Accessibility links

Кеден Одағын құрудан кім ұтты?


Беларусь рублін санап тұрған адам. Көрнекі сурет.
Беларусь рублін санап тұрған адам. Көрнекі сурет.
Кеден Одағы туралы кодекстің күшіне енгеніне екі жыл толды. Қазақстанның әріптес елдермен арадағы сауда балансы теріс нәтиже көрсетіп отыр.

«Алтын Алма» кондитерлік фабрикасының директоры Айман Хайруллина Азаттыққа берген сұхбатында өндірістің тұралап қалғанын айтты. «Тоң май, сары май, маргарин, гельдің бағасы 25-50 пайызға өсіп, шикізат қымбаттап кетті» деді кәсіпкер әйел. Оның айтуынша, шикізатты жеткізушілер бағаның қымбаттауын Кеден Одағының шарттарынан көреді.

"БЮРОКРАТИЯ КӨБЕЙДІ"

«Алтын Алма» фабрикасы шикізатты негізінен Германия мен Бельгиядан сатып алады. Ресейлік шикізаттың дәмдік сапасына жергілікті кондитерлердің көңілі толмайды, «ол температура ауытқуына төзімді емес» деді Айман Хайруллина. Оның үстіне сырттан әкелінетін шикізат Ресей арқылы жеткізілетіндіктен, бағасы да қымбат.

Фабрикада әлі күнге совет заманынан қалған ескі құрал-жабдықтар тұр. Ал жаңа жабдықтар Қазақстанда шығарылмайтындықтан, оларды шетелден, мысалы Италия мен Франциядан сатып алу керек. «Ресей арқылы жеткізілген құрал-жабдықтың бағасы шарықтап шыға келеді» дейді фабрика директоры.

Қазақстан нарығына шыққанына 14 жыл болған фармацевтикалық дистрибьютор
Кедендік бақылау аумағы. (Көрнекі сурет)
Кедендік бақылау аумағы. (Көрнекі сурет)
компания өкілі «Кеден Одағына кіргелі компания сырттан әкелетін өнім түрі көбейді, әрі бағасы өзгерген жоқ» дейді.

Өзінің аты-жөнін атауды жөн көрмеген дистрибьютор шенеуніктердің жайбасарлығына шағым айтты. Оның сөзіне қарағанда, компания қадағалаушы органдардың жұмысындағы тәртіптің жоқтығынан қиындықтарға тап болып отыр.

- Қаулы-қарар, бұйрықтарды әзірлеу тым ұзаққа созылады, қате толтырылады. Қол қоюды да ұзақ күтесің. Соның кесірінен бизнес ақсайды. Жағдай өткен аптадан бері одан сайын қиындап кетті. Сынамасын әлдеқашан тапсырып, тиісті талаптарды орындасақ та, әкелген тауарымызды сертификаттамай жатыр. Сертификаттау органынан да, фармбақылау мекемесінен де, кеден комитетінен де жауап жоқ. Тауарымызды сатамыз ба, жоқ па, білмейміз. Егер сата алмасақ, оны кері жөнелтуге тура келеді, тағы шығынға батамыз, - дейді дистрибьюторлық фармацевт компаниясының өкілі.

Оның тауары Ресейден жеткізіліпті. Кәсіпкер Кеден Одағына кіргелі ішкі кеден постарын алып тастағанымен, басқа қадағалаушы мекемелер бар екенін айтты. Мысалы, ескі әдіспен жұмыс істейтін «Роспотребнадзор» сияқты мекеме тауар айналымын кідіртеді.

ЭКСПОРТ-ИМПОРТ

Осыдан екі жыл бұрын кеден одағы құрылған кезде Беларусь, Қазақстан және Ресей басшылары бұл қадамның экономикалық пайдасы жайында зор сеніммен айтып еді. Бірыңғай кедендік тарифтерді енгізу, баж салығы мен экономикалық шектеулерді алып тастау арқылы Ресей, Беларусь және Қазақстанның ішкі жалпы өнімін 2015 жылға қарай 15 пайызға жуық арттыруға болады деп болжанған.

Мамандар тіпті «Ресей 400 миллиард доллар, Беларусь пен Қазақстан 16 миллиард доллар көлемінде пайда көреді» деп, ықтимал пайданы да есептеп қойған. 2010 жылдың аяғындағы осы елдердің әрқайсысының халық санын ескере отырып, ресейлік әр тұрғынға шаққанда 2787,2 доллар, әр белорусқа -1687,5 доллар, әр қазақстандыққа 973,1 доллар көлемінде пайда түседі деген болжам жасалды.

Кеден Одағына мүше елдердің сыртқы сауда айналымы қазір қандай күйде? Бұл елдердегі экспорт-импорт деңгейін Қазақстаннның статистика жөніндегі агенттігінің соңғы төрт жарым жылдағы деректері бойынша қарасытып көрелік.

Кеден Одағы елдеріне Қазақстаннан тауар экспорттау
(миллион АҚШ доллары есебімен)

Елдер 2008 жыл 2009 2010 2011
2012 жылдың
6 айы
Беларусь 170,8 54,7 336,9 104,7 42,4
Ресей 6228,1 3547,0 5714,9 7668,1 3222,6

Қазақстанға Кеден Одағы елдерінен тауар импорттау
(миллион АҚШ доллары есебімен)

Елдер 2008 жыл 2009 2010 2011
2012 жылдың
6 айы
Беларусь 396,2 367,1 528,2 624,7 229,4
Ресей 13765,6 8896,5 12258,9 16 185,4 7,687,3

Көріп отырғанымыздай, Қазақстанның Кеден Одағына мүше екі елмен арадағы сауда балансы бірнеше есе теріс нәтиже көрсетті. 2011 жылы Қазақстанның Беларуське экспорттаған тауар көлемі жалпы экспорт көлемінің 0,1 пайызын, Ресейге жібергені 8,7 пайызды құрады.

Беларусь импортының үлесі жалпы импорт көлемінің 1,7 пайызын құраса, ресейлік импорт 42,7 пайыз болды.

КІМ ҰТТЫ?

Статистика көрсеткендей, Кеден Одағына мүше елдер бір-бірінн негізінен шикізат саудалайды. Өткен жылы сауда айналымының 55 пайызын шикізат сату құраған. Айналымның қалған бөлігі қосымша құны - жоғары тауарлардың үлесінде.

Кеден Одағына мүше үш елдің ішінде тек Беларусь экспортында ғана көлік және
Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 20 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 20 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
азық-түлік түріндегі қосымша құны жоғары тауарлар басым. Беларусь экономикасы Кеден Одағының ішкі нарығына анағұрлым бейімделген болып шықты. 2012 жылдың бірінші тоқсанында Беларусьтің әріптес елдерге шығарған экспортының үлесі 32,4 пайыз, Ресей мен Қазақстандыкі 8,3 пайыз болды.

Беларусьтің ұлттық статистика комитетінің деректері бойынша, Қазақстанмен арадағы сыртқы сауда сальдосы 2011 жылдың алғашқы жартысындағы 227,1 миллион доллардан 2012 жылдың бірінші жартысында 356,2 миллион долларға дейін артқан.

Беларусьтен Қазақстанға ауыл шаруашылық техникасы, тракторлар мен тіркемелер, жүк көліктері, доңғалақтар, жихаз (оның ішінде медициналық жихаз), қант, сүт, кілегей (қоюлатылған және құрғақ), сиыр еті, дәрі-дәрмек, мұнай өнімдері әкелінеді.

ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫ ОДАҚ ТУРАЛЫ ИДЕЯ

Кеден Одағы елдері бірыңғай кедендік аумаққа кірмей тұрып 11 мыңнан аса тауардың тарифін белгілеп қойған. Оның 90 пайызының негізіне Ресейдегі баж салығы алынған болатын. Яғни, Беларусь пен Қазақстан өз экономикасын Ресей тарифтеріне қарай икемдеді.
Беларусь пен Қазақстан экономикасы өзінен әлдірек әріптесінің ығына жығылып, Ресейдің қадамын қайталайды.

Ресейдің экономикалық әлеуеті Беларусь пен Қазақстанға қарағанда күштірек екені түсінікті. Сондықтан Ресей екі елді өз шарттарына көндірері сөзсіз. Беларусь пен Қазақстан экономикасы өзінен әлдірек әріптесінің ығына жығылып, Ресейдің қадамын қайталайды.

Осы екі жыл ішінде бұл елдер ішкі сауда кедергілерін алып тастап, сыртқы әлемнен шеттеп қалды. Сарапшылардың пікірінше, Кеден Одағындағы тарифтік реттеу қосымша құны жоғары тауарларды басқа елдерге экспорттаушыларға айтарлықтай әсер еткен жоқ.

Қазақстанның Кеден Одағы ішіндегі сыртқы сауда айналымы бойынша көрсеткіштері сыртқы тарифті енгізуден келген зиянды ұйым ішіндегі экспорттың өсуі жаба алмайтынын байқатады. Үш елдің ішіндегі интеграция туралы әңгіме сөз жүзінде ғана қалды. Бұл жағдайда көршісіне кім өз өнімін көбірек өтікізсе, сол ұтады.

Оның үстіне, Ресей тарифтен тыс кедергілерді де, яғни, кедендік-тарифтік саясат аясынан тыс және сыртқы сауданы реттеу құралы ретінде пайдаланылатын экономикалық және әкімшілік шараларды тиімді қолданады. Мысалы, ресейліктердің өмірі немесе денсаулығына қауіпті деген сылтаумен «Роспотребсоюз» кез-келген тауарды әкелуге тыйым сала алады.

(Редакциядан: мақаланы әзірлеуге Азаттық тілшісі Мәншүк Асаутай қатысты)
XS
SM
MD
LG