Accessibility links

Бүгінгі "саяси қуғын көрушілер" кімдер?


Бірінші қатар (солдан оңға қарай): Арон Атабек, Владимир Козлов, Вадим Курамшин. Екінші қатар (солдан оңға қарай): Роза Төлетаева, Саят Ибраев.

Бірінші қатар (солдан оңға қарай): Арон Атабек, Владимир Козлов, Вадим Курамшин. Екінші қатар (солдан оңға қарай): Роза Төлетаева, Саят Ибраев.

Қазақстандық құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар тобы "саяси және ар-ұждан тұтқыны" деп анықтаған бес адам түрлі мерзімге сотталып, түрмеде отыр.

Әлдекімге "саяси тұтқын" деген статус беру кезінде құқық қорғаушылар нақты халықаралық құжаттарға сүйенеді. ПАСЕ (Еуропа кеңесінің парламент ассамблеясы) бекіткен саяси тұтқын атанудың өлшемдері мен шарттары да үлгі ретінде қолданылады. ПАСЕ-нің шарттарына сәйкес қандай да бір тұлғаға қатысты Еуропаның адам құқықтары жөніндегі конвенциясында көрсетілген кепілдіктер бұзылса, ол адам саяси тұтқын болып саналады. Яғни адам жеке пікірі, діни нанымы, я саяси көзқарасы үшін қамауға алынса, ол осындай статусқа лайық деп табылады.

Қазақстандық Адам құқығын қорғау бюросы мен "Тірек" Альянсы биылғы наурыз айында ПАСЕ-нің шарттарына сүйене отырып өзіндік критерийлер түзгенін жариялаған еді.

"Саяси тұтқындардың мәртебесін анықтап, тізімін жасаумен шұғылданатын құқық қорғаушылар альянсы" екі негізгі критерий ұсынған. Бұл критерийлерге сәйкес келуі үшін "саяси тұтқынға" бір немесе бірнеше қылмыс жасады деген саяси сипаты бар айып тағылған болуы керек, немесе оны бас бостандығынан айыру үшін қылмыстық заң дискриминациялық түрде, бұрмалана қолданылған болуы тиіс. Осы шарттарға сүйенген құқық қорғаушылар қазір қамауда отырған бес қазақстандықты "саяси тұтқын" ретінде атаған. Азаттық Қазақстандағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні сол бес азамат туралы мәліметті назарларыңызға ұсынады.

АРОН АТАБЕК (ЕДІГЕЕВ)
  • Қоғамдық белсенді, ақын.
  • 2006 жылғы "Шаңырақ оқиғасында" баспанасы бұзылған тұрғындарды қолдап шықты.
  • 2007 жылы "тәртіпсіздіктер ұйымдастырды" деген айыппен 18 жылға сотталды.
  • 2010 жылы Freedom to Create ұйымының Imprisoned Artist сыйлығына лайық деп танылды.
ВЛАДИМИР КОЗЛОВ
  • Оппозициялық саясаткер, тыйым салынған "Алға" партиясының жетекшісі
  • 2010 жылы президент сайлауына түсетінін мәлімдеді.
  • 2011 жылы жаңаөзендік ереуілші мұнайшыларды қолдап, қантөгістен соң тәуелсіз тексеруді талап етті.
  • 2012 жылы "әлеуметтік араздық тудырушы" ретінде 7,5 жылға сотталды.
ВАДИМ КУРАМШИН
РОЗА ТӨЛЕТАЕВА
  • Жаңаөзендік мұнайшыларды қолдаушы белсенді
  • 2011 жылдың жазында мұнайшылардың әлеуметтік мәселесі туралы акциялар ұйымдастырды.
  • 2012 жылы қаңтарда қамауға алынып, маусымда 7 жылға сотталды.
  • 2012 жылы тамызда Front Line Defenders оны қамаудан шығаруды талап етті.
САЯТ ЫБЫРАЙ (ИБРАЕВ)
  • Техника ғылымдарының докторы, ҚазҰТУ профессоры, сопылар қауымының жетекшісі
  • 2010 жылдың қазанында қамауға алынды.
  • 2011 жылдың қазанында "экстремизм" бабы бойынша 12 жылға сотталды.
  • 2011 жылы желтоқсанда сырттай Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлыққа ие болды
Қазақстандық сот және құқық қорғау органдары жоғарыда сотталған азаматтардың барлығын "саясатқа қатысы жоқ, қылмыстық әрекеті бойынша істі болған айыптылар" деп таниды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG