Accessibility links

Құқық қорғаушы Татьяна Чернобильмен онлайн-конференция


Құқық қорғаушы Татьяна Чернобиль. Алматы, 26 маусым 2015 жыл.

Құқық қорғаушы Татьяна Чернобиль. Алматы, 26 маусым 2015 жыл.

Азаттық 26 маусым күні қамау орындарындағы азаптау мен қатыгездік жайлы онлайн-конференция өткізді. Хабардың қонағы құқық қорғаушы Татьяна Чернобиль болды.

Маусымның 26-сы - азаптау құрбандарын қолдаудың халықаралық күні. Қазақстандық құқық қорғаушылар елде адам азаптау фактілері бар екенін айтып, жуықта бас прокуратураға шағымданған. Олар Қостанай облысындағы Құсмұрын кентінің тұрғындары Александр Альбрандт пен Виталий Донецтің полициядан зорлық көрдік деген шағымдарын тексеруге шақырған.

Түрмедегі адам азаптауға қатысты соңғы оқиғалардың бірі - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шуақ кентіндегі жалпы режимдегі ОВ-156/18 колониясында отырған Ескендір Түгелбаев жайлы. Оның анасы Несіпкүл Алпысбаева баласы түрмеде басы жарылып, сөйлей алмай қалғандықтан сотқа жүгінетінін айтады. Түрме жүйесі шенеуніктерінің мәлімдеуінше, «талмасы ұстап құлаған кезде Түгелбаев басын өзі жарып алған». Бірақ билік түрмедегі тінту кезінде тұтқын Түгелбаевқа «арнайы құралдар қолданылғанын» мойындайды.

Азаттықтың осы тақырыпқа қатысты өткізген онлайн-конференциясында оқырман сұрақтарына құқық қорғаушы Татьяна Чернобиль жауап берді. Ол - адам құқығы жөніндегі тәуелсіз кеңесші, Алматы облысы бойынша ұлттық превентивті механизм қатысушысы, азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясының сарапшысы.

XS
SM
MD
LG