Accessibility links

"Қазақ елі" сериалы туралы онлайн-конференция кейінге қалды


Жазушы Смағұл Елубай.

Жазушы Смағұл Елубай.

Азаттықта 12 маусымға жоспарланған Қазақ хандығы туралы тарихи сериал сценариі авторларының бірі жазушы Смағұл Елубаймен онлайн-конференция кейінге қалды.

Онлайн-конференция қонағы Смағұл Елубай бұл жағдайды өз жұмысына қатысты өндірістік себептермен түсіндіріп, Азаттық оқырмандарынан кешірім сұрады.

Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілмек. Осыған орай өзге шаралармен қатар "Қазақ елі" сериалын түсіру жоспарланған.

Бұл күндері арнайы кастингтен кейін сериалға түсетін актерлар да іріктелу үстінде. "Қазақ елі" сериалы жоспарланғандай түсірілсе, 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні көрсетілетіні хабарланған.

Фильмге сценарий жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші бөлімі негізінде кинотуындыға лайықталып жазылған. Сценарийдің қазақ және орыс тіліндегі нұсқалары қатар жазылғанымен, фильм қазақ тіліндегі нұсқа бойынша түсірілуі мүмкін.

Осы фильм сценариі авторларының бірі Смағұл Елубай енді өзіне қолайлы уақытта Азаттық оқырмандары сұрақтарына жауап беретінін айтты. Азаттық оқырмандардан кешірім сұрайды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG