Accessibility links

Софронийдің 7 баласы мектепке қабылданды


Софроний әкейдің баспанасындағы кішкентай қыз. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы. 3 қыркүйек 2013 жыл.

Софроний әкейдің баспанасындағы кішкентай қыз. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы. 3 қыркүйек 2013 жыл.

Ресейлік православ миссионер Софроний мен жергілікті биліктің егесінен «жеті баланы мектепке қабылдамай жатыр» деген жанжал шықты. Екі жақтың уәжі екі түрлі.

Игумен Софронийдің балалар мен қарттар паналайтын баспанасы Алматы облысы Іле ауданындағы Түймебаев атындағы кентте орналасқан. Оқу жылы басталған бетте мұнда тұратын балаларды жергілікті мектепке қабылдамай жатыр деген ақпарат тарады.

Қазір Софроний (құжат бойынша Петр Евтихеев - ред.) қамқорлығына алған балалардың мектеп дауы сәл бәсеңдеді. Бірақ игумен ұйымдастырған балалар үйі мен мектеп басшылығының арасы әлі де болса шиеленісіп тұр. Аудандық білім беру бөлімі мамандары "Софронийдің балаларды қамқорлыққа алуға құқығы жоқ" дейді. Билік ресейлік миссионерді еліне қайтаруға тырысып отыр.

ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІҢ ӘУРЕСІ

Жергілікті билік пен ресейлік православ миссионердің кезекті қақтығысы жеті баланың мектепке баруына байланысты басталды. Шіркеу қызметкері паналатқан балалардың әке-шешесі тірі болуы да мүмкін. Бала асырауға шамасы келмеген олар сәбилерін шіркеуге тапсырған.

Софроний ұйымдастырған балалар мен қарттар үйі – материалдық-техникалық базасы тәуір жабдықталған жатақхана, игумен өз күшімен жиып-терген шіркеу шаруашылығының үлкен бір бөлігі. Бірақ Софронийге соңғы жылдары "санитарлық норманы бұзды", "балалардың кейбірін ұрып-соқты" деген дәлелденбеген айыптар тағылды, айыппұл кесілді.

Осыдан соң Софроний Қазақстаннан кетуі керек деген әңгіме шықты. Іле аудандық соты шілде айында оны "заң бұзды, қолында Қазақстанда тұруға мұрсат беретін ықтиярхаты жоқ" деп айыптады. Осы айыппен оны Қазақстаннан шығару туралы шешім қабылданды. Алайда бұл шешім әзірге күшіне енген жоқ.

Қыркүйектің 3-і күні игумен Азаттық тілшісіне хабарласып «жергілікті мектеп жеті баланы мектепке қабылдамай қойды» деген шағым айттты. Олардың арасында Софроний әкей. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 3 қыркүйек 2013 жыл.

Софроний әкей. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 3 қыркүйек 2013 жыл.

бірінші сыныпқа баруы тиіс, шіркеу жанындағы балалар үйін паналағандарына төрт жыл болған екі бала бар. Қалған бесеуі Софронийдің қамқорлығына тамыз айының аяғында келген. Олардың арасында 10 жасар қыз бала бар. Ол мектеп табалдырығын аттамаған, бірінші сыныпқа енді барады.

Азаттық тілшісі жаңа оқу жылының екінші күні, түстен кейін, Түймебаев атындағы кентке барып, Софрониймен жолыққан кезде жеті баланы мектепке қабылдау мәселесі де шешіле бастаған екен. Бұл кезде мектепке Қазақстанның басқа да ақпарат құралдарының тілшілері келе бастаған. Мектептен оралған балалар мен қарттар паналайтын баспананың директоры Светлана Плаксина оқу меңгерушісі Рабиға Қошқарованың «еш проблема жоқ, балалар осында оқиды» дегенін айтып келді.

Шіркеу қамқорлығына алынған балалардың мектеп дауы неден шықты? Софронийдің айтуынша, мұнда жаңадан келген бес баланың жеке құжаттары жоқ. Сондықтан, оларды мектепке алмаған. Ал сәби кезінен осындағы Софронийдің мектепке бару мәселесі қиындыққа ұшыраған балалары. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 3 қыркүйек 2013 жыл.

Софронийдің мектепке бару мәселесі қиындыққа ұшыраған балалары. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 3 қыркүйек 2013 жыл.

балабақшада тәрбиеленген екі қызды «мектепке әке-шешесі ертіп келсін» деген желеумен кері қайтарған. Шіркеу жанындағы балалар үйінің басшылары мектеп әкімшілігінің бұл талаптары балаларды тартып алудың амалы деп қауіптенеді.

Светлана Плаксина мектепке балалардың ата-анасы туралы деректерді бермеген себептерін былай түсіндірді:

- Біз деректерді берсек, шенеуніктер ата-аналарды тауып алып, балаларын бұл жерден алып кетуді талап етеді. Әйтпесе балаларды жетімдер үйіне жіберіп, оларды ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытады.

Плаксина "шенеуніктер тарапынан осындай қоқан-лоқы жасалды" деген бірнеше ата-ананың арызын көрсетті.

«БАЛАЛАР ОҚЫП ЖАТЫР»

Түймебаев атындағы кент мектебінің әкімшілігі «Мектеп балалардың әке-шешесі туралы дербес ақпаратты ғана талап етті. Сондықтан бұл істен шу шығармау керек еді» деп санайды. Мектептің оқу меңгерушісі Рабиға Қошқарованың айтуынша, мектеп әкімшілігі аудандық білім беру бөлімінің нұсқауын орындаған.
- Тамыздың 28-і күні бес баланы әкелді. Олардың бәрін бұйрықпен қабылдадық. Бүгін тағы екі баланы әкелді. Оларды да қабылдадық. Енді ақпарат құралдары Мектеп басшыларының бірі Рабиға Қошқарова. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы. 3 қыркүйек 2013 жыл.

Мектеп басшыларының бірі Рабиға Қошқарова. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы. 3 қыркүйек 2013 жыл.

"тағы екі қызды қабылдамай жатыр екен" деп шулайды. Ол балалар былтыр бізде нөлінші сыныпта оқыған. Жазда, тамыз айында нөлінші сыныпта қайта оқыды. Олар қазір бірінші сыныпта отыр. Қабылдамады деп неге айтатындарын түсінбедім. Бірінші сыныптар таңертең бірінші ауысымда оқиды. Таңертең келіп, оларды көруіңізге болады, - дейді Рабиға Қошқарова.

Оқу меңгерушісі бұл сөзін растау үшін Іле аудандық оқу бөлімінен факспен келген хатты көрсетті. Хатта «ҚР білім туралы заңына сәйкес және паналау орнында уақытша тұрып жатуына байланысты бес бала мектепке қабылдансын» деп жазылған. Хатта балалардың аты-жөні жазылған тізім де бар.

Бұдан кейін оқу меңгерушісі 1 «Б» сыныбының жетекшісін шақыртты. Бұл сыныпта игумен Софроний қамқорлығына алған екі бала оқиды. Сынып жетекшісі балалардың оқуға қабылданғанын растайтын құжаттарды көрсетті.

Жергілікті ақпарат құралдарында «бес баланың мектепке қабылданбауы туралы» шудың шығуын оқу меңгерушісі «оларды жеке құжатсыз әкелгендіктен, Ауыл мектебі. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 3 қыркүйек 2013 жыл.

Ауыл мектебі. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 3 қыркүйек 2013 жыл.

қабылдамадық» деп түсіндірді. Оның айтуынша, аудандық білім бөлімі мектеп басшылығына балалардың әке-шешесі туралы деректерді, оның ішінде олардың мекенжайы мен телефон нөмірлерін анықтауды тапсырған.

- Балаларды паналатқан орын оларды өз атынан әкелді. Біз «Бұл балалардың әке-шешесі қайда? Әлдебір жағдай болса хабарласатын телефондары бар ма?» деп қана сұрадық. Біз «балаларды қабылдамаймыз» деген жоқпыз. Ол деректерді бізге әлі берген жоқ. Ал балалар дүйсенбіден, яғни қыркүйектің 2-сінен бастап осында оқып жатыр, - дейді Рабиға Қошқарова.

Алайда шіркеу жанындағы баспана қызметкерлері бұл дауға қатысты басқа болжам айтады. Олардың сөзіне қарағанда, мектеп әкімшілігі аудандық білім беру бөлімінен рұқсат алмай, балаларды мектепке қабылдағылары келмеген. Светлана Плаксина мектеп директорының тамыздың 28-і күні жазған ескерту хатын көрсетті. Хатта «Балалар мектепке тек Іле аудандық білім беру бөлімінің келісімімен ғана қабылданады» деп жазылған. Мектеп мұғалімдерінің талабы мен директордың ескерту хатын Светлана Плаксина балаларды мектепке қабылдаудан бас тарту деп түсінген.

СОФРОНИЙДІҢ ДЕПОРТАЦИЯ ДАУЫ

Іле аудандық білім беру бөлімінің мамандары «Софроний қамқорлығындағы жеті баланың дауы орынсыз шықты» дейді. Білім беру бөлімінің бас маманы Махаббат Ишанғалиева «Екі баланың жазда дайындық сыныбына барғанын, қазір бірінші сыныпта оқитынын, ал ересек бес баланы заңды өкілдері емес, жатақ директоры ертіп келгенін» айтты.

- Плаксина директорға «балаларды мектепке қабылдаңыз» деп арыз жазды. Ал мектеп директоры «маған қамқоршысы ма, әке-шешесі ме - заңды өкілін Аудандық білімі бөлімі қызметкерлері Махаббат Ишангалиева (сол жақта) мен Ләззат Кәткеева. Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті, 3 қыркүйек 2013 жыл.

Аудандық білімі бөлімі қызметкерлері Махаббат Ишангалиева (сол жақта) мен Ләззат Кәткеева. Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті, 3 қыркүйек 2013 жыл.

өрсетіңіз» деген. Плаксина «олар жоқ» депті. Директор «Ал сіздер бұл балаларды қалай қабылдадыңыз? Мұны мен алдымен білім беру бөлімінен анықтаймын» деген, - дейді Махаббат Ишанғалиева.

- Дұрыс жасаған, - дейді қатар отырған білім беру бөлімінің меңгерушісі Ләззат Кәткеева.

Оның айтуынша, білім беру бөлімі мектеп директорына «әзірше балаларды қабылдаңдар» деген хат жолдаған.

- «Әзірше қабылдаңдар» деді. Енді әлгі балалардың кімнің баласы екенін, қайдан шыққанын анықтаймыз. Тоғыз жасар бала бұған дейін неге оқымаған? Бірақ бізге баланың кім, қайдан келгенін көрсететін құжаттарды бермей отыр. Мүмкін, ата-ана құқығынан айырылған біреудің балалары шығар. Бәлкім, оларға жәрдемақы тағайындалуы тиіс шығар немесе оларды балалар үйіне жіберген дұрыс болар, – дейді Ләззат Кәткеева.

Әңгіме үстінде «Софроний деген ешкім емес» деп қалған Махаббат Ишанғалиева Қазақстанның православие шіркеуінің басшысы митрополит Александрдың Алматы облысы әкіміне жолдаған хатына сілтеме жасады.

Митрополит хатта Софронийді балаларға қамқорлық жасау міндетінен босатқанын хабарлаған. Шіркеу басшылығының бұл нұсқауы билік Софронийді Қазақстаннан депортациялауға тырысып жатқан тұста шыққан.

Софронийдің айтуынша, ол аудандық соттың оны Қазақстаннан шығару туралы шешіміне қарсы шағымын Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасына жолдаған. Бірақ шағымды қарау күні әлі белгіленбеген. Қазақстанның православие шіркеуі Софронийге араша түсіп, облыстық соттан оны Ресейге депортациялау туралы мәселені қарауды бір жылға шегеруді сұрады.

Софроний игумен Алматы облысы Іле ауданының Түймебаев атындағы кентінде Сергий Радонежский ғибадатханасын басқарған. Сонымен бірге 113 бала, 120 қарт пен мүгедек паналайтын баспананың да басшысы болған. Қазір ол бұл қызметтерді ресми атқармайды, бірақ паналау орнын басқарады. Ол Қазақстанда 1991 жылдан бері тұрады.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG