Accessibility links

Қазақстандағы бизнестің ахуалы қандай?


«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алматы қаласы бойынша директоры міндетін атқарушы Юрий Тілеумұратов онлайн-конференция сұрақтарына жауап беріп отыр. Алматы, 15 тамыз 2015 жыл.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алматы қаласы бойынша директоры міндетін атқарушы Юрий Тілеумұратов онлайн-конференция сұрақтарына жауап беріп отыр. Алматы, 15 тамыз 2015 жыл.

ЕАЭО құрамындағы Қазақстанда бизнестің ахуалы қандай? Рубль девальвациясы қалай әсер етіп жатыр? Қырғызстанмен арада кеден шекарасының ашылуынан қандай пайда бар? Азаттықтың онлайн-конференциясында осы сауалдарға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алматы қаласы бойынша директоры міндетін атқарушы Юрий Тілеумұратов жауап берді.

Кейінгі кезде қазақстандық басылымдарда Ресей рублінің құлдырауына байланысты отандық бизнестің өнімдерін өткізе алмай жатқаны туралы жазылып жүр.

Еуразия экономикалық одағына кірген Қырғызстанмен арада кедендік шекара ашылғаннан кейін, көршілес елден арзан азық-түлік пен киім-кешек келетіні де айтылады. Кейбір кәсіпкерлер зейнетақы туралы заңға енгізілген ​"жұмыс берушілердің Біртұтас жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) қызметкерлердің жалақы қорынан бес пайыздық жарна төлеуі" туралы өзгеріс те бизнеске соққы болып тиеді деп санайды.

Осы жағдайда Қазақстандағы бизнестің ахуалы қандай? Азаттық сайтында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алматы қаласы бойынша директоры міндетін атқарушы Юрий Тілеумұратовпен өткен онлайн-конференцияның негізгі тақырыбы осыған арналды.

XS
SM
MD
LG