Accessibility links

Александр Винокуровтың онлайн-конференциясы кейінге қалды


Александр Винокуров, велошабандоз.

Александр Винокуров, велошабандоз.

Азаттық радиосында қарашаның 16-сына белгіленген қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровтың онлайн-конференциясы кейінге қалды. Ол оқырмандарымыздан кешірім сұрауды өтінді.


Александр Винокуровтың өзі Азаттық радиосындағы онлайн-конференцияға қатыса алмайтындығын аяқ астынан пайда болған шаруалармен түсіндірді. Сондықтан біз форумды жабуға мәжбүрміз. Әйткенмен, өзіне оқырмандарымыздан келіп түскен сауалдарға Александр Винокуров уақыт тауып, жауап береді деп үміттенеміз. Өз жауаптарын мына электронды хатпен мына мекен-жайға жолдауына болады: KazakhOnline@rferl.org

Ал біз сайтымыздың оқырмандарына жолдаған сауалдары үшін рақмет айтамыз.

Александр Винокуров – кәсіби велошабандоз, Қазақстандағы «Астана» велотобының жетекшісі, көптеген жарыстардың жеңімпазы.

Халықаралық велосипедшілер одағы 2007 жылы «Тур де Франс» жарысында қан ауыстырғаны үшін Винокуровқа екі жыл жарысқа қатысуға тыйым салып, айып төлету туралы шешім шығарған еді. Былтыры жоғарғы арбитрлік сот айыппұл туралы талапты мақұлдамады.

Александр Винокуров 2009 жылдың тамызынан бері қайтадан жарысқа қатысып жүр. Өткен жылы Мексикадағы жарыста озып шықты, «Джиро д'Италия» гранд-турындағы жеке жарыстың ақырғы кезеңінде үшінші орын алды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG