Accessibility links

ЦРУ агенті Назарбаевты жылдар бойы пайдаланып жүрген бе?


Джеймс Гиффен, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының агенті

Джеймс Гиффен, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының агенті

Атышулы «Қазақгейт» ісі бойынша негізгі айыпкер Джеймс Гиффен ақыр аяғында түрмеге де кесілген жоқ, айыппұл да төлемеді. Бірақ, бұл жұмсақ жазаның салдары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен елдегі өзге де лауазымды тұлғаларға жұмсақ болып тие ме? Азаттықтың дөңгелек үстелі осы жайында.




Дөңгелек үстелге америкалық «Форин Полиси» журналының редакторы Стив Левин, Қазақстан оппозициясы шетелдік бюросының жетекшісі Серік Медетбеков, ұлыбританиялық тәуелсіз журналист Александр Народецкий, Орталық Азия бойынша сарапшы, ресейлік «Время новостей» басылымының бас редакторы Аркадий Дубнов қатысты.

Бұл дөңгелек үстелге ресми билік орган өкілдері де шақырылғанымен түрлі себептер айтып, қатыса алмады.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қарсыластары «Қазақгейт» деп атап кеткен бұл атышулы істің басы 1999 жылы басталған еді. Дәл осы жылы Швейцария билігі ресми Астананың өтініші бойынша қуғанда жүрген саясаткер Әкежан Қажыгелдинге тиесілі болуы мүмкін есепшоттарға іздеу салған еді. Осы сұрау бойынша Швейцарияның банкінде Қазақстанның саяси жетекшілері мен мен отбасы мүшелерінің және Джеймс Гиффеннің есепшоттары табылған болатын.

Сөйтіп, АҚШ азаматтарының шетелдегі жемқорлық әрекеттеріне қатысты Америка соты Гиффенге қарсы іс қозғады. Қазақстан басшылығына ондаған миллион доллар пара беруге қатысқан деген айып тағылған америкалық ықпалды бизнесменге қарсы сот процесінің соңғы кезеңінде судья айыпкерге бір жыл түрме жазасын кесіп, 25 мың доллар айыппұл төлету туралы шешім шығаруы мүмкін екендігі туралы Азаттық радиосы бұған дейін хабарлаған болатын.

АЙЫП ЕМЕС, ЖАЗА ТҮСІП ҚАЛДЫ

Жүргізуші:

- Джеймс Гиффеннің ісі бойынша қарашаның 19-і күні Нью-Йорк сотында шығарылған сот үкімінің осыған дейін сарапшылар айтып келген болжамнан қандай айырмашылығы бар? Әуелі сот үкімін шыққан кезде сот залында болған Стив Левин мырзаға сөз берсек.

Стив Левин:

- Жеті жыл бұрын осы іс туралы жарияланған кезде, көптеген адамдар, соның ішінде прокурорлар да, Гиффеннің кінәсін дәлелдеу өте оңай болатынын, оны 80 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұрғанын айтып, оның көп айыппұл төлейтінін де болжап үлгерген еді.
Стив Левин, "Форин Полиси" журналының редакторы

Прокурорлар мұны қолдарында бар ақша аударымдары туралы құжаттарға сүйеніп, сенімді түрде айтқан болатын. Бұл қылмыстық іс пара алу мен ақша жымқырудың классикалық үлгісі ретінде көрінді. Енді бұл айыптардың барлығы да алынып тасталды. Сіз сұрап отырған айырмашылық та осы. Үш ай бұрын Гиффенге салық төлеуден жалтарды деген жаңа айып тағылды. Ал шын мәнінде прокурорлар оған тағылған 65 пункт бойынша айыптарды сотта дәлелдей алмайтынын түсінген еді.

Жүргізуші:

- Бұл турасында, Серік мырза, сіз не айтар едіңіз?

Серік Медетбеков:

- Жылдар бойы Қазақгейт ісінің даму өрісін бақылап келем. Шынымды айтсам, барлық айыптар алынып тасталды деген Левиннің тұжырымымен келіспеймін. Айыптар алынған жоқ, айыптар мойындалды. Екі құжат бар...Гиффеннің компаниясымен арада болған келісімдерге қатысты құжаттар. Сондықтан прокуратура дәлелдемеді деп кесіп айту дұрыс емес.
Мұнда басты нәрсе, Америка сотының Назарбаев пен Балғымбаевтың қылмыс жасағанын, яғни жемқорлыққа қатысы барлығын, пара алғандығын ресми мойындауында.

Олар ештеңені де дәлелдеген жоқ, онсыз да барлық айыптар мойындалған. Үнемі айтып келемін, мәселе Гиффенге қанша берілгендігінде болып отырған жоқ. Соттың оған бір доллар көлемінде символдық айыппұл төлете салуы мүмкін еді. Мұнда басты нәрсе, Америка сотының Назарбаев пен Балғымбаевтың қылмыс жасағанын, яғни жемқорлыққа қатысы барлығын, пара алғандығын ресми мойындауында. Гиффеннің барлаушы ретінде қызмет атқарғаны да мойындалып отыр.

Александр Народецкий:

- Бір ғана негізгі айырмашылық бар - айып алынып тасталды деп есептегінімізбен, шын мәнінде, жаза алынып тасталды. Бұл сот шешіміндегі басты парадокс та осы болып тұр. Процестің ұзақ болуының өзі – қорғау жағының шеберлігін көрсетеді. Бұл жерде көптеген елдерде (оның арасында АҚШ та бар) жұмыс істеп жатқан Қазақстан лоббистерінің шеберлігі жатыр...Егер қазір Ленин тірі болғанда, онда бәлкім, Лениннің қандай ақшаға революция жасағаны туралы соттар болуы әбден мүмкін еді...

Аркадий Дубнов:

- Басты нәрселердің бәрі айтылды. Шешім шығарылған. Совет кезінде советтік соттың әлемдегі ең әділ сот екені туралы айтылды ғой. Меніңше, енді бұл тіркесті Америка сотына қатысты қолдану керек. Сот жетпіске таяған Джеймс Гиффенге аяушылық білдіріп, адамгершілік жасады. Оның суретіне қараңдаршы, ол шыныменен де қартайып кеткен. Шынымды айтсам, мен оны аяймын.
Америка Гиффенді елдегі ең ұлы барлаушылар тобына жатқыза жаздады.

Әріптестерім айтпақшы, бар мәселе тек онда жатқан жоқ қой. Бұл жерде осы мәселеге арнап жазған мақаламның тақырыбын сөзбе-сөз келтіре кетейін: «Америка өзінікін сатпайды». Жалпы, бұл тек Америкада ғана емес, барлық елде солай...Бір қызығы, Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) және өзге де арнайы қызмет органдарында жұмыс істеген адамдардың тізімінде Джеймс Гиффеннің аты жоқ болып шыққан.
Аркадий Дубнов, "Время новостей" газетінің бас редакторы. Мәскеу, 6 тамыз 2007 жыл

Осыған қарамастан Америка Гиффенді елдегі ең ұлы барлаушылар тобына жатқыза жаздады. Сондықтан әңгіме ауанын Америка жаққа емес, Қазақстан жағына бұрсақ. Қазақгейттің соңғы кезеңі штатта басталып, Қазақстанда аяқталмады деп тұжырым жасаған Народецкий мен өзге әріптестеріммен келісемін.

КІМНІҢ ЛОББИСІ КҮШТІ?

Жүргізуші:

- Сот үкіміне қандай ішкі және сыртқы күштер әсер етуі мүмкін?

Серік Медетбеков:

- Лоббистер өз ақшаларын «маңдай терімен ақтап шықты» деген Народецкиймен келісем. Тіпті артық еңбектенді десем де болады. Себебі, сондай лоббистік компаниялардың бірі («Глобал Офшенді» айтып отырмын) қазіргі таңда Қазақгейтке қарсы әрекет жасады деген компаниялар қатарында. Бірақ, енді олар қазіргі премьер-министр Мәсімовпен байланысты.
Лоббистері Назарбаев пен Балғымбаевты өмірдің қатал да ащы жағдайында қалдырып кетті. Қазір әңгіме Отанды сату туралы болып отыр.

Америка прокуратурасы «Глобалға» қатысты құжаттарға назар аударып жатыр. Меніңше, бұл енді келесі «Қазақгейт» болады. Десе де, Қазақстандағы лоббистерге келсек, олар өз ақшаларын ақтады деп айта алмаймын. Керісінше, Назарбаев пен Балғымбаевты өмірдің қатал да ащы жағдайында қалдырып кетті. Қазір әңгіме Отанды сату туралы болып отыр. 90-шы жылдардың басында Гиффеннің барлау басқармасында істейтіндігі туралы Назарбаевқа ескертілді, соған қарағанда ол да ақпарат пен ақшаны кімге беріп отырғанын білген сияқты.

Аркадий Дубнов:

- Шынында да, Астана АҚШ-та қарсы атмосфера (контратмосфера) тудырту үшін ондаған миллион доллар шығындады. Бұған штаттағы ішкі саяси коньюктура да өзі тарапынан жағдай жасады. Сол кездері Америка шенеуніктерінің өздері Қазақстанның лауазымды тұлғаларының Буш әкімшілігіне тікелей шығып, «Қазақгейт» процесін тоқтатуға күш салғаны турасында айтып жүргенін баса айтқым келеді. Бірақ, Вашингтон Америка сотының атқарушы билікке тәуелді емес екенін айтып, дәрменсіздік танытқан. Меніңше, шындық Қазақстанның түсінігіндегі әділ сот пен АҚШ-тағы әділ соттың нақты көрінісі арасында жатыр.

Александр Народецкий:

- Менің ойымша, бәрібір Назарбаев мырзаның Америкадағы лоббистері ғана емес, Қазақстандағы лоббистері де жақсы жұмыс істеген сыңайлы. Қазір де көз алдымызда жаман жұмыс жасап жатқан жоқ. Сіздер басты лоббист деп атаған, басты айыпталушы Назарбаев мырза ауған картасын қалай шебер ойнайды.
Бұл істің бағытын өзгерткен бір ғана фактор бар. Бұл – Орталық барлау басқармасының сотпен ынтымақтаса жұмыс істеуден (яғни, қажетті құжаттарды көрсетуден – ред.) бас тартуы.
Александр Народецкий, ұлыбританиялық тәуелсіз саяси сарапшы, журналист. Лондон, 2009 жыл
Сөйте отырып, ол америка-лықтар мен барлық батыс еуропа-лықтарды құшағына бұрынғыдан да қаттырақ қыса түседі. НАТО да екі қолы-аяғымен Назарбаев пен Қазақстанға байлаулы. Оның өзінде Назарбаев «Қазақстан ауған бағыты бойынша басты резервті базаға айнала алады» деп мәлімдеп отыр. Бұл оның өз позициясын бұдан да нығайтуға бел шеше кіріскенін көрсетеді. Яғни, бұл елдердің басшылары Назарбаевты сынаудан бұрын он рет ойланатын болады.

Стив Левин:

- Бұл істің бағытын өзгерткен бір ғана фактор бар. Бұл – Орталық барлау басқармасының сотпен ынтымақтаса жұмыс істеуден (яғни, қажетті құжаттарды көрсетуден – ред.) бас тартуы. Сондықтан адвокаттар қажетті дәлелдер жинақтай алмады, ал сот нақты жағдайда Гиффен өзін-өзі қорғай алмайды деп санады.

СОНЫМЕН, АҚША ҚАЙДА КЕТТІ?

Жүргізуші:

- Кезінде Швейцария билігі 85 миллион доллар қаражаты бар есепшотты құлыптап тастаған болатын. Кейіннен Қазақстан мен АҚШ арасында болған келісімге сәйкес, қазақ билігі бұл қаражатты «пара» деп бағалап, Қазақстандағы «Бота» балалар қорына аударатын болып шешті.

Қазір көптен күткен Гиффен ісі бойынша сот шешімі шықты. АҚШ тарихындағы ең ұзақ та, атышулы сот процесі біржола аяқталды деп айта аламыз ба? Онда Қазақстандағы «Бота» қорының есепшотына аударылған 84 миллион доллар қайдан шықты?

Серік Медетбеков:

- Ол кезде әңгіме Қазақстанға берілуі тиіс 85 миллион доллар туралы емес. 84 миллион доллары кәмпескеленген 300 миллион доллар туралы болды. Бұл 300 миллион доллардың тағдыры әлі шешілген жоқ. Бірақ менің ойымша, бұл қаражат бәрібір де Америка бюджетіне құйылады.
Сіз айтып отырған «Бота» қорына берілді деп есептелетін 84 миллион доллар өкінішке орай, қорға әлі жеткен жоқ. Себебі, бұл қор қазіргі уақытта «Самұрық-Қазынадан» алған несиемен күн көріп отыр.
Серік Медетбеков, Қазақстан оппозициясы шетелдік бюросының жетекшісі. Дрезден, 2009 жыл

Сіз айтып отырған «Бота» қорына берілді деп есептелетін 84 миллион доллар өкінішке орай, қорға әлі жеткен жоқ. Себебі, бұл қор қазіргі уақытта «Самұрық-Қазынадан» алған несиемен күн көріп отыр. Бұл да түбі жоқ әңгіме. Ақырында Қазақстан бұл қаражаттан айрылады. Себебі, бұл қаражаттың Қазақстанға қайтарылуының заңдық негізі жоқ.

Аркадий Дубнов:

- Шыныменен де ақша бар, ақша кәмпескеленген. Бірақ бүгінгі таңда бұл ақшалардың кімге тиесілі екені белгісіз. Бұл ақшаларды тек қорға ғана емес, Қазақстанның қазынасына, халқына қайтаруға тиіс компаниялар бар. Бірақ олар туралы деректер өте аз. Қазақстан үшін бұл іс ашық күйінде қалмақ. Егер Гиффеннің барлаушы болғаны рас болып, бақылаусыз қордан алынған ақшаның жұмсалғаны белгілі болса, онда бұл ақшалар қандай да бір қызмет үшін төленген болып шығады емес пе.

Демек, ұлы барлаушының Қазақстандағы серіктерінің бірі оған қызмет көрсетіп, және сол қызметі үшін ақы алған. Бұл бір жағынан алып қарағанда қызмет үшін ақы болып есептелгенмен, мұның Отанды сату деген екінші атауы да бар. Бәрі де бұл оқиғаға қай жағынан қарауда болып отыр.

Жүргізуші:

- АҚШ соты Гиффенге АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының тапсырмасын орындағаны үшін жеңіл жаза тағайындады. Бұл үкім Қазақстан басшыларының беделіне әсер етуі мүмкін бе?

Аркадий Дубнов:

- Қазақстанда Ұлт көшбасшысы туралы заң бар. Оған сәйкес, Назарбаев имиджіне нұқсан келтіретін кез-келген ақпарат-деректердің қолданылуына тыйым салынған. Жалпы «Қазақгейтке» қатысты барлық ақпаратқа, тіпті бұл сөздің өзіне де тыйым салынған. Сондықтан мұның Қазақстанның өз ішінде қызу талқыға салыну мүмкіндігі туралы айтудың өзі артық... Барлығы да саяси коньюнктураға байланысты. Келесі ұрпаққа ұлт көшбасшысының жарқын бейнесіне кір келтірмеу қажеттілігіне байланысты.

Александр Народецкий:

- Жағдайды сараптау кезінде бір фактор туралы айтуды ұмытып кеткен сияқтымыз. Қазақстанға төнген кез келген қара бұлтты ысыра тұруға мүмкіндік беретін фактор. Гиффен АҚШ пен Совет үкіметі арасында болған құпия келіссөздерге қаныққан. Бұл да өте маңызды. Сондықтан бүгінгі таңда ресейлік факторды да Назарбаев ұтымды қолдануы мүмкін. Ресейге Назарбаевты қаралау тиімсіз, ол жағдайды бақылап отыр. Сондықтан Ресей де Қазақстанның әлемдегі лоббистерінің бірі болуы ықтимал.

Стив Левин:

- Қазақстандағы ақпарат құралдары мен саясаткерлердің бұл үкімді қолдана отырып, Назарбаевқа қалай және қаншалықты деңгейде ықпал ете алуы да маңызды. Мұнымен қатар «осының бәрі рас па?» деген сауал туындайды. Өз басым Гиффеннің сотта ойнаған рөліне сенбеймін.

Маған сотта судья үкімді емес, Гиффеннің баяндамасын оқып отырғандай әсер қалдырды. Бұл мен үшін ең үлкен таңғажайыптың бірі. Дәл сол уақытта сот залында мен де болған едім. Қасымда отырған журналистер мен адвокаттар сот шешімін естіген кезде өз құлақтарына өздері сенбеді.

Серік Медетбеков:

- Дубнов атап өткендей, Ұлт көшбасшысы туралы заңға сәйкес, Назарбаев жауапқа тартылмайды дегенмен, мемлекетке сатқындық жасау қазіргі президентке импичмент жариялаудың жалқы негізі болып қала береді.
Біздің айтып отырғанымыз мемлекетке сатқындық жасау туралы 50-ші бап. Өзге елдің барлаушысымен ұзақ жылдар бойы ақылы түрде әріптестік жасау. Ресейлік барлаушылар Гиффеннің барлаушы екенін Назарбаевқа айтқан да болатын.
Мемлекетке сатқындық жасау қазіргі президентке импичмент жариялаудың жалқы негізі болып қала береді.

Меніңше, бұл кісілер Қазақстан тарихында өздерінің қандай бейнеде қалуы туралы ойлануы тиіс. Басты күдікті өз ықпалын жоғалтқан кезде Қазақстанда әділ сот салтанат құрады... Менің ойымша, әділ соттың қалыптасуына жағдай туған кезде Қазақстан халқы Назарбаевты жауапқа тартады. Дубнов мырза режим өзгергенімен түк шықпайды дейді. Бірақ, Түркіменстанда да режим ауыспады, сол күйі авторитарлы боп қалғанмен, Түркменбашы қайда кетті? Оның есімі тарих бетінен мәңгіге өшірілді. Меніңше, Назарбаевты да дәл осындай тағдыр күтіп тұр.

КІМ ПАТРИОТ БОЛЫП ШЫҚТЫ?

Жүргізуші:

- Америка Джеймс Гиффенді өз елінің патриоты деп тапқанда, Гиффен ісіне қатысы бар Назарбаев бастаған Қазақстан билігінде отырған лауазымды тұлғаларды өз елінің патриоты деп атауға бола ма?

Аркадий Дубнов:

- Бұл сұраққа алдағы жауапта жауап бердім. Егер қажетті коньнюктура жасалса, Назарбаевтың дәл сондай патриотқа айналуы да ғажап емес.

Александр Народецкий:

- Назарбаев қаншалықты деңгейде Қазақстанның патриоты болса, сондай деңгейде өз-өзіне патриот. Қалай болған күнде ол өзін әзірге, асқан шеберлікпен қорғап келеді және өзінің болашағын мықтап қолға алған.

Серік Медетбеков:

- Егер Гиффен ақ болса, онда қалғандарының қандай түске оранатыны белгісіз. Маған осындай әсер қалдырды.

Стив Левин:

- Менің білгім келетіні – Гиффен Назарбаевқа ЦРУ-ге жұмыс істейтінін айтты ма екен? Гиффен өзін бір ғана стратегияға сүйеніп қорғап шықты – Назарбаевтың қасында қызмет істеген жылдары барлық ақпаратты ЦРУ-ге жеткізіп отырдым деді. Назарбаев бұл туралы білді ме? Егер білсе, не ойлағаны болды? Ал білмесе, қазір не ойлайды екен?

Жүргізуші:

- Құрметті қонақтар, Азаттық радиосы осымен бүгінгі дөңгелек үстелін аяқтайды. Барлығыңызға рақмет.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG