Accessibility links

Оппозициялық басылым баспагерін таба алмай отыр


«АДП ЛТД» компаниясының директоры Данияр Молдашев («Голос республики» газетінің редакциясы берген сурет)

«АДП ЛТД» компаниясының директоры Данияр Молдашев («Голос республики» газетінің редакциясы берген сурет)

«Голос республики» газетін шығарушы компанияның директоры Данияр Молдашев күдікті жағдайда жоғалып кетті дейді оның әріптестері. Алматы полициясы бұл мәліметті жоққа шығарады.


Наурыздың 31-і күні Азатыққа түсініктеме берген «Голос респбулики» басылымын шығарушы «АДП ЛТД» компаниясы директорының орынбасары Гузяль Байдалинова компания директоры Данияр Молдашев кеше, наурыздың 30-ы күні телефон шалғандығын айтты.

"МИНСКІДЕН" ҚОҢЫРАУ ШАЛУ

- Сәрсенбі кешкі 20.30 шамасында Данияр маған қалта телефоныма хабарласты. Жасырын нөмерден түскен қоңырау болғандықтан мен алдымен танымадым. Кейін дауысынан тани сала «Сен қайдасың, біз сені іздеп жатырмыз» дедім. Ол тек қана «Мен Минскідемін» деді де қоя салды, - деді Азатыққа Гузяль Байдалинова.

Оның сөзінше, Минскіде тұратын ешқандай танысы, я туысы жоқ Молдашевтың дауысы «күдікті» болып естілген.

Минскіде тұратын ешқандай танысы, я туысы жоқ Молдашевтың дауысы «күдікті» болып естілген.
- Оның сөзінен Даниярды біреулер бақылап, немесе әдейі айттырып тұрған сияқты болып көрінді. Ол бір сөйлем ғана айтып, қоя салды. Мен Даниярды көптен бері білемін, ол ешқашан бұлай істемейтін. Даниярға қысым жасалған сияқты әсер қалды, - деді Азаттыққа наурыздың 31-і күні Гузяль Байдалинова.

ӘБІГЕРГЕ ТҮСКЕН БАСЫЛЫМ

Наурыздың 31-і күні Алматыда «Голос республики» басылымының қызметкерлері басылымның шығарушысы Данияр Молдашевты таба алмай алаң болып отырғандарын жеткізді.

- Соңғы рет Даниярмен дүйсенбі күні түсте Гузяль Байдалинова скайп арқылы сөйлескен. Естеріңізде болса, өткен жұма (25 наурыз) күні Мәскеуге редакцияның жұмыстарымен барып, сенбі күні түнгі рейспен Алматыға келді. Үйінің жанында белгісіз біреулер оны ұрып, қолындағы құжаттар салынған папканы ұрлап алып кетті. Ол скайп арқылы Гузяльге «миым шайқалып, қолымды қатты ауыртып, гипспен жатырмын» деп жазған. Даниярмен кешке кездесеміз деп уағдаласқанбыз, - деді баспасөз жиыны кезінде «Голос республики» басылымы редакторының орынбасары Оксана Макушина.

Скайп арқылы Ол Гузяльге «миым шайқалып, қолымды қатты ауыртып, гипспен жатырмын» деп жазған.
Алайда сол күннен бері Даниярмен хабарласу мүмкін болмаған. Оның телефоны сөніп тұр. Басылым қызметкерлерінің сөзінше, «Даниярдың ата-анасы да оны таба алмай отыр» екен.

Оған қоса, әріптестерінің айтуларынша, Мәскеуге жұмыспен бір күнге барған Данияр Молдашевты «белгісіз біреулер аңдып жүрген».

- Мәскеуде Даниярдың артынан кем дегенде үш адам үш автокөлікпен жүріп, аңдыған. Олардың номерлерін түсіріп алдық. Аңдыған адамдар өздерін тіпті алаңсыз ұстады. Олар өздерінің артынан біздің бақылағанымызды да байқамай қалды, - дейді «Республика» порталының өкілі Александр Петрушов.

Ол әлгілердің кім екенін, не үшін аңдығандығын білмейтіндігін айтады.

- Оның артынан кім аңдуы мүмкін? Егер құқық қорғау органдары болса, онда олар шекарада ұстап алушы еді. Мүмкін бұл арнайы қызметтің адамдары болуы мүмкін. Қалай болғанда да бұл жайт – ҰҚҚ-ге сұрақ қоюға жетелейді, - деді баспасөз мәслихатына қатысқан заңгер Сергей Уткин.

ПОЛИЦИЯНЫҢ МӘЛІМЕТІ

Наурыздың 31-і күні Алматы полициясы Молдашевтың жоғалғандығын жоққа шығарды.

- Данияр Молдашевтың туыстары - әйелі мен бауыры бұл жағдай туралы ешнәрсе білмейтіндігін тергеушіге айтқан. Олардың сөзінше, Молдашев жеке жұмыстарымен наурыздың 30-ы күні Киевке ұшып кеткен. Туыстары
Олардың сөзінше, Молдашев жеке жұмыстарымен наурыздың 30-ы күні Киевке ұшып кеткен. Туыстары телефонмен байланысып тұратындықтарын айтты
телефонмен байланысып тұратындықтарын айтты, - дейді Азаттыққа түсініктеме берген Алматы ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Оның сөзінше, Молдашевқа белгісіз біреулер шабуыл жасап, заттарын ұрлағандығы жайлы дерек те анық емес көрінеді.

- Өткен сенбі, наурыздың 26-сы күні №4 қалалық ауруханаға барған Молдашев денесіне жарақат қайдан түскендігіне қатысты тергеу тобына түсініктеме беруден бас тартқан. Ешқандай шара қолданбауымызды өтініп, Бостандық аудандық ішкі істер департаменті мен аудан прокурорының атына арыз жазды, - дейді полиция өкілі.

«Данияр Молдашевтың жоғалып немесе тоналғаны туралы ақпарат расталмай» отыр дейді Алматы қалалық ішкі істер басқармасының қызметкері.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG