді.

Қазақстанда халықаралық "Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау басталды.

2015 жылы "Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдау үш кезеңмен жүреді. Бірінші кезең 13 сәуір - 8 мамыр, екінші кезең 8 маусым - 10 шілде, үшінші кезең 10 тамыз - 1 қазан аралығын қамтиды.

Биылғы 12 мамыр мен келесі жылдың 10 қаңтары аралығында стипендия конкурсы өткізіледі.

Білім және ғылым министрлігі жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Ақерке Абылайхан "Болашақ" бағдарламасының жаңа шарттары туралы Азаттық оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.

Ақерке Абылайхан - "Болашақ" стипендиясы бойынша Германияның Хемниц техникалық университетінің докторантурасын тәмамдаған. Білім және ғылым министрлігінде бөлім бастығы, басқарма төрайымы болған.

Онлайн-конференция видеосын осы жерден және Азаттықтың youtube парақшасынан көруге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG