Accessibility links

Кезекті «Халықтық IPO» неге кейінге қалды?


«Халықтық ІРО» бағдарламасы туралы жарнама қасынан өтіп бара жатқан әйел. Алматы, 28 мамыр 2013 жыл.
«Халықтық ІРО» бағдарламасы туралы жарнама қасынан өтіп бара жатқан әйел. Алматы, 28 мамыр 2013 жыл.

Қазақстандық ірі компаниялардың акцияларын азаматтарға сатуды кейінге шегерудің сыры неде? Оның бір себебі – зейнетақы жүйесі мен зейнетақы қорларына қатысты өзгерістер деген болжам бар.

Үкімет 2011 жылдың соңынан бастап «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау компаниясының акцияларын ғана ашық саудаға шығарды. Ендігі кезекте KEGOC компаниясының акцияларын шығармақшы еді. Алайда оларды сатылымға шығару мерзімі өткен аптада тағы да белгісіз уақытқа шегерілді.

«Халықтық ІРО» бағдарламасын жүзеге асырушы «Самұрық-Қазына» қоры акция сатып алуға өтініштер кітабы 2013 жылдың мамыр айының ортасына қарай ашылады деп уәде бергенімен, бір акцияның болжамды бағасы да әлі белгісіз.

АКЦИЯ НЕМЕСЕ ДЕПОЗИТ?

Алматыдағы коммерциялық банктердің бірінің қызметкері Рамира Дашаева «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясындағы акция сатылымы тағы да кейінге қалдырылғаны туралы хабарға қынжылатынын айтады. Былтыр «ҚазТрансОйл» компаниясының акцияларын сатып алған Рамираның ықыласы енді KEGOC компаниясының акцияларына ауыпты. Ол депозит ашқаннан акция сатып алу тиімдірек деп есептейді.

– Егер былтыр акция сатып алған ақшамды депозитке салсам, тапқан табысым бірнеше есе аз болар еді. Біріншіден, қазір «ҚазТрансОйл» компаниясының акцияларының бағасы әжептәуір өсті. Екіншіден, жыл қорытындысы бойынша
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Астанадағы ғимараты. Көрнекі сурет.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Астанадағы ғимараты. Көрнекі сурет.
дивиденд те аламын. Сондықтан KEGOC компаниясының акцияларын сатып алуға ниеттеніп едім. KEGOC-тың қаржылық жағдайымен танысып шықтым, жалпы сенімді компания сияқты. Бұл компанияның акцияларын сатып алуға жұрттың көбі психологиялық тұрғыдан дайын отыр. Ақпарат құралдарында да қызу жарнамаланып жатыр. Ал сатылымды неліктен кейінге қалдырып отырғанына таң қаламын, - дейді Рамира Дашаева.

KEGOC ұлттық энергетикалық компаниясының акцияларын «Халықтық ІРО» аясында ашық биржаға шығаруды кейінге қалдыру туралы жаңалық бақылаушылар мен негізгі сатып алушылар арасында алаңдаушылық туғызды. «Үкімет 10 ірі компанияның 10 пайыз акциясын ашық саудаға шығару жоспарланған «Халықтық ІРО» бағдарламасын үн-түнсіз жабады екен» деген қауесет-жорамалдар тарай бастады. Бұл сөзді теріске шығарып, «сатылым мерзімі ғана кейінге шегеріледі» деген үкімет оның нақты себебін айтқан жоқ.

KEGOC АКЦИЯЛАРЫН САТУ ТАҒЫ ДА КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫ

Стратегиялық маңызы бар компаниялардың акцияларын сатуға бас прокуратура келісім бермегендіктен, сатылымды кейінге қалдыруы мүмкін деген де болжам бар. Қаржы министрі Болат Жәмішев Астанада өткен экономикалық форум кезінде стратегиялық компанияларды бақылауды жоғалту қаупінің алдын алу үшін жұмыс тобы құрылғанын жиын сыртында айтты. Алайда бас прокуратура әзірше бұл мәселе жөнінде түсінік берген жоқ.

«Әлдебір құқықтық қайшылықтарға байланысты «Халықтық ІРО» бағдарламасын әзірше тоқтатып, кейін мүлде жабады екен» деген де сыбыс бар. Үкіметтегі шенділер бұл жорамалды да теріске шығарып отыр. Министр Жәмішев «ұлттық компаниялар ашық саудаға кестеге сәйкес шығады» деп мәлімдеді. Алайда

"Халықтық IPO" тарихы

2011 жылдың наурызы – «Халықтық IPO» жобасына «ҚазТрансОйл» компаниясының 10 пайыз акциясы шығарылатыны хабарланды.

2012 жылдың қазаны - Қазақстан қор биржасының (KASE) листинг комиссиясы «ҚазТрансОйл» компаниясының қарапайым акцияларын ресми тізімге қосты.

2012 жыл, 6 қараша - «ҚазТрансОйл» акцияларын сатып алуға өтініштерді қабылдау басталды. Бір акцияның алғашқы құны - 725 теңге болды.

2012 жыл, 5 желтоқсан – «ҚазТрансОйл» акцияларын сатып алуға жазылу тоқтатылды.

2012 жыл, 25 желтоқсан - «ҚазТрансОйл» акцияларының екінші рыноктардағы саудасы басталды.

2013 жыл, 27 мамыр – «ҚазТрансОйл» компаниясының бір акциясының Қазақстан қор биржасындағы (KASE) құны 845 теңгеге жетті.
акцияларды сату кестесі де талай рет өзгерді. 2013 жылы «Самұрық-Энерго», «Эйр Астана», «ҚазТрансГаз», «Қазтеңізтрансфлот» ҰТСК компаниялары акцияларының 10 пайызы шығарылады деп жоспарланған. Кейінірек бұл тізімнен «Эйр Астана», іле-шала қордың KEGOC пен «Самұрық-Энерго» компанияларынан басқа еншілес компаниялары шығып қалды.

Сонымен KEGOC компаниясының акциялары сатылымға шыға ма? Шықса, қашан шығады? Бұл сауалға қатысты ресми тұлғалардың түсініктемелері бір-біріне қайшы шығып отыр.

«Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Питер Хауз өткен аптада KEGOC компаниясын биржаға шығару 2014 жылға қалдырылуы мүмкін деп мәлімдеді.

– Егер бәрі дайын болса, KEGOC [IPO-ға] қазір немесе екінші жартыжылдықта шығады. Егер дайын болса. Дайын болмаса, келесі жылы шығады, - деді Питер Хауз.

KEGOC компаниясының акцияларын сату мерзімін кейінге қалдыру жоспары
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов.
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов.
туралы жаңалықтарға қатысты вице-премьер Қайрат Келімбетов те ашып ештеңе айтпайды.

– Дәл қашан екенін нақты айта алмаймын, бірақ жыл соңына дейін шығады, - деді ол Астана экономикалық форумы кезінде журналистерге берген сұхбатында.

KEGOC компаниясының сайтынан әлдебір түсінік алу мүмкін болмады. Компания басқармасы төрағасының орынбасары Жаңабай Бексары да, оның қабылдау бөлмесі де біздің қоңырауларымызға жауап бермеді.

ЗЕЙНЕТАҚЫ РЕФОРМАСЫ МЕН ІРО-ДАҒЫ КАНИКУЛ

KEGOC компаниясының акцияларын сатуды кейінге қалдыруды кейбір мамандар зейнетақы қорларының мемлекет басқаруына өту мүмкіндігімен байланыстырады.

Қазақстан қор биржасының вице-президенті Андрей Цалюктің Азаттық тілшісіне айтуынша, егер ел президенті қол қойса, зейнетақы жүйесін реформалау туралы заң негізінде жеке меншік зейнетақы қорлары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
«ҚазТрансОйл» компаниясының акцияларына жазылу үшін «Қазпошта» бөлімшесіне келген адамдар. Ақтөбе, 6 қараша 2012 жыл.
«ҚазТрансОйл» компаниясының акцияларына жазылу үшін «Қазпошта» бөлімшесіне келген адамдар. Ақтөбе, 6 қараша 2012 жыл.
қорына бірігіп, құнды қағаздар нарығында жаңа бір қуатты ойыншы пайда болуы мүмкін. Мұны қаржыгерлер де күтіп отыр дейді ол.

«ҚазТрансОйл» акцияларын биржаға орналастыру тәжірибесі көрсеткендей, зейнетақы қорлары «Халықтық ІРО» бағдарламасында, әсіресе құны қымбаттаған акцияларды қайта сату кезінде нарықты тұрақтандыруда айтарлықтай роль атқарады».

Бірақ Андрей Цалюк «олардың рөлін асыра бағалауға болмайды» дейді.

KEGOC компаниясының акцияларын сатуды кейінге шегеру себебін техникалық жағдайлармен байланыстырып, «жұрттың жаппай жазғы демалысқа кететін ыңғайсыз уақытқа белгіленген» деп есептейтіндер де бар.

- Дайындық жұмыстары әлі аяқталмай жатқан болуы мүмкін. Инвесторларға күте тұру қажет, күткеннен ұтылмаймыз, - дейді Қазақстан жеке инвесторлар қауымдастығының төрағасы Серік Омар Азаттық тілшісіне.

Ол KEGOC
Нарық принциптері тұрғысынан алғанда, бұл әрекет әділетті болмаса да, инвесторлар үшін жақсы
компаниясын акциялары «тыныш айлақ» деп аталатын перспективалық компаниялар қатарына қосады.

- KEGOC - «ҚазТрансОйлдан» кейін шығатын екінші компания. Компания акцияларының кесімді бағасын ұстау керек болса, ұстайды. Акция бағасын, жоқ дегенде алғашқы жарияланым деңгейінде ұстап тұруға «Самұрық-Қазына» қорының әкімшілік, материалдық, интеллектуалдық ресурстары жетеді. Нарық принциптері тұрғысынан алғанда, бұл әрекет әділетті болмаса да, инвесторлар үшін жақсы, - дейді Серік Омар.

«Халықтық ІРО» бағдарламасының акциялары көзбен көріп, қолмен ұстайтындай қағаз түрінде емес, енді электронды формада сатылады. Алғаш сатылымға шыққан «ҚазТрансОйл» компаниясының акцияларын сатып алуға пошта бөлімшелері мен брокерлік кеңселер арқылы өтініш бергендерге акцияның иесі екенін растайтын қағаз берілген еді.
XS
SM
MD
LG