Accessibility links

Онлайн-конференция: Алқабилер сотын қолдану шектеле ме?


Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Қосмұратов (оң жақта) пен журналист Мәди Бекмағанбет онлайн-конференция кезінде. Астана, 23 қазан 2015 жыл.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Қосмұратов (оң жақта) пен журналист Мәди Бекмағанбет онлайн-конференция кезінде. Астана, 23 қазан 2015 жыл.

Азаттық веб-сайтында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Қосмұратовпен онлайн-конференция өтті.

Республикалық адвокаттар коллегиясы биыл күшіне енген жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексі алқабилер сотын қолдануды біраз шектеді деп санайды. Адвокаттар алқасы қазан айының басында таратқан мәлімдемеде «бұл құқық қорғау ведомстволарының көңілінен шығудың амалы» деп жазылған.

Оқи отырыңыз: «Сең бұзылмады». Алқабилер қатысатын сот азайған

Республикалық адвокаттар коллегиясы алқабилер соты қарай алатын ауыр және аса ауыр қылмыстар тізімін кеңейтіп, қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Олар бұл қадам сот жүйесі әділдігін күшейтуге, азаптауды азайтуға септеседі дейді.

Осы тақырыпқа арналған онлайн-конференциямыздың қонағы Ерлан Смадиярұлы Қосмұратов болды. Ол әр жылдары жедел өкіл, тергеуші, прокурор көмекшісі және құқық қорғау органдарында тағы басқа басшылық қызметтер атқарған, алқабилер сотында үкім шығарушы судья болған.

Онлайн-конференцияны жүргізген - журналист Мәди Бекмағанбет.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG