Accessibility links

Жаңа жоба: "Онлайн-талқыда" қырғыз сайлауы талданды


Орталық Азия демократияны дамыту орталығының директоры Толғанай Үмбетәлиева (оң жақта) "Онлайн-талқы" хабарына қатысып отыр. Алматы. 5 қазан, 2015 жыл.

Орталық Азия демократияны дамыту орталығының директоры Толғанай Үмбетәлиева (оң жақта) "Онлайн-талқы" хабарына қатысып отыр. Алматы. 5 қазан, 2015 жыл.

Азаттық бүгін бастайтын "Онлайн-талқы" жобасының ізашарын Қырғызстандағы парламент сайлауына арнады.

Азаттық бүгін өзінің "Онлайн-талқы" деп аталатын жаңа жобасын бастады. Әуелде күнара жүргізілетін "Онлайн-талқыда" Қазақстандағы және Қазақстанға жақын елдерде болып жатқан мәселелер талқыланатын болады.

Жоба тікелей видео-трансляция арқылы жүргізіледі. Оған Азаттық оқырмандары да қатыса алады. Бұл үшін оқырман Азаттықтың +777 328 38 88 WhatsApp-нөміріне хабарласып өз пікірін білдірсе, жетіп жатыр.

Бұған қоса осы анонстың төменгі жағындағы форумға да жазып, ой бөлісуге болады.

"Онлайн-талқыға" ұсынылатын пікірлер мен сұрақтардың форум ережесіне сай болуы сұралады.

"Онлайн-талқының" бүгінгі алғашқы хабары Қырғызстанда кеше өткен парламент сайлауына арналды.

Азаттықтың Алматыдағы студиясына Орталық Азия демократияны дамыту орталығының директоры Толғанай Үмбетәлиева келіп, осы сайлау жайлы талдауға қатысты. "Онлайн-талқыда" Қырғызстан саясаткерлері де сөйледі.

Хабардың модераторы - Қасым Аманжолұлы.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG