Accessibility links

Парламент сайлауына дайындалған оппозиция бірін-бірі түгендей бастады


«Азат» ЖСДП тең төрағаcы Болат Әбілов. Алматы, 21 қараша 2011 жыл.
«Азат» ЖСДП тең төрағаcы Болат Әбілов. Алматы, 21 қараша 2011 жыл.

Қарашаның 21-і күні тіркелмеген «Алға» партиясының бастамасымен демократиялық күштердің жиыны өтіп, парламент сайлауына қатысу жайы сөз болды.


Оппозициялық ұйым өкілдері елдегі тіркелген жалғыз оппозициялық партия – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) аясына бірігу мәселесі айтты.

«АЗАТ» ЖСДП – «АЗАТ» – ЖСДП

Жиынға қатысқан «Азат» ЖСДП тең төрағаларының бірі Болат Әбілов өз партиясының заң жүзінде тіркелмегендігін айтты.

– Билік «Азат» ЖСДП-ны тіркеген жоқ. Сондықтан ол жұмыс істеп жүргендігіне қарамастан, қағаз жүзінде ондай партия жоқ. Керісінше, «Ақ жол» болып өзгертілген «Азат» партиясы іс жүзінде жоқ болғанымен, қағаз бетінде бар екен. «Азат» өз кезегінде ЖСДП болып өзгертілген. Сондықтан қазір бізде бір ғана ЖСДП тіркелген, заң бойынша сайлауға қатыса алатын болып тұр, – деді Болат Әбілов.

Оның сөзінше, «осы жолы президент Назарбаев момын әрі тілалғыш парламент жасақтауға талпынады. Ал одан кейін конституцияны өз қалауы бойынша өзгертіп, президент сайлауы мүлдем болмауы да мүмкін».

– Сондықтан алдағы сайлау – оппозициялық күштер үшін үлкен
Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов. Алматы, 21 қараша 2011 жыл.
Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов. Алматы, 21 қараша 2011 жыл.
мүмкіндік. Біз бұл мүмкіндіктен құр қалмай, бірігіп қатысуымыз керек, – деді Әбілов.

«АЛҒАНЫҢ» УӘДЕСІ ЖӘНЕ БОЙКОТ

– Жиналғандардың басым көпшілігі сайлауға қатысу керек деп отыр. Біз де осылай ойлаймыз. Сондықтан «Алға» партиясы ЖСДП-ға мүмкіндігінше көмектесуге дайын, – деді тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов.

Алайда саясаткер Жасарал Қуанышәлин алдағы парламент сайлауын заңсыз деп санайды.

Сондықтан «биліктің сценариімен өткізілмекші бұл қойылымға оппозициялық күштің қатысуы дұрыс емес» деген пікір айтты саясаткер.

– Өткен жолғы президент сайлауында оппозициялық күштер келісіп, байкот жариялаған болатын. Бұл дұрыс болды. «Ол нәтиже бермеді»
Саясаткер Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 21 қазан 2011 жыл.
Саясаткер Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 21 қазан 2011 жыл.
деген – басқа әңгіме. Ал байкот жариялаудың өзі үлкен саяси қадам, өз ішімізде де, шет елде де резонанс берді. Ал қазір енді сол ізден тайып, сайлауға қатысамыз деу, меніңше, дұрыс емес, – дейді Жасарал Қуанышәлин.

СЪЕЗД

Қазақстан коммунистік партиясы сот шешімімен жұмысы алты айға тоқтатылғанына қарамастан сайлауға қатысуға өтініш жазатынын Алматыдағы жиында айтты.

Ал «Нұр Отан» партиясының төрағасы, президент Нұрсұлтан Назарбаев 25 қарашада партияның ХІV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды. Съезде партиялық тізім бойынша сайланатын үміткерлердің тізімі бекітіліп, сайлауалды бағдарламасы қарастырылады.

Жуықта төрағасы ауысқан «Ақ жол» партиясының президиумы қарашаның 27-сі күні Алматыда сайлауалды съезін өткізетінін хабарлады. «Ақ жол» партиясы сайлауға толық құрамда, ұйымдасқан түрде, нақты бағдарламамен қатысады« дейді партия басшысы Азат Перуашев.

Қарашаның 16-сы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев төртінші шақырылған Қазақстан парламентінің мәжілісін тарату және парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2012 жылы қаңтардың 15-іне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған.
XS
SM
MD
LG