Accessibility links

Қазақ-Британ техникалық университеті ректорының онлайн конференциясы


Ескендір Бейсембетов, Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры
Ескендір Бейсембетов, Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры

Азаттық радиосы маусымның 8-і күні Қазақ-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) ректоры Ескендір Бейсембетовпен онлайн-конференция өткізді.


Онлайн-конференцияның тақырыбы: Толығымен мемлекет меншігі деп сипатталатын Қазақ-Британ техникалық университетінде жылдық оқудың бағасы неге қымбат? Ал беретін білімінің сапасы қандай?

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылдың қараша айында Ұлыбританияға барған ресми сапарының барысында Қазақ-Британ университетін құру үшін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжаттың негізінде 2001 жылдың тамыз айында Қазақстан үкіметі «Қазақ-Британ техникалық университетін құру туралы» № 1027 қаулы қабылдады.

Қазақстан үкіметінің 2003 жылғы қыркүйектің 26-сында шыққан қаулысына сәйкес, ҚБТУ «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясына берілді. 2011 жылы тамыздың 3-інде ҚБТУ-дың құрылғанына 10 жыл толады.

Университеттің 4 еншілес компаниясы бар. Олар - «Қазақ-Британ техникалық университетінің ғылыми-техникалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС), «Қазақ-Британ техникалық университетінің бизнес-мектебі» ЖШС, «А.Б.Бектұров атындағы химия ғылымдарының институты» акционерлік қоғамы (АҚ) және «Д.В.Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты» АҚ.

ҚБТУ ректоры Ескендір Бейсембетов сайт оқырмандарынан түскен сұрақтардың барлығына интернет арқылы тікелей байланыста жауап берді.
XS
SM
MD
LG