Accessibility links

Президенттің «әдеттегі тапқырлықтары»


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия канцлері Ангела Меркель. Берлин, 8 ақпан, 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия канцлері Ангела Меркель. Берлин, 8 ақпан, 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

«Жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе» (Абайдың сөзі), әйтеуір тағы бір аптаның аяғын көрдік. «Алысқан, жұлысқан, айтысқан, тартысқан – әурешілікті көре-көре келдік». Бірақ мен оның бәрін емес, осы аптада өзіме әсер еткен үш оқиғаны ғана айтайын.


Ақпанның 8-і күні Берлинде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті, одан соң баспасөз мәслихаты өткізді.

«Баспасөз мәслихаты кезінде Президент Н.Назарбаевқа бірнеше сұрақтар қойылды. Соның ішінде Елбасының денсаулығы туралы сұралды. Оған Президент әдеттегісінше тапқырлықпен жауап қайтарды. Яғни, өзінің жуырда медициналық бақылаудан өткенін, сонда емдеуші дәрігерінің мынадай денсаулықпен Сізді Кеңес Одағы кезі болса, әскерге де алуға болар еді дегенін жеткізді» деп жазады «Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан» рас айтады - мен де президент Назарбаевтың бұл кездесудегі тапқырлықтарына сүйсініп, тапқыр басшы бұйырмаған немістерді табалап отырдым.

І. ЕУРОПА ОДАҒЫНА КҮМӘН НЕМЕСЕ «РЕСЕЙДІҢ ҚОЛТЫҒЫ»

Еуропа Одағына барған Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағы туралы айтты. «Ресей өзгелерді қайтадан қолтығына жинап жатыр деген - құр байбалам, ұйымға мүше елдер ешқандай тәуелсіздігін жоғалтпайды, саяси бірігу туралы әңгіменің болуы тіптен мүмкін емес» деді.

Президент Назарбаев өзінің «постсоветтік кеңістіктегі интеграцияға жақын адам» екенін өзі ескертіп, Германияға «жер қойнауы, сирек металдар, химия, фармацевтика, металлургия, мұнай, газ саласында жұмыс істеуге» мүмкіндік беріп отырғанын баса айтып, ең соңында «әріптестеріме үнемі Еуропа Одағын мысал етемін» дей келе:

- Мені жерге қаратпассыздар деп сенемін, - деді Ангела Меркель ханымға.

Экономикасы әлем бойынша төртінші орын алатын, өткен жылғы жалпы ішкі өнімі 3,5 триллион долларға жуықтаған (жан басына шаққанда 43 мың доллар), Еуропа Одағын сүйреп келе жатқан елдердің бірі Германияға «Қазақстанды жерге қаратпаспыз!» деп айтатындай тапқырлық қайдан бітсін – өздері жерге қарады.

P.S. «Ресейдің қолтығы» жайлы бұл аптада қазақстандық саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов те айтты. Ол Еуразия Одағына байланысты Ресей, Беларусь, Қазақстанда референдум өткізуді ұсынды. «Өз бизнесі жоқ саясаткерсымақтар Нұрлан Ерімбетов - саясаттанушы, "Айт PARK" пікірталас клубының модераторы. Алматы, 3 қараша 2009 жыл.

Нұрлан Ерімбетов - саясаттанушы, "Айт PARK" пікірталас клубының модераторы. Алматы, 3 қараша 2009 жыл.

болашақта отаршылдық орнайды деп бізді қорқытып жүр. Президенттер, басшылар ауысты екен деп халықтың, елдің арасы өзгермесе екен. Ешбір билеуші өзгерте алмайтындай жағдай жасауымыз керек» дейді ол.

Нұрлан Ерімбетовтің айтуынша, «Совет Одағы құлаған соң тәуелсіздік алған елдер бағыт-бағдар іздеп, Америкаға, Еуропаға, Азияға тентіреген».

- Ақыры ешкімге керегіміз жоқ екенін түсіндік. Ортақ тарихымыз, ортақ жолымыз, ортақ өзеніміз бар. Тағдыр бізді бірге болуға жазғанын 20 жыл өткен соң ғана ұқтық. Мүмкін, бұл бағымыз шығар. Еуропаны кезгеннің арқасында әлемнің қатал екенін білдік, - дейді Нұрлан Ерімбетов.

Ал мен ойлап отырмын: «Ресеймен біріккісі келмейтінін» айтып, Еуропада «тентіреп» жүрген президент «Ресеймен біріккісі келетін» саясаттанушымен ақылдаспай ма!» - деп.

ІІ. «ӨЗІМ БАРДЫМ» НЕМЕСЕ ЖАҢАӨЗЕНІ ЖОҚ ЕЛ

Қазақстан президенті Германияға барған сапарында Жаңаөзен оқиғасы туралы да сөз қозғады. «Полицияның әрекетін ақтайтынын» тағы бір рет айтқан соң:

- Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер? Азаматтардың қауіпсіздігін қорғайтын шығарсыздар. Біз де сөйттік. Өзім ол жаққа бардым. Әрине, адам өлгені өкінішті болды. Көңіл айту үшін өзім бардым ол жаққа, - деді Назарбаев.

Германия «Сендер не істер едіңдер?» деген сөзге де тапқыр жауап таппады. «Азаматтардың қауіпсіздігін қорғау үшін» қарусыз қарапайым халыққа оқ атуға боларына ақылдары жетпеді ме, әлде осыдан бір ай бұрын ғана Гамбургтегі футбол жарысы кезінде екі клубтың жанкүйерлері төбелесіп, 38 полицейді жаралап кеткеніне ұялып тұрды ма – «Біз де атып тастар едік!» дей алмады.

P.S. Жаңаөзен мәселесі осы аптада үкіметте де сөз болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, наурыздың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова. Астана, 27 қаңтар 2011 жыл.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова. Астана, 27 қаңтар 2011 жыл.

ортасына қарай Жаңаөзен тұрғындарын «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша басқа аймақтарға көшірудің ережелерін жасалмақ.

- Халықты жұмыспен қамту бағдарламасының шағын қалалар тұрғындарының көшіп-қонуы туралы тармағына сай жаңаөзендіктерді өтініштер бойынша облыстан тысқары жерлерге көшіруді ұсынамын, - деді ол.

Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында Жаңаөзеннен 18 адам көшуге тілек білдірген.

Ал мен ойлап отырмын: «Жаңаөзенде қаза тапқан марқұмдардың жылдығына орай президент Назарбаев «өзі көңіл айта» барған кезде ол қалада тірі жан болар ма екен?» - деп.

ІІІ. «ЖҰМБАҚ ҰЙЫМНЫҢ ҚЫСАСТЫҒЫ»

Нұрсұлтан Назарбаев Германияға сапары кезінде Қазақстандағы сайлауларға кейбір ұйымдардың көңілдері толмайтынын да айтты.

- Американы, Ұлыбританияның, Францияның өкілдері – бәрі әділ, адал сайлау болғанын айтты. Бірақ өзі Парижде орналасқан, адам құқы жөніндегі бір ұйым бар. Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болды. Мен әлгі ұйымды кім құрғанын, кім сайлағанын еш таба алмадым. Оны біз сайлаған жоқпыз. Сондықтан тапсырыс орындайтын ұйымның пікірін елемейміз, - деді Қазақстан президенті.

«Париждегі, кім құрғаны белгісіз, бірақ Қазақстан сайламаған әлгі ұйымды» канцлер Ангела Меркель де білмесе керек – ол сөзге орай тапқыр жауап таба алмады:

- Тек Германия ғана емес, бүкіл Еуропа одағымен қарым-қатынас мәселесінде Қазақстанды қолдауға әзірміз, - деп қана құтылды.

P.S. Human Rights Watch (HRW) ұйымы Қазақстан президентінің Германияға сапарынан бір күн бұрын, ақпанның 6-сында Германия канцлері Меркельге хат Оппозиция белсендісі, қазір «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып бойынша тергеліп жатқан Серік Сапарғалиды полицейлер әкетіп барады. Жаңаөзен оқиғасына орай өткен жиын. Алматы, 17 желтоқсан 2011 жыл.

Оппозиция белсендісі, қазір «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып бойынша тергеліп жатқан Серік Сапарғалиды полицейлер әкетіп барады. Жаңаөзен оқиғасына орай өткен жиын. Алматы, 17 желтоқсан 2011 жыл.

жазып: «Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде Қазақстандағы адам құқықтары мәселелерін көтеріңіз, Жаңаөзен оқиғасында полиция оғынан қаза тапқан әр адамның өліміне қатысты тергеулердің жеке әрі ашық жүргізілуін талап етіңіз» деген еді.

Бұған қоса HRW ұйымы «Қазақстан билігі белсенділерге «әлеуметтік араздықты қоздыру» туралы екіұшты айып тағудан бас тартуы керек» деп ескерткен.

Қазақстанның азаматтық белсенділері Назарбаевтың Берлинге сапары қарсаңында Германия канцлеріне Жаңаөзен оқиғасы жөнінде хат жазып, Қазақстан президентін қабылдамауын сұраған.

Ал мен ойлап отырмын: «Президент Назарбаев Париждегі әлгі ұйымды кім құрғанын, кім сайлағанын білгенде, оларға не істер еді?» - деп.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG