Accessibility links

Уәлихан Қайсар: Бұл – парламенттік дағдарыс емес, президенттік жүйенің дағдарысы


Уәлихан Қайсар. Астана 8 ақпан 2011 жыл.
Уәлихан Қайсар. Астана 8 ақпан 2011 жыл.

"Қазақстанда парламентті мерзімінен бұрын тарату саяси жүйенің әдетіне айналды" дейді саясаткер Уәлихан Қайсар.


Қазақстан парламенті мәжілісінің 53 депутаты қол қойған жолдау қарашаның 10-ы күні президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жіберген еді.

Мәжіліс депутаттары президенттен парламент пен жергілікті мәслихаттарды таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді сұраған. Бұл туралы бейсенбі күні Астанада арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеген парламент мәжілісінің депутаты Нұртай Сабилянов депутаттардың өздерін тарату туралы өтінішіне себептердің бірі ретінде әлемдегі экономикалық жағдайды атаған.

Саясаткер Уәлихан Қайсардың ойынша, депутат айтқан осы уәждің ғана жаны бар.

- Экономикалық дағдарыс болса, президенттің, үкіметтің абыройы түсіп кетуі мүмкін. Келесі сайлауда халық «Нұр Отанды», оған жақтас партияларды қолдамай қояды. Ол партиялар дауыс жинай алмайды, сайлау қорытындысын бұрмалайын десе, Солтүстік Африка елдерінде болған оқиғаларды ойлап қорқады. Сондықтан дағдарыс Қазақстанға келмей жатып парламент сайлауын өткізбек, - дейді Уәлихан Қайсар Азаттық радиосына берген сұқбатында.

Ол сұқбатты мына жерден тыңдаңыздар:

Уәлихан Қайсар парламенттің тарауы жайлы
please wait

No media source currently available

0:00 0:08:47 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG