Accessibility links

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс «құпиялары»


«Аман-саулық» қоғамдық ұйымы президенті Бақыт Түменова (оң жақта) мен «Ұлағатты жанұя» қоғамдық ұйымының жетекшісі Марианна Гурина. Алматы, 26 наурыз 2014 жыл.

«Аман-саулық» қоғамдық ұйымы президенті Бақыт Түменова (оң жақта) мен «Ұлағатты жанұя» қоғамдық ұйымының жетекшісі Марианна Гурина. Алматы, 26 наурыз 2014 жыл.

Оппозициялық белсенділер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың саяси-идеологиялық сарындағы үгіт-насихат пен демпингтен ада болуын және ҮЕҰ-ды грант бөлу арқылы қаржыландыруды талап етеді.

Оппозициялық «Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымы (ҮЕҰ) бірнеше ведомствоның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру тиімділігі проблемасын қозғады. Осы аптада Астана қаласында «Аман-саулық» ҮЕҰ үш министрліктің - денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрлігіне қарасты жастар саясаты комитетінің осы бағыттағы жұмысын бағалау сараптамасымен таныстырды.

Ұйым сарапшылары мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру барысын жариялылық, біліктілік пен тиімділік тұрғысынан бағалаған. Ең жоғарғы балл – бес ұпайды ешкім алмады. Білім және ғылым министрлігіне қарасты жастар саясаты комитеті ең нашар баға алды. 2013 жылдың статистика деректеріне сәйкес, зерттелген үш ведомствоның ішінде дәл осы комитетке бюджеттен көп ақша бөлінген. Үш министрлікке мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа арнап 815 миллион теңге бөлінген.

«НҰР ОТАН» КӨШБАСШЫЛАРЫН ДАЯРЛАУ

«Аман-саулық» қоғамдық ұйымы сарапшысы Светлана Ушакованың айтуынша, қоғамның нақты қажеттілігінен хабарсыз шенеуніктер мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру кезінде іс-шаралар саны, игерілген ақша көлемі сияқты формалды белгілерді басшылыққа алады.

– Қазір ауылдан келіп, арба сүйреп базарда жүрген, университетте оқымайтын жастарды өз ортасына тартатын деструктивті діни ағымдарды зерттеу қажеттілігі туып отыр. Мүгедектігінен жөні түзу білім ала алмайтын жастардың проблемасы «Аман-саулық»"ҮЕҰ мүшелері өздері құрастырған «Сіздің денсаулық құқығыңыз» атты кітапшаны таныстыру кезінде. Алматы, 13 мамыр 2013 жыл.

«Аман-саулық»"ҮЕҰ мүшелері өздері құрастырған «Сіздің денсаулық құқығыңыз» атты кітапшаны таныстыру кезінде. Алматы, 13 мамыр 2013 жыл.

да жетерлік, - дейді «Аман-саулық» қоғамдық ұйымы президенті Бақыт Түменова Азаттық тілшісіне.

Белсенділердің айтуынша, үкімет әлеуметтік дағдарысты жайттармен күресуге арналған қаражатты өзекті проблемалардың орнына идеологиялық жобаларға қаржыландыруға бөледі.

Мысалы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жастар кадрлық резерві» сияқты жобаларға қаражат бөлінген. Бұл жобаны президенттік «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты – «Жас Отан» жүзеге асырады. Жоба бойынша көшбасшы дайындаудың екі сатысы қарастырылған. Алғашқы кезеңінде екі мың адамның ішінен 200 адам іріктеліп алынады, ал соңында қалған 32 адам «Жас Отанның» кадрлар резервіне есепке қойылады. Ерекше көзге түскен белсенділер кейін жастар саясаты істері басқармаларының басшылары болады.

Білім және ғылым министрлігіне қарасты жастар істері комитетінің ақпараты бойынша, бұл мақсатқа 21 миллион теңге бөлінген.

«Қазақстан азаматтық альянсы» ұйымы өкілі Шыңғыс Лепсібаевтың сөзінше, үкіметтік ведомство жыл сайын белгілі бір ұйымдарды ғана қаржыландырады. Оның айтуынша, Қазақстанда тіркелген 19 мың жастар ұйымдарының ішінен 15-20 ұйым 200 миллионға жуық теңгенің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын алады.

ДЕМПИНГ

Мемлекет бақылауынан тыс ҮЕҰ белсенділері бюджет ақшасы бөліске ғана түсіп, Қазақстан үшін әлеуметтік маңызы бар жобалар назардан тыс қалып жатыр дейді.

Көкшетау қаласындағы «Үміт сәулесі» адам құқығын қорғау және туберкулезбен күрес қоғамдық ұйымы төрайымы Любов Рубежанскаяның айтуынша, оның ұйымы туберкулезге шалдыққан бұрын сотталған жандарды емдеу жобасына "Шырақ" мүмкіндігі шектеулі әйелдер қоғамдық ұйымының мүшелері. (Көрнекі сурет)

"Шырақ" мүмкіндігі шектеулі әйелдер қоғамдық ұйымының мүшелері. (Көрнекі сурет)

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алу үшін конкурсқа қатысқан. Бірақ конкурста олардың өтініші өтпей, арзандау жоба ұсынған басқа ұйым жеңген.

– Қазір арзан баға ұсынатын ұйымдарға артықшылық беріледі. Бірақ адамдарға қатысты жобалардың сапасын кемітіп ақша үнемдеуге бола ма? - деп қынжылады Любовь Рубежанская.

Араларында «Аман-саулық» ұйымы бар кейбір ҮЕҰ-дар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру практикасы мен ҮЕҰ-ды мемлекеттік қолдау туралы заң актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеген. Олар ұзақ мерзімді гранттарды үкіметтік емес секторды қаржыландырудың негізгі тетігіне айналдыруды, баға демпингіне жол бермеуді және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардан идеологиялық лоттарды алып тастауға шақырады.

Белсенділер қалған министрліктердің де мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін тексеруге шақырады. Бұл үшін олар тәжірибе алмасып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік сатып алу процесі жариялылығын бағалау жөніндегі материалдарымен бөлісуді ұсынады.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG