Accessibility links

Қазақ тілі туралы заңның 20 жылдығына арналған онлайн-конференция сұрақтарының толық жауаптары


Онлайн-конференцияның қонағы мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі Президенттік қордың директоры Берік Әбдіғалиев Азаттық радиосының Алматы бюросында сұрақтарыңызға жауап берді. 7 қыркүйек, 2009 жыл.

Онлайн-конференцияның қонағы мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі Президенттік қордың директоры Берік Әбдіғалиев Азаттық радиосының Алматы бюросында сұрақтарыңызға жауап берді. 7 қыркүйек, 2009 жыл.

Құрметті оқырмандар! Президенттік қордың директоры Берік Әбдіғалиев сіздердің сауалдарыңыздың біршамасына Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында жауап берген еді. Берік мырза уәде етілгендей онлайн-коференция барысында үлгермеген сауалдардың жауаптарын Азаттық радиосына жазбаша түрде жолдады. Төменде сұрақтардың барлығын толық жауаптарымен жариялап отырмыз.


1989 жылдың 22 қыркүйегінде «Қазақ ССР-індегі тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Бірақ қазақ тілі тіпті Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де толыққанды мемлекеттік дәрежеге жеткен жоқ. Қазақстан Үкіметі совет заманында-ақ қабылданған осы заңның көптеген ұстанымдарын жүзеге асыра алмады. Оған не себеп?

Сіздердің қазақ тілінің тағдырына, Қазақстан үкіметінің тілдік саясатына қатысты сұрақтарыңызға осы саладағы беделді деген мемлекеттік менеджерлердің бірі, Азаттық радиосындағы Онлайн – конференцияның қонағы – мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі Президенттік қордың директоры - Берік Әбдіғалиев жауап берді.

Біз Берік Әбдіғалиев мырзаға да, сауалдарын жолдаған оқырмандардың баршасына да алғыс айтамыз.

Берік Әбдіғалиевке қойылған сауалдар да, олардың жауаптары да осы хабарландырудың Форумында толық жарияланып отыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG