Accessibility links

Аттестациядан соң маман тапшы бола бастады

  • Әлия АХМЕДИЕВА

Терроризмге қатысы болуы мүмкін бес күдіктімен атыс болған көшеде тұрған полицей. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Терроризмге қатысы болуы мүмкін бес күдіктімен атыс болған көшеде тұрған полицей. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда құқық қорғау саласы қызметкерлерін аттестациялау шарасы аяқталып келеді. Мұндай ауқымдағы шара алғаш өткізіліп отыр. Бірақ аттестацияның шынайы өткеніне сенбейтін адамдар да бар.

Ресми ақпаратқа сенсек, қызметкерлердің қисынды ойлау қабілеті, дене және әскери дайындығы тексерілді. Психолог мамандар «қызметкердің ішкі жан-дүниесіне де үңілген». Алайда аттестацияның қайшылық сипаты жайлы баспасөзге жеткен деректер бақылаушылардың сынымен толығып жатыр.

ОҚУ ҮЗДІКТЕРІН ІЗДЕЙДІ

Елдің аймақтарынан түскен ресми ақпарда біліктілік талаптарына сәйкес келмеген қызметкерлердің аты-жөні аталмайды. Аттестацияның жай-жапсары негізінен цифрлармен көрсетіледі.

Емтиханнан сүрінген ірі бастықтардың ғана аты-жөні белгілі. Аттестаттау нәтижесі бойынша Алматы облысы ішкі істер департаменті (ІІД) бастығы генерал Жайлаубек Халықұлы (Кембаев) орнынан айырылды. Оның орнын бұрын Алматы қаласы ІІД бастығының бірінші орынбасары болған Серік Күдебаев басты.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі Жайлаубек Халықұлының қызметтен кету себебін атаудан бас тартып, өздерінің ештеңе білмейтінін айтады.

Алматы облыстық прокуратурасында жұмыс істейтін 243 қызметкердің 21-і аттестациядан өтпеді. Өтпей қалғандардың 14-інің лауазымы төмендетіліп, жетеуі жұмыстан шығарылды.

Алматы облысының прокуроры Ғабит Миразов Азаттық тілшісіне аттестацияның Алматы облысының прокуроры Ғабит Миразов. Талдықорған, 20 шілде 2012 жыл.

Алматы облысының прокуроры Ғабит Миразов. Талдықорған, 20 шілде 2012 жыл.

арқасында ведомство «өздері үнемі құқық бұзған қызметкерлерден құтылғанын» айтты.

– Мысалы, Еңбекшіқазақ ауданы прокурорының орынбасары Ерзат Досқараев тәртіптік жауапкершілікке сегіз мәрте тартылған, – дейді Ғабит Миразов.

Алматы облыстық прокуратурасында енді маман тапшы болып жатыр. Аймақтың қадағалаушы органының басшысы Ғабит Миразов заң оқу орнын қызыл дипломмен бітірген түлектерді жұмысқа шақыруға жарлық берді. Оларды жұмысқа орналастырумен жеке өзі айналысатынын айтты.

– Маман мәселесі – негізгі мәселе. Сондықтан заң жоғары оқу орнын үздік бітірген түлектерді жұмысқа шақырдық. Олармен сұқбатты өзім өткіземін. Әрине, прокуратурада жұмыс істеуге лайық па, жоқ па - алдымен анықтап аламын, сосын жұмысқа қабылдаймыз, – дейді Ғабит Миразов.

ЖАРИЯ

Алматы облыстық соты жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі Дәрібек Қарабасов құқық қорғау органдарында өткен аттестацияның қорытындыларының шынайылығына күмәнді. Өйткені қарамағындағы қызметкерлерінен басшылардың өздері емтихан алған.

Азаматтық белсенді емтихан тапсыра алмаған қызметкерлердің аты-жөнін жасырумен келіспейді. Дәрібек Қарабасаов тест тапсыра алмаған басшылардың Қоғамдық кеңес мүшесі Дәрібек Қарабасов. Талдықорған, 24 қыркүйек 2012 жыл.

Қоғамдық кеңес мүшесі Дәрібек Қарабасов. Талдықорған, 24 қыркүйек 2012 жыл.

аты-жөнін жариялап қана қоймай, сонымен бірге бір кездері оларды жұмысқа алған жандарды да айту керек дейді.

– Оларды жұмысқа қалай қабылдайтыны жұртқа белгісіз. Бұл істе жариялылық болуы тиіс, құқық қорғау органдарының жанынан қоғамдық кеңестер құрылсын. Бір ғана «Нұр Отан» емес, басқа да саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар болсын. Жаңа мамандарды қабылдау туралы барлық ақпарат баспасөз бен сайттарда жариялануы тиіс, – деді ол.

Алматы облыстық адвокаттар коллегиясының адвокаты Қожаберген Дәуренбеков «аттестация құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің ең негізгі қасиетін – адамшылық дәрежесін анықтай алмады» дейді.

– Құқық қорғау органдарының қызметкерлері халықтан алыс. Жоғарыдан қараса, Адвокат Қожаберген Дәуренбеков. Талдықорған, 24 қыркүйек 2012 жыл.

Адвокат Қожаберген Дәуренбеков. Талдықорған, 24 қыркүйек 2012 жыл.

халыққа қалай жақын болсын?! Бұрын мемлекеттік мекеме немесе құқық қорғау органына шаруасымен келген адам тиісті кісіге жолығып кететін. Қазір адамдар сағаттап күтсе де, жөні түзу жауапқа жарымай кетіп жатады, – дейді адвокат Қожаберген Дәуренбеков.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы жарлығы биыл сәуір айында шыққан. Аттестациядан барлығы жүз мыңға жуық адам өтуі тиіс. Құқық қорғау органдарының басшы құрамынан емтихан алған алғашқы кезеңде әр бесінші басшы сынақтан өтпеді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG