Accessibility links

Базардың бағасы шырқап барады


Атыраудағы көкөніс базары. 27 қыркүйек 2010 жыл.

Атыраудағы көкөніс базары. 27 қыркүйек 2010 жыл.

Күзге қарай базарлар мен дүкендерде күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының шарықтап бара жатқанына алушымен қатар, сатушы да алаңдайды. Бірақ қымбатшылықтың нақты себептерін екі тарап та білмейді, дегенмен өздерінше топшылап тон пішеді.



Қазақстанның кейбір өңірлерінде халық тұтынатын негізгі азық-түліктердің ішінде күнбағыс майы, ұн, күрішпен қатар ауылшаруашылық өнімдері соңғы бір-екі айдың ішінде 50-60 пайызға қымбаттағаны байқалады дейді базарда кездескен жұрт.

Мәселен Алматы базарларында бес литр күнбағыс майының бағасы осыдан екі ай бұрын 1050 теңге болса, қазір 1500 теңге тұрады. Ал 25 келілік бірінші сортты ұнның бұрынғы бағасы 900 теңге айналасында еді, қазір 1700 теңге тұрады. Экономистер қымбатшылықтың орын алуына алыпсатарлар кінәлі дегенді алға тартады.

Азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттағанына сатушылар да алаңдаушылық танытып отыр. Олар азық-түлік бағасының бірден 50 пайызға дейін көтерілуі себебінен сатып алушылар қатары азайғанын жеткізді.

Алтын орда базарының сатушысы - Арайлым азық-түлік бағасының не үшін қымбаттағанын білмейтінін айтады. Оның сөзіне қаарғанда, тауар таратушылар қымбат бағамен әкелгендіктен, өздері де қымбатқа сатуға мәжбүр. Арайлымға фирмадан келіп таратушылар сұранысқа ие азық-түліктердің бағасы бір- екі күннен кейін тағы қымбаттайтынын ескерткен екен.

Экономист Бейсенбек Зиябекұлы қымбаттауға азық-түліктің жетіспеушілігі себеп болып отыр дейді. Оның айтуынша, ай сайын азық-түліктің бағасы бақылауға алынбайды. Сонымен қатар ол күзде жиналған өнімді сақтауға мемлекеттің мүмкіндігі болмағандықтан, төтенше жағдайларға дайын емес дейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG