Accessibility links

Қазақстан обадан сақтануға көшті


Алатаудағы жайлауда отырған атасы мен немересі. Алматы облысы, 31 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Алатаудағы жайлауда отырған атасы мен немересі. Алматы облысы, 31 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанда обадан өлген адам туралы хабар шығысымен Қазақстан сақтық шараларын күшейтті. ТМД бойынша табиғи оба ошақтарының 51,5 пайызы Қазақстанда орналасқан.

Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарқара ауылы – Қырғызстанның Ыстықкөл облысына ең жақын ауылдардың бірі. Дәл осы Ыстықкөлде өткен аптада 15 жастағы жасөспірімнің оба дертінен өлгені туралы хабарланған болатын. Бұл ақпарат Қарқара ауылына осы аптада ғана жетіпті.

– Кешелі-бүгін теледидардан айтқаннан кейін содан шуладық қой. Малшыдан шықты деп естідік. Бірақ «бізге ештеңе болмайды, шекараны жабамыз, былай бірде-бір адам өтпейді» деп жатыр. Кешелі бері облыстан мамандар келіп, медпункпен жұмыс істеп жатыр. Әзірге ешқандай жиналыс болған жоқ, – деді ауыл тұрғыны Бинар Мұхамедиева Азаттыққа.

Осы ауылдың тұрғыны Зулина Бағашарованың айтуынша, ауру туралы ақпарат тарасымен ауылдағы балаларға өзенге шомылуға тыйым салынған. Ал ауылдағы дәрігерлер Кеген ауданына барып арнайы дайындықтан өтіп жатқанын айтады.

КЕМІРГІШТЕРДЕН ОБА ТАБЫЛҒАН

Талдықорғандағы обамен күрес станциясының зертхана меңгерушісі Александр Безверхнийдің айтуынша, бейсенбі күні Райымбек ауданында қауіпті аурумен күресу бойынша дәрігерлер арасында оқыту-үйрету жұмыстары басталған. Оған аудандағы барлық аурухана қызметкерлері қатысып отыр.

Бұдан бөлек Райымбек ауданына деротизация және дезинфекция жүргізу үшін жеке бригада аттандырылыпты. Александр Безверхнийдің айтуынша, мамандар Ін аузында шоқиып отырған суыр.

Ін аузында шоқиып отырған суыр.

обаның табиғи ошақтарын бақылауды да күшейткен. Оның айтуынша, облыста обаның алты ошағы бар.

– Олардың төртеуі (Тауқұм, Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы, Алакөл, Іленің Қапшағайға дейін оң және сол жағалаулары – ред.) шөлейт жерде орналасқан. Онда негізінен ірі сарышұнақтар оба таратады. Ал таудағы ошақтардағы (Жоңғар және Қақпақ) негізгі жұқтырғыш – суыр, – деді ол.

Маманның айтуынша, биыл көктем және жаз айларында Райымбек ауданында эпидемиологиялық зерттеулер кезінде кеміргіштерден оба табылған.

– Осыған байланысты халық арасында жоспарлы түрде вакцинация жүргіздік. Қазір бұл өңірді зерттеп жатырмыз. Қорғаныс министрлігі мен ҰҚК-не шекарашыларды вакцинациядан өткізуді ұсынамыз. Себебі бұл тұрғыдан алғанда дәл соларға қауіп төніп тұр, – деді Александр Безверхний.
Биыл көктем және жаз айларында Райымбек ауданында эпидемиологиялық зерттеулер кезінде кеміргіштерден оба табылған.

«Көрші елдегі індет Қазақстан территориясына келуі мүмкін бе?» деген сұраққа маман:

– Бәрі де мүмкін. Онда біздің елден демалу үшін барған адамдар көп қой. Бұған қоса оқу жылы алдында тауар алуға кеткен азаматттар бар. Олар да қайтады. Бірақ жерлестерімізге жұға қоймас. Себебі Қырғызстандағы нақты жағдайды алсақ, ол жабайы табиғи ортада – көптен алшақ жерде болып отыр. Оның үстіне қазір қауіпсіздік шаралары күшейтілді, – деді Александр Безверхний.

ЫСТЫҚКӨЛ САПАРЫНАН ТАРТЫНДЫРУ

Ал денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан азаматтарын Ыстықкөлге бармауға шақырды. Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Айтмағанбет Жолшориновтің айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара бекеттерінде азаматтарды ультракүлгін сәулелермен тексеріп барып өткізіп жатыр.

– Тепловизор немесе перометр деген құралмен қарайды. Ол жерден өткен адам оны білмей қалуы да мүмкін. Құралдың ультрасәулелері денеге тигенде Обадан сақтанып, маска киіп алған адамдар. Қырғызстан, Ыстықкөл облысы Ақсу ауданы, 26 тамыз 2013 жыл.

Обадан сақтанып, маска киіп алған адамдар. Қырғызстан, Ыстықкөл облысы Ақсу ауданы, 26 тамыз 2013 жыл.

адамның дене қызуы бар ма, жоқ па көрініп тұрады. Сол бойынша тексереді. Әзірге ешқандай күдікті жағдай тіркелмеді, – деді ол.

Жолшоринов елде эпидемиологиялық жағдай қалыпты болғандықтан шекараны жабуға негіз жоқ екенін де айта кетті.

Тамыздың 22-сі күні Қырғызстанның Ыстықкөл облысына қарасты жайлауда 15 жастағы жасөспірім обадан көз жұмды деп хабарланған. Мамандардың ақпараты бойынша, жасөспірімге қауіпті ауру суырдан жұққан. Талдықорғандағы обамен күрес станциясының мәліметінше, жасөспірім суыр сойып, одан кәуап дайындаған.

Соңғы мәлімет бойынша, марқұммен қарым-қатынас жасаған азаматтар оқшауланған. Одан бері көптеген күдікті жағдайлар тіркелгені хабарланса да, расталмады. Ал оба ошағы деп танылған Сарыжаз өңірінде ірі қара малдар егіліп жатыр.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, ТМД кеңістігінде оба ошақтарының 6,5 пайызы Қырғызстанда, ал 51,5 пайызы Қазақстанда орналасқан.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG