Accessibility links

Түрмедегі азаматтардың туыстары президентті көре алмай, арыздарын кеңсеге тапсырып қайтты


Түрмедегі азаматтардың туыстары президент әкімшілігінің алдында тұр. Астана, 1 сәуір 2011 жыл.
Түрмедегі азаматтардың туыстары президент әкімшілігінің алдында тұр. Астана, 1 сәуір 2011 жыл.

«Түзету мекемесіндегілер зорлық-зомбылықтың, заңсыздықтың құрбаны болып жатыр» деген ата-аналар президент Назарбаевқа шағымданбақ болып Астанаға келді.

Жұма, сәуірдің 1-і күні Астанаға Алматы, Қарағанды, Қостанай, Петропавловск және Арқалық қалаларынан келген 20-ға жуық адам түрмеде отырған туыстарының жағдайын қазіргі президент әрі кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізбек болды. Олар түрме басшылығы сотталғандарды туыстарымен кездестіру үшін пара талап ететіндігін, ондағы адам құқығының сақталмауын, азаптайтынын айтып шағымданды.

ТАЛАП-АРЫЗ

Астанадағы президент әкімшілігіне келгендердің арасында Атбасар түрмесінде соққыға жығылып мүгедек болып қалған Максим Соколовтың анасы Галина Гринчак та болды. Ол ұлын түзету мекемесінің басшылығы «аяғынан асып қойып, аяусыз ұрып-соқты» дегенді айтады.

– Қазір ол өздігімен жүре алмайды. Балдақпен жүреді. Бір аяғы мен қолы қозғалмай қалды, – деді Галина Гринчак Азаттыққа.

Галина 30 жастағы ұлының «аяқ астынан мүгедек болып қалғандығын» колония басшылығы ақылға қонымсыз себеппен түсіндірмек болды дегенді айтады.

– Олар алдымен ешқандай түсініктеме берген жоқ. Түрме басшысы менімен сөйлескісі де келмеді. Кейін олар «ұлың бала кезінде құлап, омыртқасын
Түрмедегі азаматтардың туыстары мен құқық қорғаушылар. Астана, 1 сәуір 2011 жыл.
зақымдап алған, қазіргі оның осындай мүшкіл халі сол жарақатпен байланысты» деп отыр. Мен ұлыммен кездесуге барған сайын түрме әкімшілігі менімен не туралы сөйлесу керек, нені айтып нені айтпау керек дегенді оған үйретіп жібереді. «Айтпасаң – өлтіреміз» деп қорқытады. Ұлым да қорқады, «мама, оларға тиіспе, әйтпесе түбіме жетеді дейді», – деді Галина Гринчак.

«ПРЕЗИДЕНТТІҢ БҰДАН БАСҚА ДА ЖҰМЫСЫ ЖЕТІП ЖАТЫР»

Астанаға жиналған әрбір ананың қолында сотталған туысына қатысты шағым-арызы болды. Олар шағымдарын президент кеңсесіне тапсырды. Оған қоса оқиға орнына келіп, жиналғандамен тідескен мәжіліс депутаты Ирак Елекеевке де арыздардың бір данасын беріп кетті.

Азаттық радиосына түсініктеме берген депутат Ирак Елекеев «президенттің мұндай мәселелермен айналысатын уақыты жоқ» екендігін айтты. Оның сөзінше, аналардың бүгінгі көтерген мәселесі күнделікті шешімін табуы қажет. «Сондықтан оны дәл сайлаумен байланыстырып, осы науқанның алдында
Парламенттің мәжіліс депутаты Ирак Елекеев түрмедегі азаматтардың туыстарымен кездесіп тұр. Астана, 1 сәуір 2011 жыл.
қандай да да бір шаралар ұйымдастырудың қажеті жоқ» дегенді айтты депутат.

– Күнделікті істейтін жұмыс бұл. Ал кей азаматтар «осыны пайдаланып, осы сайлауға дейін президентке жетуіміз керек» дейді. Президенттің де жұмысы көп қой. Онда біз не үшін отырмыз мына жерде, мемлекеттік қызметкерлер? Мен осы шенеуніктердің осы бір қылығына түсінбеймін. Неге біз барлығын келіп елбасына тіреп қоямыз? И так то оның жұмысы жетіп жатыр, – дейді депутат Ирак Елекеев.

Азаттық тілшісімен телефон арқылы тілдескен депутат Елекеев президент сайлауы өткеннен кейін түзету мекемелеріне барып, ондағы жағдайды өз көзімен көруді жоспарлап отырғандығын айтты.

– Вадим Курмашинмен бірге, ата-аналар және ақпарат құралдарымен бірге түрмелерге баруды жоспарлап отырмын. Қай колонияға барған жөн – ойластырайық. Қай жерде кемшіліктер бар, көрейік, – дейді депутат Ирак Елекеев.

Бірақ бұдан бұрын Гранитный түрмесіне депутат Айгүл Соловьеваның барғанын, бірақ айтарлықтай ешнәрсе өзгерте алмағандығын тілге тиек еткен Галина Гринчак (сотталған азаматтың) депутат Елекеевке де сенгісі жоқ.

– Үміт бар, бірақ сенім жоқ. Себебі бұдан бұрын да бір «халық қалаулысы» «өз көзіммен көремін» деді де, ешнәрсе жасаған жоқ, – дейді Галина Гринчак.

Ирак Елекеевпен бірге түзету мекемесін араламақ болған құқық қорғаушы Вадим Курамшин Азатыққа хабарласып, тексерістің басы Атбасар, Арқалық және Қостанай түрмелерінен басталатындығын айтты.
XS
SM
MD
LG