Accessibility links

Ақтөбе соты Садықовты абақтыда қалдырды


Оппозиция белсендісі Айдос Садықов. Ақтөбе, 16 шілде, 2010 жыл.

Оппозиция белсендісі Айдос Садықов. Ақтөбе, 16 шілде, 2010 жыл.

Ақтөбе қалалық №2 соты оппозиция белсендісі Айдос Садықовтың абақтыдан мерзімінен бұрын босату туралы арызын қарап, бұл жолғы өтінішті де қанағаттандырған жоқ.


«Полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін» 2 жылға бас бостандығынан айырылған оппозиция белсендісі Садықовтың мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтыны бейсенбі күні белгілі болды.

«АЙРЫҚША БАҚЫЛАУДАҒЫ ІС»

Садықовтың мерзімінен бұрын босату туралы арызы ол жазасын өтеп жатқан Ақтөбедегі УК 168/2 мекемесінде қаралды.

Бұл - ақтөбеліктер «Алтыншы» деп атап кеткен жалпы режимдегі абақты. Оппозиция белсендісінің арызы «ашық сот отырысында қаралады» деп алдын-ала Оппозициялық саясаткер Айдос Садықов (ортада) сот үкімін тыңдап түр. Ақтөбе, 16 шілде, 2010 жыл.

Оппозициялық саясаткер Айдос Садықов (ортада) сот үкімін тыңдап түр. Ақтөбе, 16 шілде, 2010 жыл.

хабарланғанымен, Азаттық тілшісі сотқа жіберілген жоқ. Қылмыстық атқару жүйесінің Ақтөбе облыстық департаменті бастығының орынбасары Мирболат Көпесовтен мұның себебін сұрағанымызда:

- Ақтөбедегі түзету мекемелері ара-тұра күшейтілген режиммен жұмыс жасап тұрады. УК 168/2 мекемесінде де қазір күшейтілген режим. Бұл - қалыпты жағдай. Ақпанның 13-і мен 20-сы аралығына жоспарланған қатардағы шара. Бұл шараның Садықовқа қатысты сот мәжілісімен ешқандай байланысы жоқ, - деп жауап берді ол.

Ал Садықовтың әйелі Наталья Садықова күйеуінің ісі «айрықша бақылауда» деп санайды. Ол арыздың неге қанағаттандырылмағаны туралы:

- Күйеуім арызын қаңтардың 11-інде жазған. Ол арыз араға 1 айдан астам уақыт салып барып қаралып тұр. Сот шешімінен ұққаным - менің күйеуімнің ісі айрықша бақылауда. Бұл - Айдостың түрмеде мейлінше көбірек отыруына мүдделі адамдардың ісі, - деді.

«УАҚЫТ СОЗУ»

Судья Дәуренбек Дәуімовтің оппозициялық белсенді Садықовтың арызын қанағаттандырмауына түрме басшыларының берген мінездемесі себепкер болған.
Мерзімінен бұрын босататындай, ол түрмеде өзін жақсы қырынан көрсете алған жоқ.

Наталья Садықованың айтуынша, сот мәжілісінде сөз алған 168/2 түзеу мекемесінің отряд бастығы Жаңатаев «мерзімінен бұрын босататындай, ол түрмеде өзін жақсы қырынан көрсете алған жоқ» деп куәлік берген.

Жаңатаевтың айтуынша, 2010 жылдың қыркүйегінен бастап Садықов бірде-бір рет марапатталмаған. Керісінше, биыл қаңтардың 19-ы күні тыйым салынған зат - ұялы телефонды пайдаланғаны үшін сөгіс алыпты.

УК 168/2 мекемесінің отряд бастығы айтқан жоғарыдағы уәжді негізге алып шешім шығарған судья Дәуренбек Дәуімовтен үкімнің себептері туралы:

- Оның қылмысы орташа ауыр болғандықтан, рақымшылық туралы заң бойынша қаралуы керек,- деді.

Дәуренбек Дәуімов сот мәжілісінде ақтөбелік оппозиция белсендісіне рақымшылық сұрап, қайтадан арыздануға кеңес берген.

Садықовтың жұбайы Наталья Садықова:

- Рақымшылық сұраған күнде де оның өтініші ыждағаттылықпен қаралатынына Айдос Садықовтың жұбайы Наталья мен қызы Шарлиз. (Сурет Садықовтардың жеке мұрағатынан алынды).

Айдос Садықовтың жұбайы Наталья мен қызы Шарлиз. (Сурет Садықовтардың жеке мұрағатынан алынды).

күмәнім бар. Мұны олар уақыт созу үшін жасап отыр. Бос әуре-сарсаңды көбейтіп, - дейді.

Сот мәжілісіне 2010 жылдың шілде айында Айдос Садықов «соққыға жыққан» полицей Бөкен Мүсенов келмеді.

Оппозиция белсендісіне кесілген жаза мерзімі биыл маусым айында аяқталуы тиіс. Бір жарым жылдан бері түрмеде отырған, 42 жастағы Айдос Садықовтың әйелі Наталья Садықова:

- Сот мәжілісінде Айдос судьяға 1 жасқа енді ғана толған баласы бар екенін, әйелінің, яғни менің жүкті екенімді де айтты. Оған судья Дәуімов құлақ аспай қойды, - дейді.

ТӘУЕЛСІЗ КӘСІПОДАҚТАР

Айдос Садықов 2010 жылға дейін «Азат» ЖСДП Ақтөбе филиалының жетекшісі болды. Сол жылы ол бұл партиядан кетіп, «Гастат» аталатын «Ақтөбемұнайгаз – СНПС» компаниясына қарасты мамандандырылған көлік басқармасының жүргізушілері. Жаңажол, Ақтөбе облысы, 22 наурыз 2010 жыл.

«Ақтөбемұнайгаз – СНПС» компаниясына қарасты мамандандырылған көлік басқармасының жүргізушілері. Жаңажол, Ақтөбе облысы, 22 наурыз 2010 жыл.

қоғамдық қозғалыс құрды. Ол қозғалыс қытайлық «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясында тәуелсіз кәсіподақтардың құрылуына мұрындық болды.

Садықов мұнайшылар құқығының бұзылмауын талап еткен акциялар өткізді.

Оның «полицейлерге қарсылық көрсетті» деген айыппен тұтқынға алынған уақыты да мұнайшылар наразылығының күшейген тұсы - 2010 жылдың жазына дәл келді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG