Accessibility links

Баласынан айрылған борышкер банкке наразы


Жоламан Нұркенова, үйдің төбесінен секіріп қайтыс болған Марат Нұркеновтің анасы. Астана, 26 шілде 2011 жыл.
Жоламан Нұркенова, үйдің төбесінен секіріп қайтыс болған Марат Нұркеновтің анасы. Астана, 26 шілде 2011 жыл.

БТА банктің 2008 жылдан бері борышкері, Павлодар қаласының тұрғыны Жоламан Нұркенова қарызын өтей алмағандықтан банк оның үйін 20 мың долларға сатып жіберген.


Банк үйді босатуды талап еткенде борышкердің 39 жастағы ұлы Марат Нұркенов оныншы қабаттан секіріп қайтыс болған.

Жоламан Нұркенова БТА банктен 2008 жылы 3 миллион 600 мың теңге алған екен. Банкке қалған қарызы – 600 мың теңге.

Қазір Нұркеновтар отбасындағы он бес адам жатақхананың екі бөлмесін 15 мың теңгеге жалдап тұрады.

– Жоламан апай, осыдан екі айдан астам уақыт бұрын басыңыздан өткізген қайғыңыз бәрімізге белгілі. Ұлыңыздың өз өмірін қиюына сіздер несиеге алған үйдің дауы себеп болды ма?

– Сол оқиғадан біраз уақыт бұрын сот орындаушылары үйді босатуға дайындық жұмыстарын жүргізуімізді ескертіп, келіп кеткен. Содан кейін
Марат Нұркенов (жоғарғы оң жақта шетте тұр). Отбасылық мұрағаттан алынған сурет.

БТА банктің басшысына барып, көмек сұрағанымда «жарайды» деп жауап берген. Ештеме де істеген жоқ.

Сот орындаушысы Балғабаев деген жанында үш адаммен бірге бар. Қолдарында темір кесетін құрал «болгарка» бар. Ішкі есікті кішкентай немерем болған соң өзім ашып бердім. «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысынан 25 адамдай болды. Үйді ішкі істер департаментінің қызметкерлері қылмыскерлерді ұстайтындай қоршауға алған. Бір кемпірдің қолы сынған соң мен есікті аштым.

Есік ашқан уақытта мені лақтырып жіберді. Төрт бөлмелі үйдің әр бөлмесінде арнайы жасақ сарбаздарының үш қызметкерінен тұрды. Мен құлаған уақытта қолымды бұрап, автобусқа салып алып кетпек болғанда, қайтыс болатын балам Марат көріп қалып, олардың қолынан суырып алды. Мені орындыққа отырғызып, су әкеліп берді.

Бір уақытта балам маған звандап, «маған қарашы» деді. Қарасам, оныншы қабатта бала сияқты аяғын салбыратып отыр. Мен оған «Балам, қой, мына үй сенің өміріңе тұрмайды» дедім. Үлкен баламды шақырдым. Бір минут
Ипотекалық борышкерлерді пәтерлерінен шығару кезінде Марат Нұркенов қарсылық танытып, 10 қабат үйдің төбесінен секіріп мерт болды. Павлодар, 24 мамыр 2011 жыл. (respublika-kaz.info сайтынан алынған сурет).

та болған жоқ – жерге ұшып кетті. Келінім екеуміз қолымызды тосып едік, жерге бірақ түсті.

Онымен қоймай, сот орындаушылары заттарды лақтыра берді. Біз жерде баламның үстінде жатырмыз. Балам қара жерде бір жарым сағат жатты. Жедел жәрдем машинасын да көршілерім шақырды. Сол уақытта есімді жинап, қолыма түскен затты лақтыра бердім. Кішкентай немерем де қолымен үйді көрсетіп, жылап, «үйге кірем» деді.

Баламды соңғы сапарына үйден шығарайын деп екі күн сұрап едім, келіспеді. Сосын бір күннің ішінде мешіттен шығардық. Мен істің аяғына дейін жүріп, ең болмағанда біреуінін жазалағанына қалайда қол жеткіземін. Олар баламның денесін арақ ішкен-ішпегенін тексеру үшін сот сараптамасына жіберді.. Ал сараптама қорытындысы баламның денесінде арақ жоқ екенін көрсетті. Енді істі қайтадан ішкі істер депаратментіне жіберді.

– Сіз үйді 2008 жылы алған екенсіз. Содан бері үздіксіз төлеп келе жатсаңыз, енді төлейтін қарызыңыз 600 мың теңге болса да, банк шартты қайта қарауға келісім бермеді ме?

– Қарамады ғой. «Төлемейсіңдер» деп қарсы шықты. Ал банкке барып өткізген құжаттардың бірі жоқ. Банк «ешқандай құжат өткізген жоқ» деп
Ипотекалық борышкерлерді пәтерлерінен шығарып жатыр. Павлодар, 24 мамыр 2011 жыл.

отыр. Құдай біледі, барлық құжат сонда болатын. Мерзімін ұзарту туралы өтініш бәрін өткізгенмін. Ал олардың қолында соңғы рет барған кездегі өтініш қана қалыпты.

Төрт бөлмелі пәтерді біреуге 20 мың долларға сатып жіберіп отыр. Балам қалай қиналмасын. Қартайғанда басымызда үй жоқ.

– Сіз ол үйде үш ұлыңызбен бірге тұрдыңыз ғой. Отбасыңыздың қазіргі жағдайы қалай?

– Тоғыз немерем және алты ересек адам тұрдық. Қазір жатақхананың екі бөлмесін 15 мың теңгеге жалдап тұрамыз. Төсектеріміз де жоқ. Кілемнің үстінде жатырмыз. Не киетін киіміміз жоқ. Бір киімді жуып, қайтадан киіп аламыз. Сонымен Алматы мен Астанаға барып жүрміз.

– Отбасын құрған екі ұлыңыз бар екен. Олар қайда істейді?

– Үлкен ұлымның алты баласы, кенжемнің үш баласы бар. Үлкенім ТЭЦ-3-те жұмыс жасайды. Ол жақта бұрынғыдай кезекпен үй берілмейді. Кіші ұлым бұрынғы трактор зауытында жұмыс жасайды. Қыс келе жатыр. Балалар оқуға баруы керек. Екі үлкен немерем институтта оқиды. Енді біздің қанша өміріміз қалғанын бір құдай біледі.

– Сұхбатыңызға рахмет.
XS
SM
MD
LG