Accessibility links

Президенттікке кандидат Ғани Қасымовқа сауал


Президенттікке кандидат, парламент депутаты Ғани Қасымов. Алматы, 12 қазан 2010 жыл.

Президенттікке кандидат, парламент депутаты Ғани Қасымов. Алматы, 12 қазан 2010 жыл.

Азаттық вебсайтында онлайн-конференцияға қатысудан соңғы сәтте айнып қалған Ғани Қасымов сайлаушылардың сұрағына жауап берер деп үміттенеміз. Кандидатқа айтары бар оқырмандар сұрақтарын төмендегі форумға жаза алады.

61 жастағы Ғани Қасымов – халықаралық қатынас бойынша маман. ҚазМУ-ді және Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген. Ұзақ жылдар сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған. Кеден комитетінің төрағасы болған.

Ғани Қасымов – 2007 жылы президент жарлығымен тағайындалған санаулы сенатордың бірі.

Ол 2002 жылы да президенттікке кандидат болып тіркелген.

Ғани Қасымов Азаттық радиосына тікелей желіде сұқбат беруден айнып қалды. Сұқбат наурыздың 17-сі күні Астана уақыты бойынша алдымен сағат 16.00-ге белгіленіп, кейін сағат 17.00-ге шегерілген еді. Бұның алдында ол «Азаттық сайтында онлайн-конференция өткізіңіз» деген ұсыныстан да бас тартқан болатын.

Президенттікке кандидат Ғани Қасымов сауалдарға осы форум арқылы тікелей жауап бергісі келсе, әр пікірдің оң шақ шекесіндегі «Сіздің бұған қосарыңыз» деген сілтемені басып, әрі қарай жаза беруі керек.

Сұрақ қою және жауап беру сәуірдің 1-інде аяқталады.

P.S. Құрметті оқырман, өкінішке қарай Ғани Қасымов мырза да, оның көмекшілері де сіздердің сауалдарыңызға қатысты жақ ашып жауап бермеді. Сәуірдің 1-і түн ортасы ауғанша бір де бір жауап түскен жоқ. Қазақстандағы мерзімінен бұрын президенттік сайлау кезіндегі үгіт-насихат сәуірдің 2-і тоқтауы керек. Орталық сайлау комиссиясы осы ережені бұзды деп бізге айып тақпас үшін бұл форумды жабуға мәжбүрміз.

Сұрақ қойып, форумға белсенді түрде қатысқан барша оқырмандарға алғыс айтамыз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG