Accessibility links

Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықовқа сауал


Қазақстан президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың үгіт плакаты. Астана, 8 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың үгіт плакаты. Астана, 8 сәуір 2015 жыл.

Азаттық Қазақстан президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовты онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.

Азаттық сайты Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына түсіп жатқан үш кандидаттың барлығына онлайн-конференция өткізу жайлы ұсыныс жолдаған еді. Оқырмандар Қазақстан президенттігіне кандидаттар Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбілғазы Құсайыновқа сайтымызда сауалдарын қойып жатыр.

Президент сайлауына түскен кандидаттардың енді бірі - президентшіл Қазақстанның коммунистік халық партиясынан (ҚКХП) ұсынылған 67 жастағы Тұрғын Сыздықов. Ол Совет Одағы тұсында жергілікті комсомол және партия ұйымдарында қызмет еткен. СССР құлаған соң Ақмола облыстық мәслихаты аппараты жетекшісі, 2013-2014 жылдары Көкшетау мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі болған. Тұрғын Сыздықов - 2014 жылдан бері ҚКХП орталық комитеті хатшыларының бірі.

Тұрғын Сыздықов сайлауалды бағдарламасында партиясының "еңбекті капиталистік қанаумен" ашық күресетінін мәлімдеп, қоғамның барлық мүшелеріне әлеуметтік ахуалына қарамастан тең бөлінуі тиіс "материалдық игілікті бөлістің буржуазиялық қағидаларына" қарсы екенін айтқан.

Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды штабы өкілдері Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен онлайн-конференцияға шақыруды алғандарын растап, оны ойластырып көруге уәде етті. Азаттық сайлауалды науқаны аяқталғанға дейін Тұрғын Сыздықов сайлаушылар сұрағына жауап берер деп үміттенеді. Оқырмандар президенттікке кандидатқа қоятын сұрақтарын төмендегі форумға жаза берулеріне болады.

Тұрғын Сыздықов өзіне қойылған сауалдарға осы форум арқылы тікелей жауап бергісі келсе, әр пікірдің оң шақ шекесіндегі «Сіздің бұған қосарыңыз» деген сөзді басып, әрі қарай жаза беруіне болады. Кандидаттың жауабын аудио не видео түрінде де жариялауға мүмкіндік бар. ​

Сұрақ қою және жауап беру сәуірдің 24-інде аяқталады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG