Accessibility links

Ықтиярхат пен азаматтық арасында сенделу


Оралман Дархан Бадауұлының көпбалалы отбасы. (Көрнекі сурет)

Оралман Дархан Бадауұлының көпбалалы отбасы. (Көрнекі сурет)

«Нұрлы көш» бағдарламасы уақытша тоқтап, көші-қон комитетін қайта құру аяқталмаған шақта оралман статусынан үміттілер ықтиярхат ала тұрғылары келеді. Бірақ бұл құжат иелеріне ЖСН де, жәрдемақы да берілмейді.

Ердіхуат Болатхан 2012 жылы шілде айында Моңғолиядан Павлодар облысына қоныс аударыпты. Қазір осы облыстың Май ауданында тұрып жатыр.

«Кіші балам аудан орталығы Ақсу қаласында дүниеге келді. Үлкен балам Моңғолияда туған. Қазір осы екі балама ЖСН (жеке сәйкестендіру номері) ала алмай, соның салдарынан кейінгі туған балама берілетін бір реттік жәрдемақыдан да қағылып отырмын» дейді ол.

«КВОТА ҮШІН АЗАМАТТЫҚ АЛМАДЫМ»

Оның айтуынша, «өзі ықтиярхат» алғандықтан, оның балалары шетел азаматы болып саналады.

– «Сенің қолыңдағы - «ықтиярхат». Ол сенің осында уақытша тұруыңа берілген рұқсат қана. Сондықтан сенің балаларың да Қазақстан азаматы емес» дейді, - деді Болатхан Ердіхуат.

Азаттық тілшісі одан неге бірден азаматтық алуға өтініш бермегенін сұрады.

– Мен Қазақстанға өз қаражатыммен көшіп келдім. Мемлекеттің көшіп келушілерге Ердіхуат Болатхан, оралман. (Жеке мұрағаттағы сурет).

Ердіхуат Болатхан, оралман. (Жеке мұрағаттағы сурет).

(оралмандарға – ред.) берілетін квотасы бар. Ол квота әзірге тоқтап тұр. Бірақ «Көші-қон департаменті қайта құрылады. Содан кейін беріледі» деген. Егер азаматтық алсаңыз, ол квота тимейді. Сондықтан да аз болса да сеп болар деп азаматтыққа өтініш бермеген едім, - деп жауап берді ол.

Көмек сұрап көші-қон полициясы комитетінің басшысы Патрис Нокинге де хат жазғанын айтқан Болатхан Ердіхуат «Ол жақтан еш жауап жоқ» дейді.

«ЫҚТИЯРХАТ АЛҒАНДАРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ ЖАЛПЫ ДЕРЕКҚОРҒА ЕНБЕЙДІ»

Май аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің оралмандар жөніндегі инспекторы Миғраж Қызырұлы бұл мәселенің бірнеше себебін атады.

– Тиісті мемлекеттік бағдарламадағы жергілікті жерде басқарылатын, Астанаға жіберілетін базада әлеуметтік көмек электрондық түрде жасалынады. Ал ЖСН-і жоқтардың аты-жөні автоматты түрде қабылданбайды. Себебі ықтиярхат Ердіхуат Болатханның көші-қон комитетіне жазған хаты.

Ердіхуат Болатханның көші-қон комитетіне жазған хаты.

алғандардың тізімі «оралмандар» базасына енгенімен «мемлекеттік жеке тұлғалар» жөніндегі деректі базаға енбейді. Яғни Қазақстан республикасының азаматтары туралы базамен ғана жұмыс істейтін жәрдемақы төлеу орталығы немесе басқа да төлем орталықтарындағы компьютер баланың ата-анасы туралы дерек дерекқорға енбегендіктен оны қабылдамай тастайды.Сондықтан да ата-анасы белгісіз балаға ешқандай ЖСН де берілмейді, атаулы көмек те көрсетілмейді, - деді ол.

Миғраж Қызырұлының айтуынша, ықтиярхаттың өзін алу үшін ең аз дегенде бес ай керек.

– Дәрігерлік тексеруден өтуі бар, басқасы бар - бір ай уақыт керек. Одан кейін рұқсат алып, тұрақты тіркеуге екі ай кетеді заң бойынша бекітілген. Ал ықтияр хатты куәландырғанша 45 күн өтеді. Бізде мұндай проблемалар бар. Осы мәселе бойынша көші-қон полициясы комитетінің төрағасы Патрис Нокин мырзаға да жаздық. Бірақ жауап жоқ, - деді аудандық шенеунік.

Ықтиярхат алып, соның кесірінен балаларына тиісті жәрдемақыға қол жеткізе алмай жүрген тек Болатхан Ердіхуат ғана емес екенін айтқан Миғраж Қызырұлы:

- Қазір менің қасымда Әмірхан Еңлік деген кісі отыр. Көшіп келгеніне бір жыл болыпты. Басқасын айтпағанда осында келгенде туған сәбиіне тиесілі бір реттік жәрдемақысына қол жеткізе алмай жүр, - деді.

Миғраж Қызырұлының сөзіне қарағанда, ықтиярхаттан бас тартып, азаматтық қабылдаған күннің өзінде оралманның мәселесі түгел шешіле қоймайды: ЖСН мәселесі оның алдынан қайта шығады.

– Азаматтыққа қабылданған оралмандарды куәлігін алу үшін «Қазпоштаға» жібереміз. Ол «Қазпоштаға» барып тиісті азын-аулақ ақшасын төлеуге тиіс. Ал «Қазпошта» олардан ЖСН сұрайды. Азаматтығы жоқ адамда қайдағы ЖСН? Осы екі ортада сандалған туысқандар. Міне, біздің көші-қон саясатының жеткен жері, - деді оралмандар жөніндегі инспектор.

«ИЕСІЗ ҚАЛҒАН» КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІ

Азаттық тілшісі көші-қон полициясына қоңырау шалған еді, тұтқаны көтерген ер адам аты-жөнін айтпастан, «баспасөз қызметіне хабарласыңыздар» деді.

Ал ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі басқармасының бас сарапшысы Олег Иващенко:

- Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту министрлігі соңғы бірнеше айда Оралмандарға берілген куәліктің сыртқы мұқабасы. Алматы, 18 қараша 2011 жыл.

Оралмандарға берілген куәліктің сыртқы мұқабасы. Алматы, 18 қараша 2011 жыл.

бізден оралмандарға қатысты жұмыстар мен «Нұрлы көш» бағдарламасын, басқа да сұрақтарға қатысты функцияларды алып кетті. Сол жақтан сұраңыз, - деді.

Алайда аталған министрліктің қабылдау бөлімінің меңгерушісі Орал Хасенова:

- Көші-қонды бізге береді деген. Бірақ әлі берген жоқ. Көші-қон полициясына хабарласыңыздар, - деп кері сілтеді.

Азаттық тілшісі Май аудандық әлеуметтік бағдарламалар бойынша инспектор айтқан көші-қон туралы заңдағы қайшылықтарға қатысты мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат Алдан Смайылға хабарласты.

Депутаттың айтуынша, «оралмандарға ықтиярхат берілмейді - оларға берілетін куәліктер мүлдем басқа».

- Ықтиярхат Қазақстанда уақытша тұруға келген шетелдік азаматтарға ғана беріледі. Оларды оралмандармен шатастыруға болмайды, - деді депутат.

Ол парламентте көші-қонға байланысты біраз заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатқанын айтып, «жаңағы азаматтар осы мәселесін жеткізсе, енгізуге тырысайық» деп уәде берді.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG