Accessibility links

Лұқпан Ахмедьяровтың онлайн-конференциясы


Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедьяров Азаттықтың онлайн-конференциясында оқырман сұрақтарына жауап беріп отыр. Алматы, 22 қазан 2012 жыл.

Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедьяров Азаттықтың онлайн-конференциясында оқырман сұрақтарына жауап беріп отыр. Алматы, 22 қазан 2012 жыл.

Азаттық қазанның 22-сі күні журналист Лұқпан Ахмедьяровпен онлайн-конференция өткізді.

Лұқпан Ахмедьяров биыл қазанның 12-сі сөз бостандығы шектелген, я сақталмайтын елдердегі ахуалды батыл түрде сипаттап жазатын журналистерге берілетін Питер Маклер сыйлығын алды.

Халықаралық Reporters Without Borders ("Шекарасыз тілшілер") баспасөз қорғау ұйымының шақыртуымен қазір АҚШ-та жүрген журналист өткен аптада Колумбия университетінің студенттерінің алдында сөз сөйледі.

Лұқпан Ахмедьяров 2011 жылы 19 сәуір күні Оралда үйінің алдында белгісіз біреулердің қастандығынан жараланып, ауыр халде ауруханаға түскен еді. Операция жасаған дәрігерлер оған сегіз жерден пышақ ұрылғанын, тапаншадан атып жаралағанын айтқан.

Жыл басынан бері жергілікті билік өкілдері «Уральская неделя» басылымының тілшісі Лұқпан Ахмедьяровпен үстінен сотқа бірнеше арыз түсірді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG