Accessibility links

Ораз Жандосов: «Теңге бағамы төмендетілген»


Ақша айырбастау орны алдынан өтіп бара жатқан адам. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.

Ақша айырбастау орны алдынан өтіп бара жатқан адам. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.

Қазақстан ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы, экономист Ораз Жандосов Азаттыққа теңге девальвациясына қатысты пікірін айтты.

Ақпанның 11-і күні Қазақстан ұлттық банкі ұлттық валютаның бір долларға шаққандағы бағамы 155 теңгеден 185 теңгеге дейін, яғни 19 пайызға өскенін жариялады. Экономист әрі ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ораз Жандосов теңге девальвациясының қазақстандықтарға әсері туралы Азаттыққа эксклюзивті сұхбат берді.

Азаттық: - Осыдан 20 шақты күн бұрын ғана ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов валюта нарығындағы жағдай тұрақты, теңгенің құнсыздануына себеп жоқ деп мәлімдеген еді. Елдің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін теңгені құлдыратуды негізделген шара деп ойлайсыз ба?

Ораз Жандосов: - Импортпен байланысты заттың бәрінің бағасы қымбаттайтыны анық. Тамақ өнімдерінің де, электрониканың да, көліктің де бағасы өседі. Ал жалпы экономиканы алсақ, бұл экспортерлер үшін тиімді, бюджет үшін де аз да болса тиімді, ал халық үшін тиімсіз.

Азаттық: - Өнімі ішкі нарыққа негізделген өндірушілерге ше? Іле-шала олар да өз Экономист Ораз Жандосов.

Экономист Ораз Жандосов.

өнімінің бағасын қымбаттауға кіріспей ме?

Ораз Жандосов: - Қымбаттата бастауы мүмкін, бірақ импорт тауарларындай тым шарықтамайды.

Азаттық: - Девальвация банктен несие алған жандардың жағдайына қаншалықты әсер етеді? Ипотекалық «борышкерлер» мен банкте несиесі бар адамдардың жағдайы қиындауы мүмкін бе?

Ораз Жандосов: - Әрине, біздің елдегі кірісі теңгемен, ал несиені доллармен немесе еуромен алған кез келген адамның жағдайы біраз қиындайды. Бүкіл импорттық тауарлардың бағасы қымбаттайтынын айттым. Сондықтан халықтың тұрмыс деңгейі нашарлай түседі.

Азаттық: - Теңге бағамына рубльдің ықпалы қандай?

Ораз Жандосов: - Екі валюта бір-бірімен байланысты екені түсінікті. Теңгеге қарағанда рубльдің девальвацияға азырақ ұшырағаны туралы Facebook Ақша айырбастау орны. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.

Ақша айырбастау орны. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.

парақшамда жаздым. Бірақ инфляция деңгейі оларға қарағанда бізде төмендеу болғандықтан, бұл айырма қаттырақ сезілді. Егер рубльдің құны түссе, теңге де құлдырайды, ал қаншалықты құлдырайды – оны болжау қиын.

Азаттық: - Билік уәде еткендей, доллар бағамының 185 теңге деңгейінде тұрақтап қалуына кепілдік бар ма?

Ораз Жандосов: - Кепілдік деген не? Егер мұнайдың бағасы, рубльдің курсы қатты құбылмаса, әлемдік дағдарыста аласапыран өзгерістер болмаса, ұлттық банк бұл курсты қиындықсыз ұстап тұра алады. Мына курсты тіпті артық төмендетілген деуге болады.

Азаттық: - Инфляция деңгейіне қатысты қандай болжам айтар едіңіз?

Ораз Жандосов: Дәл болжау қиын. Бірақ қазіргі 4,5 пайызға бірер пайыз қосылатын шығар деп ойлаймын.

Азаттық: - Сұхбат бергеніңізге рахмет.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG