Accessibility links

Белсенділер сотқа тартылып, айыппұл төлей бастады


Қаңтардың 28-інде өткен шеруге қатысқан белсенділер сотқа шақырылды. Шерушілер "Халыққа от атқан үкімет отставкаға кетсін" деген плакаттар көтеріп, сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, Жаңаөзен оқиғасына байланысты қамалған оппозициялық белсенділерді босатуды талап еткен еді.


Бүгін Алматыда бір топ оппозиция өкілдері мен қоғамдық белсенділер баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, қаңтардың 28-і күнгі рұқсат етілмеген шеруді ұйымдастырғаны үшін қамалған ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілевті, партияның бас хатшысы Әміржан Қосановты және партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Әмірбек Тоғысовты босатуды талап етті.

«САЯСИ ТАПСЫРЫС»

Бүгінгі жиынды өткізген Жармахан Тұяқбай, Гүлжан Ерғалиева, Мұхтар Шаханов, Балташ Тұрсымбаев, Рысбек Сәрбенбайұлы, Маржан Аспандиярова, Мұхтар Ақын Мұхтар Шаханов (сол жақта), жазушы Софы Сматаев (ортада) және guljan.org веб-сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева баспасөз мәслихатында. Алматы, 30 қаңтар 2012 жыл.

Ақын Мұхтар Шаханов (сол жақта), жазушы Софы Сматаев (ортада) және guljan.org веб-сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева баспасөз мәслихатында. Алматы, 30 қаңтар 2012 жыл.

Тайжан және жазушы Софы Сматаев «ЖСДП жетекшілерінің қамалуы – билік пен қоғам арасында жанжал тудыратын саяси тапсырыс» деп мәлімдеп, партия жетекшілерін босатуды талап етті.

Жиналғандар тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов пен партия белсендісі Серік Сапарғалиды, журналист Игорь Винявскийді де босатып, оларды қудалауды тоқтатуды талап етті.

ЖСДП-ның тең төрағасы Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, партия жетекшілерін шеру ұйымдастырғаны үшін қамауға ешқандай негізі жоқ.

– Біз Қазақстан халқы, ақпарат құралдары және халықаралық қауымдастықтың қолдауына сүйенбесек, ЖСДП жетекшілері ұзақ мерзімге сотталып кетеді. Біз бұған жол бере алмаймыз, – деді Жармахан Тұяқбай.

«КІНӘЛІЛЕР»

Ақын Мұхтар Шаханов биліктің азаматтарға өз пікірін ашық айтуға мүмкіндік бермей отырғандығын айта келе, «барлығымыз жабылып жүріп, биліктен заңды өзгертуді талап етуіміз керек» деді.

Жазушы Софы Сматаев «ұстап-қамау арқылы билік халықты қорқытып-үркіткісі келетінін, бірақ бұл биліктің өз үрейінің белгісі» дейді.
Софы Сматаевтың айтуынша, «халық қанды оқиғаға кімнің кінәлі екенін жақсы сезіп-біліп отыр».

Жазушы «билік бар кінәні оппозиция серкелерінің мойнына артып қоймақ болып отыр, осылайша өздерінің кінәсін қал-қадерінше жуып-шаюға күш салып жатыр» дейді. Софы Сматаевтың айтуынша, «халық қанды оқиғаға кімнің кінәлі екенін жақсы сезіп-біліп отыр».

– Оған кінәлі ең бірінші – өтірік күліп, өтірік ода жасап, көсемге – Назарбаевқа күлмеңдеп отырған қолынан түк келмейтін парламент. Екінші кінәлі – қолынан түк келмейтін бастық басқарып отырған, Мәсімов басқарып отырған үкімет. Үшінші – өзінің қойған адамдарын өзі қадағалай алмайтын, солардың не істеп, не қойып жатқанын білмейтін өз сөзімен айтқанда «түк те қарап отырмаған» президент» , – деді Софы Сматаев.

«КҮШ – БІРЛІКТЕ»

Ал Guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева «қазіргідей халыққа қарсы, антиконституциялық шешімдермен күресудің жалғыз жолы – бірлік» дейді.

– Саяси күштердің, азаматтық қоғамның, ірі қоғамдық ұйымдардың басты міндеті - күш біріктіру, – деді Гүлжан Ерғалиева.

Саясаттанушы Балташ Тұрсымбаев қысқа уақыттың ішінде елде бірінен кейін бірі ЖСДП саяси кеңесінің мүшесі Балташ Тұрсынбаев (сол жақта), ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай (ортада) және ақын Мұхтар Шаханов баспасөз мәслихатында. Алматы, 30 қаңтар 2012 жыл.

ЖСДП саяси кеңесінің мүшесі Балташ Тұрсынбаев (сол жақта), ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай (ортада) және ақын Мұхтар Шаханов баспасөз мәслихатында. Алматы, 30 қаңтар 2012 жыл.

«халықтың мүддесіне қайшы» оқиғалар көп өтіп жатқанын айтып, «үнсіз қалмау керек» екенін айтты.

– Біз бүкіл әлемге не болып жатқанын дәлелдеуіміз керек. Ашық көрсетуіміз, айтуымыз керек, – деді ол.

Ал «Азат» ЖСДП прездиумының мүшесі Маржан Аспандиярова сенбі күннен бері қамалған партия өкілдері – Болат Әбілов, Әміржан Қосанов, Әмірбек Тоғысовтармен байланыса алмай отырғанын, олардың жағдайынан хабарсыз екенін айтты.

АЙЫППҰЛ

Дәл осы жиыннан кейін ұлттық баспасөз клубына келген Медеу аудандық ішкі істер басқармасының өкілдері сенбі күнгі шеруге қатысқан Мұхтар Шаханов, Рысбек Сәрсенбай, Мұхтар Тайжанға сотқа шақырту қағазын берді.

Ал кешкісін қалалық әкімшілік сотының Мұхтар Шахановқа - 15 айлық есептік Полиция офицері оппозиция белсендісі Маржан Аспандияроваға (оң жақта) сотқа шақыру қағазын тапсырды. Алматы, 30 қаңтар 2012 жыл.

Полиция офицері оппозиция белсендісі Маржан Аспандияроваға (оң жақта) сотқа шақыру қағазын тапсырды. Алматы, 30 қаңтар 2012 жыл.

көрсеткіш көлемінде (шамамен 150 АҚШ доллары), Мұхтар Тайжанға – 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 200 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салғаны белгілі болды. Басқа белсенділерге қатысты әкімшілік сот қаңтардың 31-інде өтеді.

Қаңтардың 28-інде Алматыда ЖСДП жетекшілері Жаңаөзен оқиғасы кезінде оқ атылғанын айыптап, парламент сайлауының нәтижелеріне наразылық білдіріп, шеру өткізген.

Сол күні күні кешке Алматының ауданаралық әкімшілік соты Болат Әбілев, Әміржан Қосанов және Әмірбек Тоғысов үшеуіне «бейбіт жиындар мен митинг өткізу заңдылықтарын бұзды» деген айып тағып, 15 тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Ал Жармахан Тұяқбайға 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 200 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды.

Үкімді орнынан тұрмай тыңдағаны үшін және пікірін отырып айтқаны үшін »сотқа кұрмет көрсетпеді« деп айыпталған Болат Әбілевтің жазасына тағы үш тәулік жамалып, ол 18 тәулікке қамалды.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG