Accessibility links

Азаттықтың ең белсенді оқырмандары анықталды


Интернет клубта Азаттық веб сайтына қарап отырған жігіт. (Көрнекі сурет)

Интернет клубта Азаттық веб сайтына қарап отырған жігіт. (Көрнекі сурет)

Азаттық сайты ең белсенді оқырмандарға Абай қарасөздерінің жинағын тарту ететінін тамыздың 10-ы - Абайдың туған күні хабарлаған еді. Cыйлығымыздың иегерлерін жариялап отырмыз.

Абайдың қара сөздері жазылған дискілер форумға пікір жазған оқырмандар ішіндегі ең белсенді үш адамға, сол сияқты өзге оқырмандарға қатты ұнаған, яғни ең көп дауыс жинаған үш пікірдің иесіне, жиыны - алты адамға тарту етілетін болған.

Алайда тамыздың 10-ы күнгі нәтиже бойынша пікір жазған белсенді оқырмандарымыздың саны жеті адам болды. Ал жазылған пікірге дауыс беру нәтижесі бойынша бір комментарий иесі анықталды.
Азаттық радиосы шығарған «Абайдың қара сөздері» компакт-дискісі. Алматы, 10 тамыз 2012 жыл.

Азаттық радиосы шығарған «Абайдың қара сөздері» компакт-дискісі. Алматы, 10 тамыз 2012 жыл.


Абайдың туған күнінде сайтымыздағы мақалаларға ең көп пікір білдірген адам zheltocsan деген атпен тіркеліпті.

Белсенділігі жағынан екінші орында - Макпал Берикбай (форумға тіркелген есімі - ред.).

Одан кейін тең дәрежеде белсенділік көрсеткен оқырмандарымыз бес адам: Таке, Сырдан; Ауылдың қазағы; Хақназар хан; Рахымжан, Маңғыстау; Ф.Л.Урал.

Ал жазған пікірі оқырмандар қолдауына ие болған жалғыз адам - Маразым Крепшайытов, ЗаКО (форумға тіркелген есімі - ред.).

Azattyq.org сайты осындай атпен тіркелген сегіз оқырманға сыйлықтарын тапсыруға дайын, хабарласуларын сұраймыз.

Егер жеңімпаздарымыз Алматыда болса, сыйлықтарын Азаттықтың Қазақстандағы бюросынан алып кетулеріне болады.

Ал жеңімпаздарымыз Қазақстанның өзге аймақтарынан немесе шетелде тұратын болса, сыйлықты поштамен жіберетінімізді хабарлаймыз. Пошталық мекен-жайларыңызды KazakhOnline@rferl.org электронды адресіне жібере аласыздар.

Мекен-жай: Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 122-үй, 2-қабат, Азаттық радиосы.

Телефон: 8-727-2-61-08-29, 8-777-771-77-26.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG