Accessibility links

Рүстем Әбдірашевпен онлайн-конференция


Режиссер Рүстем Әбдірашев. Сурет отбасылық қордан алынды.

Режиссер Рүстем Әбдірашев. Сурет отбасылық қордан алынды.

Режиссер Рүстем Әбдірашев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» тарихи телесериалын түсіреді. 10 серияға жоспарланған телесериалдың ұлттық премьерасы 2015 жылдың 16 желтоқсанына белгіленген.

Наурыз айында «маңызды мемлекеттік тапсырыс аясында түсірілетін он серияға небәрі бес миллион доллар бөлінгені» хабарланды.

Рүстем Әбдірашевпен болатын онлайн-конференция фильмді түсіру жоспары жайында болады.

Суретші, сценарист, режиссер Рүстем Әбдірашев кино саласындағы қадамын суретшіліктен бастаған. Режиссер ретінде алғаш "Қаладан келген қыз" фильмін түсірді. Одан кейін "Құрақ көрпе", "Сталинге сыйлық" фильмдерімен танылды.

Рүстем Әбдірашев соңғы жылдары Нұрсұлтан Назарбаев туралы өмірбаяндық кинофильмдер түсірумен айналысып жүр.

Онлайн-конференция қонағына қоятын сұрақтарды төмендегі форумға жолдауға болады. Сауалдардың тақырыпқа сай және форум ережесіне сәйкес болуы сұралады.

Онлайн-конференция қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG