Accessibility links

Жаңаөзенде оқ атқызған «орынбасар болып шықты»


Төтенше жағдай тәртібіне сәйкес полицей қала тұрғынын тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Төтенше жағдай тәртібіне сәйкес полицей қала тұрғынын тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев қаңтардың 25-і күні мемлекеттік телеарна арқылы Жаңаөзен оқиғасы туралы мәлімдеме таратты. Ол мәлімдемеде «оқиғаға кінәлі» деген бірнеше адамның, тергеуден кейін қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтің қазасына айыпты ретінде түрме бастығының аты-жөндері аталды.


Бас прокурор әуелі 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында «Өзенмұнайгаз» мұнай өндіретін кәсіпорнының бұрынғы (жұмыстан босатылған) жұмысшылары бұзақы жастардың қолдауымен қирату, тонау, өртеу және бейбіт тұрғындар мен полиция қызметкерлеріне күш қолданумен ұштасқан жаппай тәртіпсіздіктер жасағанын» айтты.

«125 ОБЬЕКТ» ЖӘНЕ ЖАРАЛЫ 64 АДАМ, ҚАЗА БОЛҒАН 14 АДАМ

Бас прокурордың дерегінше, «125 объект өртеліп, бұзылып, тоналған. Олардың ішінде Жаңаөзен қаласы мен Теңге кенті әкімдіктерінің, Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың ғимараттары, полиция бекеттері, «Өзенмұнайгаз» компаниясының Полиция жасағы. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Полиция жасағы. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

офисі, «Аруана» қонақ үйі, «Сулпак», «Атлант» және «Шолпан» сауда орталықтары, 5 банк мекемесі, 9 банкомат, 21 автокөлік, тұрғын үйлер, сондай-ақ көптеген кіші және орта бизнес объектілері бар».

Асхат Дауылбаевтың айтуына қарағанда, оқиға орнына барған полиция жасағы «атыс қаруын және суық қаруды, тас, таяқ және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді қолданған топтың шабуылына тап болды».

– Орын алған жағдайда полиция жасағы бірнеше рет алдын-ала ескертіп оқ атқаннан кейін тәртіпсіздіктердің белсенді қатысушыларына табельдік қару қолданған. Қақтығыстардың нәтижесінде 64 адам атыс қаруынан жарақат алып, 14 адам қаза болды. Бұдан басқа екі адамның өлімі жаппай тәртіпсіздіктермен байланысты емес. 35 полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарын алған, – дейді бас прокурор.

«ТӘРТІПСІЗДІКТІ» «ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР»

Оның мәлімдеуінше, «қазіргі кезде жаппай тәртіпсіздіктердің 6 ұйымдастырушысы – Сақтағанов, Жарылғасынов, Ермуханов, Досмағамбетов, Өткелов және Төлетаева анықталып, оларға қылмыстық кодекстің 241-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып, қамауға алынды».

– Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктердің 23 белсенді қатысушысы және бүліншілік пен тонаушылық жасаған 11 адам анықталып, қамауға алынған. Олардың басым бөлігі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғанын және қатысқандарын растады, – дейді Асхат Дауылбаев.

Оның айтуына қарағанда, «жаппай тәртіпсіздіктердің басқа да ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және іздеу шаралары жалғасуда».

Бас прокурор желтоқсанның 17-сі күні Шетпе станциясында болған наразылық Желтоқсанның 17-і Шетпедегі толқу кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Төребек Төлегеновтың суреті.

Желтоқсанның 17-і Шетпедегі толқу кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Төребек Төлегеновтың суреті.

оқиғасын да сөз етті. Ол Шетпеде 11 адамды жаралап, 1 адамды мерт еткен полицияның қару қолданғаны «заңды болғанын» айтады.

Шетпедегі оқиғаға байланысты «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен билік өкілдеріне қарсы күш қолданғандары үшін» 3 адам – Бахытжан, Сабырбаев және Жылқышиев қылмыстық жауапкершілікке, тағы 12 адам «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, билік өкілдеріне қарсы күш қолдану және көлік құралдары және қатынас жолдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке» тартылған.

«АЙЫПТЫ» ПОЛИЦЕЙЛЕР – ЕКІ ОРЫНБАСАР, БІР БӨЛІМ БАСТЫҒЫ, БІР ЖЕДЕЛ УӘКІЛ

Бас прокурор полицейлердің «бейбіт тұрғындар мен өздерінің өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп-қатер төну жағдайында негізінен заңды әрекет еткенін» айта келе:

– Алайда кейбір жағдайларда полиция қызметкерлері тарапынан қару-жарақ пен Жаңаөзен тұрғыны оқты көрсетіп тұр. 19 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзен тұрғыны оқты көрсетіп тұр. 19 желтоқсан 2011 жыл.

арнайы құралдар лайықсыз қолданылған, шабуыл жасаушылардың әрекеттеріне реакция туындаған қауіп-қатерге сәйкес болмаған. Соның салдарынан олар өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, қаруды құқыққа қайшы қолданған, ол адам өлімдері мен жарақаттарына әкеп соққан, – дейді.

Оның айтуына қарағанда, «бағынышты қызметкерлердің заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған шаралар қолданбай, қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін полицияның жиынтық жасағын басқарған Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Утегалиев қылмыстық жауапкершілікке тартылған».

Ал Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес бөлімінің бастығы Бағдабаев, Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бақытқалиұлы, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жедел уәкілі Жолдыбаев «адамдардың өліміне әкеп соққан қару-жарақты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып қолданғаны үшін» қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бас прокурордың мәлімдемесінде заңсыз ұсталып, тергеуде көрген соққысынан Тергеуде көрген соққысынан қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың жейдесі. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Тергеуде көрген соққысынан қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың жейдесі. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

қайтыс болған Базарбай Кенжебаев жайлы да айтылады.

– Кенжебаевты абақтыда заңсыз ұстауға жол бергені және оның дер кезінде ауруханаға жатқызылуын қамтамасыз етпегені үшін Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысының бастығы Теміров қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Сонымен қатар, қаза болғанды ұрып-соғуға кінәлі тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралар қабылдануда, – деді ол.

«ҰРЫ» БАСШЫЛАР

Бас прокурор Асхат Дауылбаев «жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқан мұнайшылардың ұзақ ереуіліне және әлеуметтік шиеленістің үдеуіне жергілікті атқарушы органдар мен мұнай кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері ықпал еткенін» айтады. Олар қала тұрғындарының мүдделеріне қарамастан, бірнеше жылдар бойы жергілікті халық пен мұнай-газ саласындағы жұмысшыларды әлеуметтік-экономикалық қолдауға бөлінген қаражатты ұрлаған» дейді бас прокурор.

– Тергеу мәліметтері бойынша қаражатты ұрлауды Жаңаөзен қаласының бұрынғы Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. ("Новая газета" тілшісі Елена Костюченко түсірген сурет)

Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. ("Новая газета" тілшісі Елена Костюченко түсірген сурет)

және қазіргі әкімдері Бабаханов және Сарбөпеев «Жанашыр» және «Жарылқау» қоғамдық қорлары арқылы жүзеге асырған. Аталған қорларда «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» акционерлік қоғамының қала тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған демеушілік көмегінен түскен қаражат шоғырланған. Ақшаның басым бөлігі кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырылып, иемделген, – дейді Асхат Дауылбаев.

Үстерінен іс қозғалып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың қатарында «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» акционерлік қоғамы мен «Компания Мұнай Экология» серіктестігінің басшылары Мирошников пен Баймұхамбетов («335 миллион теңге ұрлаған»), «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының бұрынғы директоры Ешманов пен оның орынбасары Марқабаев («127 миллион теңге қаражат ұрлаған») бар.

«ӘЛЕУМЕТТІК АРАЗДЫҚТЫ ҚОЗДЫРУШЫЛАР»

Бас прокурордың айтуынша, «жекелеген тұлғалардың жұмыстан босатылған жұмысшыларды наразылық акцияларын жалғастыруға және билікке қатаң қарсы тұруға бейімдеу жөніндегі белсенді әрекеттері – жаппай тәртіпсіздіктердің себептерінің бірі».

– Сараптама олар таратқан үгіт материалдардың мазмұнында әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар екендігін анықтады. Бұл факті бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодекстің 164-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғап, тергеуде. Тергеу шеңберінде әлеуметтік араздықты қоздыруға қатысты бар деген күдікпен «Алға» және «Халық майданы» тіркелмеген қоғамдық бірлестіктерінің басшылары мен белсенді мүшелері Козлов, Амирова және Сапарғали ұсталды, – деді Асхат Дауылбаев.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG