Accessibility links

Рамазан Бапов онлайн-конференция өткізді


Рамазан Бапов, балет әртісі. Алматы, 28 наурыз 2012 жыл.
Рамазан Бапов, балет әртісі. Алматы, 28 наурыз 2012 жыл.

28 наурыз күні Азаттық радиосының сайтында қазақ балетінің тарихындағы тұңғыш әрі бірегей СССР халық әртісі Рамазан Баповпен онлайн-конферения өткізді.


Рамазан Бапов – қазақтың балет әртісі, қоюшы-хореограф, балетмейстер, педагог, СССР және Қазақ ССР-нің халық әртісі. Ол 1966 жылы Үлкен театр жанындағы Мәскеу хореография училищесін үздік бітірген.
Оқырмандар мен балет өнерінің жанкүйерлері сұрақтарын алдын-ала осы анонстың астындағы форумға жазып қалдыра алады.
Мәскеудегі Бүкілодақтық балет әртістері байқауының және Варнадағы (Болгария) халықаралық байқауының лауреаты. Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері.

Дания, Швеция, Финляндия, Сирия сынды әлемнің ондаған елінде гастрольдерге шыққан әртіс 1970 жылдары қазақ хореографиясының жұлдызы болды.

Театр сахнасынан кеткен соң 1986 жылы Ленинградтағы Римский-Корсаков атындағы консерваторияны бітірді.

Рамазан Баповтың сахнадан кеткеннен соңғы ұстаздық қызметі:

  • 1988-1994 жылдары – Түркияда Стамбулдың мемлекеттік опера және балет театрында жұмыс істеді және консерваторияда (хорегорафия кафедрасы) ер балалардың балет сыныбына жетекшілік етті.

  • 1994-2007 жылдары – АҚШ-тың Джорджия штатындағы Атланта қаласында тұрып жұмыс істеді. Осы жерде өзінің балет мектебін ашып, жүзден астам шәкірт тәрбиеледі, басқа да жеке-меншік мектептерде дәріс берді.

  • 2007 жылы Рамазан Бапов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша Қазақстанға оралып, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының балет труппасына жетекшілік ете бастады. 2008 жылдан бері Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының көркемдік жетекшісі.


XS
SM
MD
LG