Accessibility links

Оппозиционер Марат Жанұзақовтың елден шығуына тыйым салынды


Балға» үкіметтік емес ұйымы жетекшісі Марат Жанұзақов.

Балға» үкіметтік емес ұйымы жетекшісі Марат Жанұзақов.

Бішкекте өтуі тиіс оппозициялық конференцияға сапары қарсаңында «Балға» үкіметтік емес ұйымы (ҮЕҰ) жетекшісі Марат Жанұзақов қайта жаңғыртылған қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Оппозициялық «Азаттық» сыйлығын «заңсыз қаржыландыруға» қатысты былтырғы іс қайта қозғалды.

Өткен жылдың аяғында жабылып, қайта ашылған іс бойынша оппозициялық саясаткер Марат Жанұзақов күдікті деп танылған. Оған Алматы қаласынан ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде шара қолданылған. Саясаткер мен оның адвокатының айтуынша, оппозициялық «Азаттық» сыйлығын «заңсыз қаржыландыруға» қатысты ескі қылмыстық іс – ойдан шығарылған әрі қудалауға ұшыраған Қазақстан социалистік қозғалысының Қырғызстанда өтетін жиналысына Жанұзақовты жібермеудің амалы. Бұл оппозициялық ұйым белсенділерінің сөзінше, билік өз елдерінде тыныш жиналып, шара өткізуге мүмкіндік бермей отыр.

«АЗАТТЫҚ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ АҚШАСЫ ТУРАЛЫ ЕСКІ ІС

Қаржы полициясы қызметкерлері азық-түлік дүкенінен шығып келе жатқан Марат Жанұзақовты сәуірдің 30-ы күні ұстаған. Ол Алматы қаласы Медеу аудандық прокуроры Мадияр Басшыбаевтың былтыр 7 қазандағы «заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастырды» деген айыппен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының күшін жойғанын тергеуші Руслан Мировтан естіген. Жыл сайын берілетін «Азаттық» сыйлығына ақшаның қайдан алынғаны туралы қозғалған бұл іс бойынша Жанұзақов куәгер ретінде тергелген. Бірақ сыйлық ақшалай емес, шағын мүсін мен грамота түрінде беріледі.

Былтыр оппозициялық белсенділерді танымал сыйлықпен марапаттау мамырдың Алдыңғы қатарда (солдан оңға) - "Азаттық" сыйлығын алған белсенділер Лұқпан Ахмедьяров, Бақытжан Төреғожина және Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 25 ақпан 2014 жыл.

Алдыңғы қатарда (солдан оңға) - "Азаттық" сыйлығын алған белсенділер Лұқпан Ахмедьяров, Бақытжан Төреғожина және Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 25 ақпан 2014 жыл.

31-і күні Алматы қаласында өтуі тиіс болған. Марапаттау күні таңнан бастап шараны ұйымдастырушылардың барлығы дерлік (арасында Марат Жанұзақов та бар) ұсталған. Оның алдында қаржы полициясы қызметкерлері «Азаттық» сыйлығы дипломдары мен мүсіндерін алып кеткен.

Қаржы полициясының болжамынша, диплом мен мүсіндерді әзірлеуге, Қазақстан қалаларынан делегациялар қатысуға келген «Азаттық» сыйлығын марапаттау рәсімін өткізуге оппозициялық саяси эмигрант әрі бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің «қылмыстық ақшасы» пайдаланылған. «Заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактісі» бойынша қылмыстық іс сол кезде қозғалған. Бірақ былтыр күзде қылмыстық істі тым-тырыс жауып тастаған.

ЖАҢҒЫРҒАН АЙЫПТАУЛАР

Марат Жанұзақовтың айтуынша, тергеуші Руслан Миров қайта жаңғырған қылмыстық іс бойынша оны түн ортасына дейін тергеген.

Жанұзақовтың адвокаты Елена Савинова Азаттық тілшісіне «істі жаңғыртқанымен, оның ешқандай перспективасы жоқ» дейді.

– Бұл істі былтыр «заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактісі» бойынша қозғаған. Бірақ Марат Жанұзақовқа қатысты емес, мен айтқан әлгі «факт» бойынша қозғап, сол жылы жапқан. Іске қатысты жаңа іліктер анықталмағандықтан, бұл істен биыл да ештеңе шықпайды деп ойлаймын, – дейді Елена Савинова.

Қайта жаңғыртылған айыптаулардың заң жүзінде келешегі жоқ екенін Жанұзақов та айтады. Бірақ ол өзін қылмыстық қудалаудың саяси астары бар деп болжайды. Оның пікірінше, бұл қылмыстық іс оны «матап ұстаудың», Қазақстаннан ешқайда шығармаудың амалы ғана. Полицейлер Қазақстан социалистік қозғалысы саяси кеңесінің мүшесін конференцияға қатысу үшін Бішкек қаласына баруды жоспарлаған 1 мамыр қарсаңында ұстаған.
Тергеуші Миров «тергеуден жалтаруға тырыспауыңыз үшін сізге шара қолдануым керек» деді.


– Әрине, мұны тергеуші Миров маған тура айтқан жоқ. Бірақ ол «тергеуден жалтаруға тырыспауыңыз үшін сізге шара қолдануым керек» деді, – дейді Жанұзақов.

Жанұзақовтың айтуынша, тергеуші оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде шара қолдануды не айыпталушы статусына ауыстырып, уақытша абақтыға қамалудың бірін таңдауды ұсынған. Кейін қамауға алу туралы сот санкциясы шығуы тиіс.

– Адвокатым Елена Савинова екеуіміз ақылдасып, қамауда отырғаннан гөрі ешқайда кетпейтінім туралы қолхат бергенім жөн деген ұйғарымға келдік, – дейді оппозициялық саясаткер.

Енді Марат Жанұзақов тергеушінің рұқсатынсыз басқа елге ғана емес, Көкшетау қаласында тұратын отбасына бару үшін Алматы қаласынан да шыға алмайды. Қуғындағы олигарх, оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязов.

Қуғындағы олигарх, оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязов.

Ол Алматыдағы оппозициялық деп саналатын «Балға» ҮЕҰ-ын басқарады.

Марат Жанұзақовқа қатысты жаңа қылмыстық айыптаудың мән-жайы туралы ресми комментарий алу мүмкін болмады.

Жуырда Жанұзақов екі азаматтық іс бойынша Орал және Қарағанды қалаларында жауапкер ретінде тергелген. Оппозициялық «Алға» партиясының бұрынғы белсенділері Жанұзақовты «экстрадициялау туралы шешім күтіп, Францияда қамауда отырған Мұхтар Әблязовті қорғауға қатысты ашық хатқа біздің атымыздан заңсыз қол қойды» деп айыптаған. Азаматтық екі іс бойынша Жанұзақовқа айыппұл салынған.

Жанзақов оппозицияға қатысты «заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактісі» туралы тағы бір қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде тергелген. Ол істің куәгерлері қатарында оппозицияға жуық деп есептелетін «Панорама» продюсерлік орталығы» мен «Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымдары қызметкерлері де бар. Билік бұл ақшаға да оппозициялық саяси эмигрант Мұхтар Әблязовтің қатысы бар деп күдіктенеді.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG