Accessibility links

«Дин-Мұхаммад» мешіті қайта тіркеле алмай жүр


Петропавл қаласындағы «Дин-Мұхаммад» татар-башқұрт мешіті

Петропавл қаласындағы «Дин-Мұхаммад» татар-башқұрт мешіті

Петропавлдағы «Дин-Мұхаммад» татар-башқұрт мешітін қайта тіркеуден өткізу ісі ұзаққа созылды. Қауым мүшелері «мешіттің тәуелсіздігіне қол сұғып жатыр» деп шағымданды, ал билік оны теріске шығарды.

Қазақстанда қоғамда екіұдай пікір тудырған жаңа заңға сәйкес діни ұйымдарды қайта тіркеу жалғасып жатыр. Кейбір тәуелсіз діни қауымдар сот шешімімен жабылып, кейбірі өз құқықтарын қорғап жүр. «Дин-Мұхаммад» мешіті төңірегіндегі жағдай өзгеше. Бұл мешіт жабылмағанымен, қауым мүшелері «үкіметке бағынышты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) тәуелді болмаймыз» деп талап қойды.

ӘРІ-СӘРІ КҮЙ

Солтүстік Қазақстанның татар-башқұрт мұсылмандар қауымының төрағасы және Петропавл қаласындағы «Дин-Мұхаммад» мешітінің имамы Рафаэль Рязаповтың айтуынша, ол басқаратын қауым әлі қайта тіркелмеген және сот шешімімен жабылмаған.

Рафаэль Рязаповтың айтуынша, қауым қайта тіркеуден өткені туралы құжаттары болмаса да жұмыс істеп жатыр.

Қауымның өз есімін атамауды өтінген заңгері қауымның бұл күйге тап болуын қайта тіркеуден өтіп жатқанымен байланыстырады. Заңгердің айтуынша, қауым өз Құрбан айт кезінде мешітте отырған адамдар. Алматы, 26 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Құрбан айт кезінде мешітте отырған адамдар. Алматы, 26 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

құжаттарын қайта тіркеуге ерте бастан – 2012 жылдың маусым айында өткізіп қойған. Бірақ заңгер ол құжаттар үш мәрте кері қайтарылып, көрсетілген ескертулер үш рет түзетілгенін, енді құжаттар төртінші мәрте мемлекеттік органдарға жолданғанын айтты.

Қауым заңгері «қайта тіркеудегі қиындықтың заңға қатысы жоқ, саяси астары бар» дейді. Оның айтуынша, билік бұл қауымды ҚМДБ-ға бағынышты емес, өз алдына жеке заңды тұлға ретінде тіркегісі келмейді. Қауым заңгерінің айтуынша, Петропавл қаласында тұратын 20 мыңдай татардың діни қауымы, өз мешіті мен жоғарыдан тағайындалмайтын имамы болуға заңды құқы бар. Оның айтуынша, егер қауым қайта тіркелсе, ол ҚМДБ-мен ынтымақтасып қана қоймай, оның құрамына филиал емес, жеке заңды тұлға ретінде кіруі мүмкін.

Қауым заңгерінің пікірінше, ұзаққа созылған қайта тіркеу процесі жүріп жатқан мерзімде қауымның бұрынғысынша жұмыс істей беруге заң жүзінде құқы бар.

Азаттық тілшісінің «Солтүстік Қазақстан облысындағы татар-башқұрт қауымы осы қалыпта қанша уақыт жұмыс істей алмақ?» деген сауалына заңгер «Олардың (билік өкілдерінің) өзі мезі болғанша» деп жауап берді.

Сұхбаттасымыздың айтуынша, қауым басшылығы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдаған, бұл хаттың фотокөшірмесі мен қауымды «қайта тіркеуге қатысты мемлекеттік органдар тарапынан жасалған қысымды дәлелдейтін» басқа да құжаттар қауымның сайтында жариялаған.
Бізді заңды тұлға ретінде қайта тіркеуден бас тартуға, ҚМДБ филиалы болуға мәжбүрлеу мақсатында істеп жүр.

Ашық хатта «ұзаққа созылып кеткен қайта тіркеуден өту кезеңінде қауымға облыс әкімінің аппаратындағы жекелеген шенеуніктер тарапынан қысым көрсетілгені» жазылған.

«Мұны бізді заңды тұлға ретінде қайта тіркеуден бас тартуға, ҚМДБ-ның филиалы болуға мәжбүрлеу мақсатында істеп жүр» дейді қауым.

«САЯСИ АСТАРЫ ЖОҚ»

Азаттық тілшісінің «Солтүстік Қазақстан татар-башқұрт мұсылман қауымы құжаттарының қайсысы заңға қайшы?» деген сауалына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша діни істер жөніндегі департамент қызметкері Әбубәкір Кәрменов «құжаттар әлі зерттеліп жатқандықтан» бұл сұраққа жауап бере алмайтынын айтты.

«Бұл қауым неліктен әлі қайта тіркеуден өтпеді?» деген сауалға Әбубәкір Кәрменов дін істері жөніндегі департамент тіркеу мәселесімен айналыспайтынын Құрбан айт кезінде мешітке келген бала. Алматы, 26 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Құрбан айт кезінде мешітке келген бала. Алматы, 26 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

айтып, бұл мәселе жөніндегі сауалды облыстық әділет департаментіне жолдауды сұрады.

Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінің бастығы Ернар Сейдімбековтің айтуынша, татар-башқұрт қауымын қайта тіркеу процесінің ұзаққа созылып кетуінде саяси астар жоқ.

– Мұнда ешқандай саяси астар жоқ. Тіркеуші орган ретіне бізге олар ҚМДБ-ға кіре ме, жоқ па – бәрібір. Біз жүргізілген діни сараптама негізінде ғана тіркейміз. Құжаттарының қазір келіп түскенін әлгі діни бірлестік өкілдері көрді, біз ештеңені созған жоқпыз. Құжаттар түскен күні біз оларды діни сараптамадан өткізу үшін дін істері жөніндегі департаментке жібердік, – деді Ернар Сейдімбеков.

Оның айтуынша, «мұсылмандардың бұл қауымын қайта тіркеу мәселесі діни сараптама қорытындысына ғана тіреліп тұр».

– Қазір діни сараптаманың ұйғарымын ғана күтіп отырмыз. Сараптама нәтижесі оң болса, бірден тіркейміз, – деді Ернар Сейдімбеков.

«Дин-Мұхаммад» мешітін қайта тіркеудегі қиындықтар туралы Азаттық сайты бұрын да – «Форум-18» халықаралық құқық қорғау ұйымы жүргізген тексеруден кейін жазған.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG