Accessibility links

Тұтқындардың туыстары Қостанай түрмесінде бүлік шығуынан қауіптенеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қатаң режимдегі УК 161/2 түрмесінде бүлік шығып, ол жерге арнайы жасақ кіргізілгені туралы хабар алған сотталушылардың туыстары Қостанайға келді. Алайда қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл хабарды теріске шығарды.


Сотталушылардың туыстарының бірі 20 адамның түрмеде отырған жақындарымен кездесуге мүмкіндік алғанын айтты.

Түрме төңірегіндегі оқиғалардың көрігі қызып жатқанда УК 161/2 түрмесінің бастығы Сергей Громченко қызметінен босатылды. Ал түрме бастығының орынбасары Дидар Смағұлов түрме бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комиетінің өкілі Самал Ғадылбекованың айтуына қарағанда, түрмедегі қызметтік тексеріс аяқталған.

– Колония бастығы қызметінен босатылды, бірақ қандай себеппен босатылғаны әзірге хабарланған жоқ, - деді Самал Ғадылбекова.

Қылмыстық-атқару жүйесі комиетінің баспасөз қызметі УК 161/2 түрмесінде бұған дейін кезекті тексеріс жүргізілгенін, алайда оның түрмеде өздерін ұрып-соққаны мен мен азаптағаны туралы «Қазақстандағы социалистік қарсыласу» оппозициялық ұйымының сайтында жарық көрген тұтқындардың шағымына қатысы жоқтығын мәлімдеген болатын.

Қылмыстық-атқару жүйесі комиеті баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов бұл шағымдарды «мереке алдында түрмеде толқу туғызу үшін әдейі жасалып отырған арандатушылық әрекет» деп атады.

«ҚЫЗДЫРЫЛҒАН ТЕМІР БАСАМЫЗ»

Ғалымжан Хасенов УК 161/2 түрмесінде осыған дейін «асыра сілтеушіліктер болғанын, алайда оның енді қайталанбатынын» айтты.

Бірақ сотталушылардың туыстары колонияда «жаппай жолсыздық» орын
Сотталушыларды қалай ұрып-соғатынын өз көздерімен көріп келді. Олардан әскери тәртіп талап етіп, аяқты алға тік ұстап, марш жасатып, әлдебір түсініксіз ән айтқызады екен. Ал мұны жасай алмағандарды жөн-жосықсыз сабайтын көрінеді.
алып отыр деп санайды. 13 наурыз күні «Қазақстандағы социалистік қарсыласу» оппозициялық ұйымының сайтында түрмеде болып жатқан азаптау әрекеттері жайлы сотталушылардың бейне үндеуі жарияланған болатын.

Қостанай түрмесінде баласы жазасын өтеп жатқан Құрманғазы Шалағұлов Азаттық радиосына телефон арқылы:

– 2010 жылдың желтоқсанында әйелім мен қызым Қостанай түрмесіне барған болатын. Сол кезде олар сотталушыларды қалай ұрып-соғатынын өз көздерімен көріп келді. Олардан әскери тәртіп талап етіп, аяқты алға тік ұстап, марш жасатып, әлдебір түсініксіз ән айтқызады екен. Ал мұны жасай алмағандарды жөн-жосықсыз сабайтын көрінеді. Олай болса бұл түзеу мекемесі емес, концлагерь ғой, – деді.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов «мұндай бассыздықтарға енді жол берілмейді» деді.
Қылмыстық-атқару жүйесі комиеті баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов. Астана, 18 тамыз 2010 жыл.


– Бұлар - бұрынғының қалдықтары. Ондай әрекет жасамақ болғандардың денесіне қыздырылған темір басып, жөнге саламыз, – деді Ғалымжан Хасенов Азаттық радиосының тілшісіне.

«ДАУЫЛ АЛДЫНДАҒЫ ТЫНЫШТЫҚ»

Алайда сотталушылардың туыстары түрмеде шығуы мүмкін жаңа жанжалдардан қауіптеніп отыр.

Ринат Валеевтің (өз бауырының тағдырына қауіп төне ме деп сескенген бұл
Бауырым сотталушыларға қазіргі уақытта қоқан-лоққы жасалып отырғанын хабарлады. Түрме әкімшілі «тексерушілер қалай кетеді, солай әкелеріңді танытамыз» дейді екен.
адам өзінің аты-жөнін өзгертіп жазуды өтінді) сөзіне қарағанда, «түрмедегі қазіргі тыныштықты «дауыл алдындағы тыныштық» деуге болады.

– Менің бауырым сотталушыларға қазіргі уақытта қоқан-лоққы жасалып отырғанын хабарлады, – дейді Ринат Валеев Азаттық радиосының тілшісіне. – Түрме әкімшілі «тексерушілер қалай кетеді, солай әкелеріңді танытамыз» дейтін көрінеді.

Ринат Валеевтің сөзіне қарағанда, оның бауыры бас прокуратура мен түрлі құқық қорғау ұйымдарына сұрау салуды өтініп, өзінің өлер алдындағы қағазын да жазып қойғанын ескертіпті.

– Менің бауырымнан басқа тағы да бірнеше сотталушы әбден ашынғандары соншалық, ең шетін қадамға баруға, яғни өздерінің дене мүшелерін шауып тастауға дайын отыр, – дейді Ринат Валеев.

Ринат Валеевтің сөзіне қарағанда, түрмеде жазасын өтеп отырған жақындарымен кездескендердің барлығы естіген сөздерінен жандары түршігіп отырған көрінеді..

«СИМ-КАРТА БЕРЕСІҢ»

Құқық қорғаушы және бұрынғы саяси тұтқын, «Противодействие произволу» ұйымының жетекшісі Вадим Курамшиннің пікіріне қарағанда, УК 161/2 түрмесі баяғыдан-ақ тұтқындарды кез-келген жолмен аяусыз азаптайтын түрме екендігімен аты-шулы.

– Мұны өз басымнан да өткізген адаммын. 2001 жылы мені сол түрмеге әкелді, ол кезде жалпы режим болатын, – дейді Вадим Курамшин Азаттық радиосына. – Жаңадан келгендердің барлығын ұрып-соғып, тепкінің астына алды. Қазір сим-карта беруді талап ететін болса, бұрын сотталушыға туыстары әкелген ақшаны тартып алатын еді.

Вадим Курамшиннің наурыздың 17-сі күнгі сөзіне қарағанда, наурыздың 16-сына қараған күні «үш
Қазір сим-карта беруді талап ететін болса, бұрын сотталушыға туыстары әкелген ақшаны тартып алатын еді.
сотталушы өз қарындарын тіліп тастаған, ал бір сотталушының аяусыз ұрып-соғылған».

Қылмыстық-атқару жүйесі комиетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілі Самал Ғадылбекова Азаттық радиосына «колонияда ешқандай да басбұзарлықтар болып жатқан жоқ» деп хабарлады.

Вадим Курамшиннің айтуынша, УК 161/2 түрмесінен наурыздың 18-і күні екі адам босап шығуы тиіс. Ол екеудің бірі - «Қазақстандағы социалистік қарсыласу» оппозициялық ұйымының сайтында бейне үндеу жасаған Дмитрий Демьянов.

– Дмитрийге «сені 18 наурыз басталған сәтте, яғни түнгі сағат 12-ден 5 минут өтісімен түрмеден босатамыз да, тәртіптік-оперативтік жұмыстар жөніндегі түрме бастығының орынбасарының қарауындағы жігіттердің қолына табыстаймыз» депті. Айта кетерлік жайт, заң бойынша түрмеден тек күндізгі уақытта ғана бостандыққа шығарылады. Сондықтан таяуда Қостанайға барамын, өйткені Дмитрийдің өміріне қатер төне ме деп қауіптеніп отырмын, – дейді құқық қорғаушы Вадим Курамшин.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG