Accessibility links

Талғат Мамашевтың онлайн-конференциясы


Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Азаттық сайтындағы онлайн-конференция кезінде. Алматы бюросы, 27 сәуір 2011 жыл.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Азаттық сайтындағы онлайн-конференция кезінде. Алматы бюросы, 27 сәуір 2011 жыл.

Азаттық радиосының сайтында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың онлайн-конференциясы өтті. Ол өзіне қойылған сұрақтардың жартысынан астамына жауап берді.

Талғат Мамашев 2004 жылдан бері Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары болып істейді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 1992 жылы қыркүйекте Алматыда өткен Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайынан соң құрылған.

Биыл мамырдың 25-27 күндері Астанада төртінші рет Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтпекші.

Бұл ұйымның негізгі мақсаты - Қазақстаннан тыс жерлерде өмір сүріп жатқан қазақтармен байланыс орнатып нығайту. Қазір әлемнің жиырмаға жуық елінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдіктері бар.

Сәуірдің 27-і Астана уақытымен сағат 16.00-18.00 аралығында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Азаттық радиосының сайты оқырмандарынан түскен сұрақтардың жартысынан астамына онлайн-конференция барысында жауап берді.

Онлайн-конференция уақыты аяқталған соң Мамашев мырза өзіне сауал қойған оқырмандардың барлығына алғысын білдірді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG