Accessibility links

Атабаевтың «сценарийі» мен ҰҚК-нің «жылымығы»


Болат Атабаев (сол жақта) пен Ермек Тұрсынов баспасөз мәслихатында. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.

Болат Атабаев (сол жақта) пен Ермек Тұрсынов баспасөз мәслихатында. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.

Болат Атабаев досы Ермек Тұрсыновтың көмегімен қылмыстық жауаптылықтан босатылғанын айтты. Тұрсынов қамаудағы басқа саясаткерлердің жақтастарына «ҰҚК-ге арыз жазыңдар» деп кеңес берді.

Шілденің 4-і күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген режиссер, оппозициялық саясаткер Болат Атабаев досы Ермек Тұрсыновтың ҰҚК-мен келіссөз жүргізуінің арқасында қылмыстық кодекстің 65-бабы бойынша «Жаңаөзендегі қантөгіс үшін шын өкіну» арқылы жауаптылықтан босап, куәгерге айналғанын айтты.

«ҰҚК МЕНІҢ СЦЕНАРИЙІММЕН ЖҮРДІ»

Сәрсенбі, шілденің 4-іне қараған түнде босатылған режиссер Болат Атабаев түнгі рейспен Алматыға ұшып келген. Сәрсенбі күні түстен кейін ол Ермек Тұрсыновпен бірге арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Ұлттық баспасөз клубы алдында режиссерді бір топ журналист, достары, әріптестері және жақтастары қарсы алды.

Болат Атабаев салған жерден өзінің тұтқындалуы мен қамалуы «өзі құрған сценарий бойынша жүзеге асқанын» айтты.

– Көптеген митингілер мен саяси партиялар мен ұйымдардың мәлімдемесі ешқандай нәтиже бермеді. Мен тығырыққа тірелдім. Ал Жаңаөзен – менің қасіретім. Мен ол жақта болдым, ондағы адамдармен таныспын. Сондықтан бұл Болат Атабаев баспасөз мәслихатында. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.

Болат Атабаев баспасөз мәслихатында. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.

қасіретті мен іште көп ұстай алмадым, қалай болса да сыртқа шығаруды ойластырдым. Мәселеге назар аударту керек, үндемеу керек екенін түсіндім. Сөйтіп жаңаөзендіктерді жаппай соттап жатқан тұста мен өзімнің «ҰҚК-ге тергеуге бармайтынымды» мәлімдедім, – деді Болат Атабаев.

Осы мәлімдемеден кейін ол ҰҚК-ден жауап күтіпті, тіпті «еленбей қаламын ба» деп те алаңдапты.

– Бірақ барлығы мен ойлағандай болды. Өз бостандығым мен денсаулығыма қарамастан әдейі тәуекелге бардым. Өзімді құрбандыққа шалғым келді, басқа жол таппадым. Мені Жанболат қолдады. Сосын олар (ҰҚК – ред.) көп ойланып, ақыр аяғы мені қамады. Мен жоспарлағандай. Бірақ қамау кезінде осыншама шу болады деп ойлаған емеспін. Өз сценариім бойынша мен сотқа дейін баруым керек еді. Сотты күлкіге айналдырып, сотты әшкерелеуім керек еді. Өйткені ол соттың үкімі дайын тұр. Бірақ сценарий іске аспай қалды. Алайда мен өкініп тұрған жоқпын. Мүмкін менікі дұрыс емес те шығар. Өйткені бүкіл бір мемлекеттік мекемені күлкіге айналдыру дұрыс емес шығар, – деді Болат Атабаев.

ТҰРСЫНОВПЕН «САУДАЛАСУ»

Баспасөз жиыны барысында Болат Атабаев түрмеде Ермек Тұрсыновпен бірнеше рет кездесіп, ұзақ «дауласқанын» айтты.
Оның арғы жағында Козлов туралы жазылған: мен оның айтқанымен Жаңаөзенге барып, Козловтан нұсқау алыппын-мыс. Әрине, онымен келіспедім.


– Біз бір-бірімізбен саудаластық, дауластық та, қатты сөздер де кетті. Ермек маған «Сен қорқақсың. Бұлай күреспеуің керек. Саған қазір ақпарат құралдарының назарына түсу керек. Бірақ ол бір айдан кейін басылады да қалады. Мәселен Арон Атабек қазір қайда?» деді. Мен сосын 65-бапты қарадым, онда «Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» деп жазылған. Маған бір қағаз алып келді. Онда «Мен, Болат Атабаев, жасаған ісіме шын ниетіммен өкінемін» депті. Оның арғы жағында Козлов туралы жазылған; мен оның айтқанымен Жаңаөзенге барып, Козловтан нұсқау алыппын-мыс. Әрине, онымен келіспедім, – деді Атабаев.

Оның айтуынша, келіссөздер тағы бірнеше күнге созылып, ақыры екі жақтың да көңілінен шығатын «мойындау хатқа» қол қойып берген.

– Сосын адвокатым келіп: «Аға, сіз Жаңаөзенге бардыңыз ба?" деді, мен: «Бардым» деймін. «Көпшілік алдында сөз сөйледіңіз бе?» деді. «Иә» дедім. «Жаңаөзендіктерді қолдадыңыз ба?» - «Қолдадым». «Онда «мойындаймын» деп жазыңыз» деді. Мен аң-таңмын. Адвокатым: «Олар үшін қылмыс шығар, бірақ сіз үшін бұл әрекеттер қылмыс емес қой. Сондықтан «Жаңаөзенге барып, сөз сөйлегенімді мойындаймын» деген сөйлемді жазыңызшы» деді. Мен бұл істерімді ешқашан жасырған емеспін ғой. Сондықтан сол сөйлемді жазып, арыз жаздым, нәтижесінде соттың қаулысымен мені босатты, – деді Болат Атабаев.

Саясаткер арызға қол қою кезінде досы Ермек Тұрсыновтың жол тауып кеткенін айтты.

– «Қан төгілгеніне шын өкінемін» деп жаза салшы» деді. Тура сөйтіп жазып бердім, – деді Болат Атабаев.

ҰҚК-ДЕГІ «ЖЫЛЫМЫҚ»

Ермек Тұрсынов бұл жолы тек өз досын құтқару үшін әрекет еткенін айта келе, Жанболат Мамайдың жақтаушылары да өзі секілді қимылдап, ҰҚК-нің басшыларына хат жазу керек деді.

Оның айтуынша, Атабаев қамауға алынғаннан кейін біраз зиялы қауым өкілдеріне хабарласып, әрекет етуге ұсыныс жасаған. Алайда ақыр соңында өзі Астанаға Кинорежиссер Ермек Тұрсынов баспасөз мәслихатында. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.

Кинорежиссер Ермек Тұрсынов баспасөз мәслихатында. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.

барып, өтініш жазған. Осылайша ҰҚК басшылығы оған іс материалдарымен танысып, Атабаевпен кездесуге рұқсат берген.

Жиынға қатысқан адамдар Ақтау түрмесінде Жаңаөзен ісі бойынша отырған басқа саясаткерлердің жағдайын Атабаевтың мысалымен салыстыруға келмейтінін айтып жатты. Кейбіреулер Тұрсыновтан ҰҚК-де нақты кіммен кездескенін және адвокаттарға берілмейтін іс материалдарымен танысуға қалайша рұқсат алғанын сұрап қалғысы келді. Ондай репликалар естілген сәтте Тұрсынов «арандатушы сұрақтар» қоймауға шақырды.

Ол кейбір ақпарат құралдарының өзіне қатысты «ҰҚК қызметкері екен» деген ақпарат таратқанына наразылық білдіріп, «мен оларға (ҰҚК-ге – ред.) қызметкер болуға жарамаймын» деді.

Ермек Тұрсынов ҰҚК-нің Атабаевты босаттыруға бейіл болғанын «жылымықтың» белгісі деп ойлайды.
ҰҚК-дегі «жылымықтың» басталып келе жатқанына Атабаевтың босатылуы нақты дәлел... Сондықтан ҰҚК қызметкерлеріне алғыс айтамын.


– ҰҚК-дегі «жылымықтың» басталып келе жатқанына Атабаевтың босатылуы нақты дәлел. Өздеріңіз білесіздер, мен оппозициялық басылымдарға пікір білдіріп, сыни пікірім болса жасырған емеспін. Қазір де көзқарасым біржола өзгерді деуден аулақпын. Дегенмен барлық жерде дұрыс адамдардың бар екеніне көзім жетті. Кез-келген органмен диалог орнатуға болады. Осы тұрғыдан алғанда жылымық бар. Себебі олардың өздері де Жаңаөзен оқиғасына біржақты қарауға болмайтындығын түсінеді... Атабаевтың мәселесі де өте ауыр болды. Меніңше, бұл саяси шешім болды-ау деймін. Сондықтан ҰҚК қызметкерлеріне алғыс айтамын, – деді Ермек Тұрсынов.

Болат Атабаевтың онлайн-конференциясы:

ЖАНБОЛАТ ӘЛІ ҚАМАУДА

«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп Болат Атабаевпен бірге қамауға алынған Жанболат Мамай әлі қамауда отыр. Оның адвокаты Абзал Құспанов қорғауындағы айыпталушының да 65-баппен босап шығуына болатынын айтты.

– Мен қазір ғана Жанболатпен кездесуден шықтым. Бөкеңнің (Болат Атабаевтың – Адвокат Абзал Құспанов. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл.

Адвокат Абзал Құспанов. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл.

ред.) босап шыққанына қуанышты екенін жеткізді. Айта кету керек, «Жанболатқа қатысты да дәл осы бапты қолдансақ» деген ұсынысты тергеу орындарының өзі ұсынып отыр бізге. Біз оларға «Жаңаөзенге барғаным рас, сөйлегенім рас деп жазып берейік» деп отырмыз. Үмітіміз бар енді, – деді шілденің 4-інде Азаттыққа түсініктеме берген адвокат.

Адвокат Абзал Құспанов «Жаңаөзенге барып сөз сөйлегенін мойындау – қылмысты мойындау деп түсінудің қажеті жоқ» деген пікірде.

– Бөкең де, Жанболат та Жаңаөзенге барғанын, мұнайшыларды қолдағанын шынымен де мойындайды. Бірақ оны айыпты мойындау деп қалды, ма жоқ па – ол енді тергеушілердің ұстанымына байланысты, – деді адвокат Құспанов.

Қылмыстық кодекстің 65-бабы.
Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату


1. Бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейiн айыбын мойындап өз еркiмен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыс келтiрген зиянды өзгеше түрде қалпына келтiрсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

2. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам, егер ол ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарға басқа да қатысушыларды әшкерелеуге белсендi түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлар болған кезде басқа санаттағы қылмыс жасаған адам тек осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG