Accessibility links

Теледебат лезде әлеуметтік желіде талқыланды


Алматыдағы сайлау плакаттары. Көрнекі сурет.

Алматыдағы сайлау плакаттары. Көрнекі сурет.

Бейсенбінің кешінде мемлекеттік «Хабар» арнасы күндіз алдын-ала жазылған саяси партиялардың теледебатын көрсетті. Теледебатта Нығматуллиннің дауыс екпіні, Қайсардың «радикалдығы», Косаревтің өлеңі, ал Жармахан Тұяқбайдың Жаңаөзен мәселесін айтуы ерекше есте қалды.


Қаңтардың 12-сі күні Астана уақытымен сағат 21.30-де басталған теледебатқа осы аптаның соңында өткелі отырған кезектен тыс парламент сайлауына түсіп жатққан жеті саяси партиядан бір-бір өкілден қатысты.

Олар - президенттік «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев, «Әділет» демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Уәлихан Қайсар, «Қазақстан патриоттары» партиясының Алматыдағы бөлімшесінің бірінші хатшысы Гүлдана Нұрпейісова және Қазақстанның коммунистік халық партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Владислав Косарев.

ЖҰЛДЫЗДЫ МИНУТТАР

Жалпы дебат үш бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде партия өкілдері «ел жетістігінің «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин. «Нұр Отан» телеэфирінен түсірілген сурет.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин. «Нұр Отан» телеэфирінен түсірілген сурет.

негізі - экономика» деген тақырыпта өздерінің саяси көзқарастарын айтып, соңынан бір партия өкіліне сұрақ қоюға рұқсат алды.

Ал екінші бөлімде оларға «адам капиталының дамуы» атты тақырып ұсынылып, жүргізушінің «ауылды дамыту үшін не істеу керек?» деген сұрағына жауап берілді.

Үшінші бөлімде партия өкілдері сайлаушыларға үндеу жасады.

Саясаткерлерге өз көзқарастарын айтуға екі минут берілсе, өздеріне қойылған сұраққа жауап беру үшін бір минут уақыт берілді.

Пікірталасқа қатысушылардың арасында уақыт жағынан Нұрлан Нығматулин «өте ұқыпты» болып шықты. Оның қарсыластарының біріне уақыт жетпей немесе асып кетіп жатса, ол өз сөзін дәлме-дәл аяқтап отырды. Мазасыздау көрінсе де, оның басқа қарсыластарына қарағанда көбірек дайындалғаны көрініп тұрды. Өз сөзін «елбасы» «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

деп бастаған саясаткер үшінші бөлімдегі сайлаушыларға үндеуін де сол сөзбен аяқтады.

Өзге саясаткерлер сияқты жарты сөзін қазақша, жарты сөзін орысша айтып шыққан саясаткер Азат Перуашевтің дебат кезінде оқтын-оқтын мәтінге қарап отырғаны ерекше байқалып тұрды. Ол сайлаушыларға үндеуінде «Ақ жол» партиясының «қоғамды жікке бөлу үшін емес, барлық озық ойлы адамдарды біріктіру үшін», «қоғамның іргесін шайқалту үшін емес, демократиялық құрылымды нығайтатын» «билікке балама партия» болғысы келетінін жеткізді.

БИЛІКТІ СЫНАУ

Теледебат кезінде Жармахан Тұяқбай дебатта билікті сынап, басқаларға қарағанда өткірлеу пікірлер айтты.

«Шикізат саласының 78 пайызы шетелдіктердің қолында екенін», биліктің халық жағдайына мүлде бас қатырмай отырғанын сынаған ол дебатерлар арасындағы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Жармақан Тұяқбай.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Жармақан Тұяқбай.

Жаңаөзен мәселесі жайында айтқан жалғыз саясаткер болды.

- ...7 айдың ішінде жеп-жеңіл жалақы мәселесін шеше алмаған биліктің (әрекетінің соңы) неге алып келді? Қан төгілді. Төгілген қанның жауабын кім береді? Қыршындай кеткен азаматтардың өмірін жойған азаматтар, оқ атқан азаматтар жауап бере ме, бермей ме, соған жауап іздеу керек, - деді ол сайлаушыларға үндеу жасау кезінде.

Саясаткер Ғани Қалиев билікті тікелей сынамаса да, ауыл шаруашылығына қатысты көптеген статистика келтіру арқылы, бұл саланың мүлде артта қалып бара жатқанына меңзеді.

- ...Шынын айту керек, егер жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі бұрындары 33 пайызды құраса, қазір тек үш пайызды құрап отыр. Қазіргі кезде жайылымдардың 60 пайызы, егістіктердің 40 пайызы жарамсыз болып қалды. Техниканың 60 пайызы істен шықты, - деді Ғани Қалиев алғашқы сөзінде.

СӨНГЕН МИКРОФОН ЖӘНЕ САЙЛАУҒА ҮНДЕУ

Дебатерлардың ішінде «ең радикалы» боп көрінген саясаткер Уәлихан Қайсар өзге партияға сұрақ қою кезінде «өз-өзіме сұрақ қоям» деп дебатты «Әділет» демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Уәлихан Қайсар.

«Әділет» демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Уәлихан Қайсар.

ұйымдастырушылар үшін күтпеген шарт ұсынды. Әйтсе де, жүргізушілер мұның дебат форматына қайшы келетінін айтып, оның микрофонын сөндіріп тастады.

Сайлаушыларға үндеу жасау кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің гестапо режиміне қарай бағыт алып бара жатқанын сынаған саясаткер орталық сайлау комиссиясын «сайлау нәтижесін бұрмаламауға» шақырды.

- Сайлау қорытындысын бұрмаламаңдар! Бұл - мемлекеттік төңкеріс деп аталатын қылмыс. Ертеңгі күні сайлау комиссиясының мүшелерін ешкім қорғай алмайды. Билікке басқа адамдар келеді. Сайлау комиссиясының әрбір мүшесін жауапқа тартатын болады. Мемлекеттік төңкеріс жасамаңдар! – деді Уәлихан Қайсар.

Парламенттік сайлауға «тарихи» деп сипаттама берген Гүлдана Нұрпейісова шағын Қазақстанның коммунистік халық партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Владислав Косарев.

Қазақстанның коммунистік халық партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Владислав Косарев.

және орта бизнес, ауыл шаруашылығының проблемалары туралы ылғи үшінші жақта айтып отырды.

Ал бұл дебатта коммунист Косарев өлең оқып берді.

- Әй, «Нұр Отан», тарылмай ығыс! Тоқыраудың емі – плюрализм. Коммунистер парламентке келе жатыр. Біз халықтық мемлекет үшін! – деп сайлаушыларға үндеу жасау кезінде өлеңдетті.

ТЕЛЕДЕБАТ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

Бұл дебат мемлекеттік арнадан көрсетіліп жатқан кезде түрлі әлеуметтік желілерде отырған интернет белсенділері twit-репортаж (туит) жасап, дебатпен ілесіп отырды. Онда мынадай мысалдар келтірілген.

Белсенді интернет-қолданушы Тимур Бектұр Twitter-де: «Жармахан Маңғыстауды айту арқылы жаңаөзендіктердің 50-60 пайыз дауысын алып кетті-ау. Әрине, сайлауға баратындардың» деп жазды. Ал экс-депутат Бақыт Сыздықова: "Бізде неге тікелей эфирден қорқады? Қалай шықса да? ))" деген пікірін білдірді.

Саясаттанушы ретінде аталып жүрген Марат Шибутов: «Тіпті жазып өткізгеннің өзінде дебатерлер сұмдық қуады. Ал тікелей эфир болса, тіптен цирк болар еді» деп жазады.

Интернет-маман Ержан Сүлейменов: «Қайсаров ҰҚК гестапоға қарай кетіп бара жатыр деді...Оны сотқа бере ме екен?» деп жазса, Ерлан Қарин: «Қайсаров президенттік сайлау кезінде мемлекеттік тіл бойынша емтиханнан өзін әдейі құлатты деп шағымданған еді. Ал бүгін қазақ тілінде бірде-бір сөз айтқан жоқ» деп жазады.

Ал мемлекеттік арна тілшісі Рахат Жақсыбай: «Азат Перуашевқа Алаш зиялыларының сөзін мысал ету біртүрлі, жараспайды» деп жазыпты.

Әлеуметтік желілерде кейбір интернет-қолданушылар сонымен бірге дебаттың уақытының тарлығын, оның қызықсыз өткенін, т.б. жазған.

Саяси партиялар теледебаты «Хабар» арнасының көрсетуінде:

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG