Accessibility links

Киік неден қырылды?


Биолог Сергей Скляренко онлайн-конференция кезінде. Алматы. 29 мамыр, 2015 жыл.

Биолог Сергей Скляренко онлайн-конференция кезінде. Алматы. 29 мамыр, 2015 жыл.

Азаттық 29 мамыр күні биолог Сергей Скляренкомен киіктердің қырылу себебі жайлы онлайн-конференция өткізді.

Биыл көктемде Қазақстанның бірнеше облысында киік жаппай қырылды. Биліктің мәліметінше, өлген киіктің саны 120 мыңға дейін жеткен. Кейбір деректер бойынша, бұл - Қазақстандағы киіктің жартысына жуығы.

​Қазақстан үкіметі киіктің қырылуын жұқпалы аурумен байланыстырады. Елдегі ақпарат құралдарында "жануарлардың қырылуына техногендік факторлар себеп болуы мүмкін" деген болжам да айтыла бастады. Белсенділер "Байқоңыр ғарыш айлағынан улы отынды пайдаланатын зымыран тасығыштардың ұшырылуы экологиялық жағдайға кері әсер етіп, жабайы жануарлардың қырылуына себеп болды" деген пікірді қолдайды.

Киік неден қырылып жатыр? Жануарлардың жаппай қырылуының жергілікті экожүйеге тигізетін әсері қандай болмақ? Азаттық бұл мәселелерді талқылау үшін биолог ғалым Сергей Скляренкомен онлайн-конференция өткізді. Сергей Скляренко - былтырғы мемлекеттік киік санағына қатысқан Қазақстандағы биологиялық әралуандылықты сақтау ассоциациясы директорының орынбасары.

Сергей Скляренкоға сұрақ қойып, онлайн-конференцияға ат салысқан оқырмандарға алғыс білдіреміз.

Сергей Скляренкомен онлайн-конференцияның видеосы:

XS
SM
MD
LG