Accessibility links

Дархан Қалетаев президент Назарбаевтың жалғыз міні - көңілшектігі деп біледі


«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Дархан Қалетаев. Алматы, 3 қараша, 2009 жыл.
«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Дархан Қалетаев. Алматы, 3 қараша, 2009 жыл.

«Нұр Отан» жетекшілерінің бірі Дархан Қалетаев үкіметті отставкаға жіберуге негіз жоқ деп есептейді. Оның президент ескерткішіне көңілі толмайды, ал әйелінің табыс декларациясын жариялатуға дәрмені жетпейді.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Дархан Қалетаев сейсенбі күні Алматыда «АйтPARK» пікірталас клубында қонақта, болып ұйым жетекшісі Нұрлан Ерімбетовтің және журналистердің сұрақтарына жауап берді. Солардың бірқатарын блиц сұхбат үлгісінде назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«ҰЛТ КӨСЕМІ» ТУРАЛЫ

- Сіздің «ұлт көсемі» туралы идеяңызды Назарбаевтың өзі қалай қабылдады және онымен келісілген бе?

Д.Қ: Бұл мәселені мен партия лидерімен келіскен жоқпын.

- Сонда сіз президентпен келіспестен...

Д.Қ: Оған қоса ол маған бұлай жасауға тыйым салған жоқ.

- Мұндай статусты заңдастырудың не қажеті бар?

Д.Қ: «Ұлт көсемі» туралы заң жобасын қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынысты мен жасадым. Үш нұсқасы ұсынылып отыр: біріншісі – «ұлт көсемі» туралы жеке заң қабылдау; екіншісі – «ұлт көсемі» туралы декларация қабылдау – бұл Ерлан Қариннің ұсынысы; үшіншісі – оны басқарушы партияның тұрақты көсемі ретіндегі формасын анықтау ұсынылып отыр.
Менің пікірімше, заңдастыру жағы президенттен гөрі халыққа керек сияқты...

- Бізге бұл заң не үшін керек?

Д.Қ: Менің пікірімше, заңдастыру жағы президенттен гөрі халыққа керек сияқты.

- «Лидер нации» үғымын қазақша қалай аударуға болады?

Д.Қ: Бұл мәселені бір топ адам қарастырып жатыр. «Ұлт лидері» деген ұнайды өзіме, бәрі «ұлт көсемі» деп айтып жүр. Бірақ енді Ленинді көсем ретінде көріп кеткен сияқты...

- Мұсылмандар одағы сізді партия лидерінің мәңгілік орынбасары деп атауды ұсынды. Осы ұсынысқа қалай қарайсыз?

Д.Қ: Өмірлік орынбасарлыққа қарсымын.

ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ҮКІМЕТ

- Нұрсұлтан Назарбаевтың бір кемшілігін атай аласыз ба?

Д.Қ: Кемшілігі - ол кісі кейбір кезде елдің көңіліне қарайды, көңілшек. Елге күн туып тұрған жауапты кезде бұл қасиетті мен кемшілік деп ойлаймын.

- Назарбаевтан кейін елді керемет басқаратын үш адамнын есімін атай аласыз ба?

Нұрлан Ерімбетов, "Айт PARK" пікірталас клубының модераторы. Алматы, 3 қараша 2009 жыл.
Д.Қ: Нақты адамдарды айта алмаймын. Бірақ «ұжымдық мұрагер» болу керек деген ойдамын.

- Үкіметті неге отставкаға жібермейсіздер?


Д.Қ: Біздің – басқарушы партия ретінде – Үкіметтің жұмысына көңіліміз толады. Үкіметті отставкаға жіберуге ешқандай негіз жоқ деп есептеймін.

- Осы жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өсіріледі деп уәде берілген. Не себептен кейінге қалдырылды?

Д.Қ: Ақша жоқ. Басқа себебі жоқ. Өкімет сөйтіп айтып отыр.

- Табыс және мүлік декларациясын жариялау туралы өзіңіздің ұсынысыңызды сіздің отбасыңыз орындамапты. Сіз және жұбайыңыз оны жариялай ма?

Д.Қ: Біз оны жарияладық. Ал менің отбасыма келер болсақ, мен әйелімді оны жариялауға көндіре алмадым. Осы жылы көндіруге тырысамын...

ҚАЛЕТАЕВ ОППОЗИЦИЯМЕН СӨЙЛЕСПЕЙДІ

- Жақында оппозициялық екі партия бірікті. Президент Назарбаевты жақтайтын басқа да партиялармен біріккілеріңіз келмейді ме?

Д.Қ: Менің өзім мұндай бірігуді қолдаймын. Бірақ біз қазір оған дайын емеспіз.

- Азат ЖСДП партиясымен жұмыс істеу ойларыңызда бар ма?

Д.Қ: Мен бір жыл бойы барлық лидерлермен кездесу бастамасын көтеріп келдім, бір жыл бойы солардың соңынан жүрдім. Өкінішке қарай, олар тек қана президентпен сөйлескісі келеді: олар өздерінің «жоғарғы» дәрежесі үшін мені «кішкентай» деп есептейді. Енді мен олармен сөйлеспеймін.

- Сіз сонда өсіп кеттіңіз бе?
Азат ЖСДП тең төрағасы Жармақан Тұяқбай оппозициялық екі партияның бірігу съезінде. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.


Д.Қ: Мен өсіп кеткен жоқпын. Өйткені мен оның мәні жоқ екендігін түсіндім.

- Отан үшін тағы бір талпыныс жасап көрерсіз?

Д.Қ: Отан үшін мен оларды түсініп, олар мені неге түсінбеуі керек?

- Үшінші бір күш келіп сіздерді де оларды да ығыстырып шығаруы мүмкін бе?

Д.Қ: Әрине мүмкін. Бірақ бұлай болмайды деп үміттенемін.

- Үшінші күштің ішінен бір адам шығып сіздерді келіссөздер үстеліне отыруға мәжбүр етсе қайтесіз?

Д.Қ: Келісөздерге жол жоқ деп кесіп айтпаймын. Мен Қосанов мырзадан басқасының барлығымен де келіссөздер жүргізуге дайынмын.

«ХАНДАРДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ТҮРКІСТАНДА ОРНАТЫЛСЫН»

«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Дархан Қалетаев. Алматы, 3 қараша, 2009 жыл.
- Жақында «Қазақ елі» монументі ашылды. «АйтPARK» клубының көркемдік кеңесі ескертшіктің безендірілуін «ауылдық-провенциалдық» деп есептейді.

Д.Қ: Бұл монументті бұдан да жақсырақ етіп жасауға болар еді.

- Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіштерінің керексіз болып далада жатқанына не айтар едіңіз?

Д.Қ: Мен өзім оларды Қозыбасыға апарып қою керек шығар деп ойлағам. Соңғы кездері ескерткіштерді Түркістанға қою керек деп ойымды өзгерттім.

- Соған кінәлі адамдарды табасыздар ма?

Д.Қ: Онда заң органдарына берейік бұл сұрақты. Керек болса қазір мен партияның атынан прокуратураға жазайын...
XS
SM
MD
LG