Accessibility links

«Билік атымызға кір келтірмек» дейді «Азат» ЖСДП


«Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.

«Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.

«Азат» ЖСДП өкілдері Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, «билік сайлау алдында бізге қарсы «қара пиар» жасап отыр» деп мәлімдеді.


Өткен аптада ресми ақпарат құралдары «ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалының төрт мүшесі партия құрамынан кетті», «елдің шығысында жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының қатарынан 30 мүшесі шығып кетті, енді олар «Ақжол» партиясына өтуге өтініш бермек» деген хабар таратқан еді.

Ал кеше ЖСДП Қостанай облыстық филиалының экс-төрағасы Геннадий Власов «партияның ұйымдастыру жұмысында өрескел қателіктер кеткенін», партиямен соттасуға дайын екенін айтты.

«АМАЛСЫЗДЫҢ ТІРЛІГІ»

«Азат» ЖСДП партиясы өкілдерінің айтуынша, «партиядан шықтық» деген азаматтардың арасында тек бір адам ғана партияның толық мүшесі болған.

– Халықтан сүйінші сұрап, күні-түні жарапазан сияқты Талдықорғандағы бір азаматты шығарып қояды. Шығыс Қазақстанда біз танымайтын азаматтарды шығарып қояды. Және осыдан екі жыл бұрын жұмыстан шығарып жіберген, қазіргі патриоттар партиясының төрағасы Геннадий Власовты шығарады. Мұның бәрі – амалсыздың тірлігі. Олар неге бағдарламамызды сынамайды? Неге біздің тізімдегі мықты-мықты азаматтардың сөзімен айтыспайды? – деді «Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов баспасөз мәслихатында.

САЙЛАУ ТІЗІМІНЕН ӘБІЛОВ ПЕН ЕРҒАЛИЕВА ТҮСІП ҚАЛДЫ

«Орталық сайлау комиссиясы Болат Әбілов пен Гүлжан Ерғалиеваны ЖСДП атынан парламент мәжілісінің депутаттығына сайлау құқынан айырды» деп хабарлады қаңтардың 10-ы күні орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов.

– Салық декларациясын дұрыс толтырмаған деген себеппен, салық органдарынан Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов. Астана, 20 ақпан 2011 жыл.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов. Астана, 20 ақпан 2011 жыл.

бізге қағаз келді. Сол қағаз арқылы біз сондай шешім қабылдадық, – деді Бақыт Мелдешов Азаттық радиосына.

Орталық сайлау комиссиясы өкілінің айтуынша, ЖСДП партиясының атынан тіркелген бұл екі азаматтан бөлек, «Нұр Отан», «Ауыл», «Әділет» және Патриоттар партиясынан ұсынылған тағы төрт үміткер сайлауға қатысу құқынан айырылған.

Бақыт Мелдешовтің айтуынша, салық департаменті бұл азаматтардан «декларацияланбаған миллион теңге, мың доллар, жер учаскелері, пәтерлер, көліктер тапқан».

«МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫНДА СЫНАҚТАН ӨТКЕН ЖАҢА ТӘСІЛ»

Экс-кандидат Гүлжан Ерғалиеваның пікірінше, «бұл – биліктің қолайсыз кандидаттардан арылу тәсілдерінің бірі».

– Орталық сайлау комиссиясы қолайсыз кандидаттарды сайлаудан шеттету үшін жаңа тәсілдер қолданып жатыр. Алғашында олар бұл тәсілді өздеріне ұнамайтын Guljan.org интернет-порталының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.

Guljan.org интернет-порталының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.

мәслихат депутаттарына қолданып көрді. Алматыда қарсы көзқарастағы жастарды салық департаментінің көмегімен сайлаудан шеттеткізгенін білеміз. Бұл ақымақтық қой! Шын мәнінде бұл белсенді кандидаттарды шеттету. Сондықтан бұған еш таңқалуға болмайды, – дейді Гүлжан Ерғалиева.

Ол Жаңаөзен оқиғасы бойынша құрылған қоғамдық комиссияға мүше ретінде енгенін айтып, сайлаудан шеттетілуін сол комиссиядағы қызметімен де байланыстырды.

– Осы комиссияның өкілдері ретінде биліктің өз халқына қарсы жасаған қылмыстарын ашық мәлімдеп жатырмыз. Әрине, бұл Ақордаға ұнамайды. Ақорда қобалжып отыр, – дейді Гүлжан Ерғалиева.

Ол бұл жайтқа байланысты сотқа шағым түсірмейтінін, себебі «біріншіден, уақыт аз екенін, екіншіден, Қазақстан сотына сенбейтінін» айтты.

«МҰНЫМЕН ТОҚТАМАУЫ МҮМКІН»

«Азат» ЖСДП тең төрағасы Жармақан Тұяқбайдың айтуынша, «орталық сайлау «Азат» ЖСДП тең төрағасы Жармақан Тұяқбай. Алматы, 20 желтоқсан 2011 жыл.

«Азат» ЖСДП тең төрағасы Жармақан Тұяқбай. Алматы, 20 желтоқсан 2011 жыл.

комиссиясы осыған дейін түрлі желеумен партияның төрт мүшесін кандидаттар тізімінен шығарып тастаған». Оның ойынша, мұның саяси астары бар.

– Барлық декларациямызды микроскоппен қарайтынын бәріміз білеміз. Сондықтан мұнымен тоқтамауы да мүмкін, – дейді Жармақан Тұяқбай.

Қазір «Азат» ЖСДП атынан сайлауға қатысатын 48 кандидат қалды. Жармақан Тұяқбай «салық органдарының неге шүйліккенін анықтай алмай отырғанын, қаулыны сотқа беру-бермеу мәселесін әлі шешпегенін» айтты.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG