Accessibility links

Жастар аз уақыт ішінде референдумға сонша қол жинау мүмкін емес дейді


«Жастар - Азаттықта» клубының 2010 жылды қорытындылаған хабарында қазақ жастары өткен жылда есте қалған елеулі оқиғаларды сөз етті. Олар Назарбаевты тағы 10 жыл билікте қалдыру үшін қол жинап жатқан бастамашыл топтың әрекетіне байланысты пікірлерін де білдірді.

– Назарбаев 2050 жылға дейін президент болып қалса, қуанышты болар едім. Негізі, басшылығымыздың арқасында, Назарбаевтың арқасында осындай халге жетіп отырмыз ғой. 15 жылдың ішінде Қазақстанды өз қолына көтеріп алды. Егер ол былай істеу керек, былай істеу керек деп айтпаса, осындай сәтке келмес едік. Салыстыру үшін айтсақ, Өзбекстан, Қырғызстан бәріміз тәуелсіз мемлекет болдық. Соның ішінде ең бірінші алдыға шыққан – біздің Қазақстан, – дейді «Жас Отан» жастар қанатының аты-жөнін айтпаған бір мүшесі.

Ал «Рух пен тіл» клубының мүшесі Жанболат Мамай референдум туралы ұсыныстың жоғарғы билік тарапынан шыққанына сенімді.

– Референдум мәселесі жоғарыдан басталмаса, 287 мың қолды екі күнде жинау мүмкін емес екенін бәріміз білеміз. Ол енді ертегіге ұқсас дүние. Шын мәнінде Қазақстандағы тәуелсіз қоғамдық ұйымдардың бәрі жабылатын болса да, мұндай қолды өмірі жинай алмайтын шығар. Қалай болғанда да референдумның өтетіні анық. Мұны президенттің өзі шешпейді, парламент шешеді. Ақорданың өзі барлық мәселені парламентке аудара салған сияқты. Парламенттің қандай шешім қабылдайтынын бәріміз білеміз, – деді Жанболат Мамай.

Бағдарламаның соңында хабардың қонағы ақын, журналист Тоқтарәлі Таңжарық әдебиет, қоғам туралы ойларымен бөліседі.

«Жастар Азаттықта» бағдарламасын тыңдаңыз:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG