Accessibility links

Ринат Зайытовтың онлайн-конференциясы


Азаттық радиосы ақпанның 22-сі күні айтыскер ақын Ринат Зайытовтың онлайн-конференциясын өткізді.


Ринат Зайытов Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Осыдан 12 жыл бұрын, 17 жасында алғаш рет айтысқа қатысқан Ринат республикалық айтыстарда бірнеше мәрте бас жүлдені жеңіп алды.

2011 жылы Астанадағы «Тәуелсіз елдің таңы жарық» атты айтыста екінші айналымға өткен Ринат Зайытов сахнаға шықпай, кейін «айтысты мүлдем қойғанын» айтты.

Ол 2012 жылы ақпанның 11-і мен 12-сі аралығында Алматыда өткен «Қонаевтай ер қайда» деген айтысқа да қатысқан жоқ.

Айтыстың жүргізушісі Жүрсін Ерман Ринат Зайытовтың айтысқа қатыспау себебі жайлы «ол "жұлдыз ауруымен" ауырып, баспасөзді шулатып, өтірік айтып сұхбат беріп жүр - сондықтан мен оны осы айтыстан жаза ретінде шеттетіп отырмын» деген еді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG