Accessibility links

Тұрғындар уақытша пәтерлерінің жайсыздығына шағымданады


Алюминстрой ауданындағы салынып жатқан үй. Павлодар. 2 тамыз 2016 жыл.

Алюминстрой ауданындағы салынып жатқан үй. Павлодар. 2 тамыз 2016 жыл.

Павлодар қаласындағы аудандардың бірі - Алюминстрой тұрғындарын қаусаған баспаналарын сүруге байланысты уақытша пәтерлерге көшірген. Бірақ жұрт «уақытша тұрып жатқан жаңа баспанамызда проблемалар көп» дейді.

Алюминстрой ауданы өткен ғасырдың 1950-жылдары алюминий шығаратын зауыт жұмысшылары уақытша тұру үшін салынған. Жылдар өтіп жатты, ал Алюминстройдың қамыстан қаланған екі қабатты 150 үйі жүздеген павлодарлықтың тұрақты баспанасына айналды. Уәделеріне қарамастан, Павлодардағы Алюминстрой ауданын кезінде совет басшылары да, кейін қазақстандық әкімдер де бұзуға құлық танытпаған. Бұл шаруа тек 2013 жылы ғана қолға алынып, қала билігі ескі Алюминстройдің орнына салынатын Сарыарқа шағын ауданы бас жоспарын таныстырған.

Билік тозығы жеткен баспаналарды күреп, ал шағын аудан тұрғындарын ескі үйлерінің орнына көп қабатты үйлер салынғанға дейін уақытша баспаналарға көшіре бастаған. Билік жұртқа «уақытша пәтерлерде ұзақ тұрмайсыздар» деп уәде еткен. Шағын ауданды қайта жаңғырту көптеген проблемаға ұласқан. Мысалы, Алюминстрой тұрғындарына арналған алғашқы 12 қабатты үйді салуға кірісіп кеткен «Қарағанды Құрылыс» компаниясы 2015 жылы «міндетіне жауапсыз» деп танылған. Сондықтан құрылысты жаңа компания жалғастырады деген уәжбен жұмысты тоқтатып қойған. Жобалау-сметалық құжаттарда да олқылықтар кеткен, ал кей тұрғындар көшуге келіспеген.

Биыл мамыр айында алғашқылардың бірі болып көшкен Валерий Куликовтың отбасына жуырда салынған жаңа үйден баспана берген. Зейнеткер өзінің бұрынғы үйін әлі ұмыта алмай, жаңа үй салынып жатқан жерге жиі барып тұрады. Мұның өзге себебі де бар: Куликовтар отбасы тұрып жатқан пәтердегі жағдай биліктің уәдесіне сай болмай шыққан. Үйде ыстық су жоқ, үстіңгі қабатта тұратын көршілерінің шатырынан су ағады, ал Валерий Куликовтың отбасына тіпті «кейін бұл пәтерге өзге адамдар қоныстанады, сондықтан ас бөлмесіне гарнитур іліп, қабырғаны бүлдірмеңіздер» деп ескерткен.

- Ескі үйіміз тәуір еді. Онда бәрі болған, ыстық суды жылу батареясынан шығарып, ванна қойып алған едік, балалар ойнайтын жер де бар болатын. Ал мұнда тіпті балалар алаңы жоқ. Құрылысшылардан қалған әжетхананы жуырда бұзған, енді жұрт оның орнында қалған шұңқырға қоқыс тастап жатыр. Ашық-шашық жатқан екі люкті де өзіміз тақтаймен жауып қойдық, - дейді зейнеткер Валерий Куликов Азаттыққа.

Жуырда көршілер келіп, «төбемізден су ағызып жатырсың» деп кетті. Сөйтсек, су шатырдан ағады екен. Әкімдіктегілер «сәл шыдай тұр» дейді. Шыдамағанда қайтем, басқа амалым бар ма?

Ал екінші топ мүгедегі Владимир Стародубцевтің жағдайы тіпті қиын болып шықты. Бір аяғы ғана бар жанды лифтісі жұмыс істемейтін үйдің 9-шы қабатына орналастырған. Енді ол біреудің жәрдемінсіз далаға айына екі мәрте ғана шыға алады. Ол ешкімге масыл болғысы келмейтінін әрі кейінгі кезде қан қысымының көтеріліп жүргенін айтады.

- Биікте тұрғандыкі шығар. Кейде балконға шығып күн өткіземін. Біраз тұрып, ауа жұтамын да пәтерге қайта кіремін. Жуырда көршілер келіп, «төбемізден су ағызып жатырсың» деп кетті. Сөйтсек, су шатырдан ағады екен. Әкімдіктегілер «сәл шыдай тұр» дейді. Шыдамағанда қайтем, басқа амалым бар ма? – дейді Владимир Стародубцев.

Пенсионер Владимир Стародубцев в своей квартире. 2 августа 2016 года.

Пенсионер Владимир Стародубцев в своей квартире. 2 августа 2016 года.

Павлодар шенеуніктері тұрғындардың поблемасынан хабардар әрі оларды шешуге уәде еткен. Павлодар қаласы әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сергей Звонковский әлгі үйде құрылыс кезінен қалған кем-кетіктер бар екенін растайды. Өйткені салып біткеннен кейін үй шөгіп, өзге проблемаларға қоса шатырынан су ағатын болған. Ал судың жоқтығы мен лифтіні пайдалануға өткізбеудің үйдің шөгуіне қатысы жоқ болғандықтан, үйді салған «Серпіліс» компаниясын кемшілігін жөндеуге мәжбүрлеуге тырысып көрген. Бірақ бюджеттің 320 миллион теңгеден сәл көбірек ақшасын алған компания телефон қоңырауларына жауап бермейді, мердігерді бұрынғы отырған орнынан да таппаған. Енді құрылыс бөлімі мамандары тиісті құжаттарды жинап, шаруаға қырсыз мердігерді сотқа беруге дайындап жатыр.

Құрылысшылардан қалған әжетхананы жуырда бұзған, енді жұрт оның орнында қалған шұңқырға қоқыс тастап жатыр. Ашық-шашық жатқан екі люкті де өзіміз тақтаймен жауып қойдық.

- Құрылыс кезінде жіберген кем-кетігін жөндеуге мәжбүрлеу үшін «Серпіліс» жауапкершілігі шектулі серіктестіктің үстінен талап-арыз бермекпіз. Біз заң аясында осылай ғана істей аламыз. Құрылысты жүргізген компанияны өзіміз де жанталасып іздеп жатырмыз, бірақ ол бізден қашып жүрген сияқты, - дейді Сергей Звонковский.

Алюминстройдан көшіп келгендердің ешқайсысы жаңа пәтерлерінің кілтін әлі алмаған, біреулері ескі үйлерде әлі тұрып жатыр, ал енді біреулері көшуге қамданып, бірнеше жылдан бері буынып-түйініп отыр. Мысалы, алғашқы қоныстанушылардың уәде етілген баспананы күткендеріне төрт жыл болған.

Шенеуніктердің уәдесіне сәйкес, жаңартылған шағын аудан тұрғындары үйлеріне биыл қыркүйек-қазан айларында қоныстануы тиіс. Әлгі үйлер салынып жатқан жерге барған Азаттық тілшісі жұмыс шынымен жүріп жатқанын әрі бітуге тақау қалғанын көріп қайтты. Ал шағын ауданды қашан толық өткізіп беретінін қазір ешкім айта алмайды. Бұл - шенеуніктердің ширақтығы мен мемлекеттен бөлінетін ақшаға байланысты шешілетін мәселе. Шағын ауданды пайдалануға шамамен 2020 жылға қарай өткізу жоспарланған.

XS
SM
MD
LG